«Экстремальды психологияны оқытудың негіздері» пәні бойынша дәрістер


- дәріс Психологтың экстремалды жағдайдың ошағындағы қызметі



бет5/18
Дата21.04.2023
өлшемі107,55 Kb.
#85299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
«Экстремальды психологияны о ытуды негіздері» п ні бойынша д рі

5- дәріс


Психологтың экстремалды жағдайдың ошағындағы қызметі

Елімізде соңғы жылдары экстремалды жағдайлар (техногендік және табиғи апаттар, ұлтаралық қақтығыстар) санының күрт өсуі ондай жағдайлардың құрбандарына жедел психологиялық көмек көрсетуге қабілетті мамандарды даярлау қажеттігін міндеттейді. Экстремалды жағдайларда тұрғындарға жедел психологиялық көмек көрсету проблемаларының маңыздылығына қарамастан аталмыш міндеттер қазіргі таңда психолог үшін әлі де таңсық.


Жарақаттан кейінгі бұзылыс теориясының шеңберінде және 80 жж.соңында пайда болған кризистік психологияның негізінде «психологиялық жарақат» ұғымы қалыптасты. Адамның тіршілігіне қауіпті деп қабылданатын, оның қалыпты тіршілік әрекетіне зақым келтіретін оқиға жарақаттаушы жағдай ретінде яғни түп тамыры ерекше күйзеліске айналады (Черепанова).
Психологиялық жарақаттың негізгі мазмұны өмірдің нақты тәртіпке сай ұйымдастырылып, бақыланатынына деген сенімнің жоғалуында.
Жарақат уақыттың қабылдануына әсер ететіндіктен, оның ықпалынан адамның өткенге, осы шаққа, болашаққа деген көзқарасының өзгеруіне әкеледі. Күйзелген сезімдердің қарқындылығы бойынша жарақаттық стресс тұтастай өткен өмірге тең болады. Сол себептен ол өмірдің ең маңызды оқиғасы ретінде қабылданып, жарақаттық оқиға дейінгі және одан кейінгінің, сондай-ақ болашақтағы жағдайлардың арасындағы өлшемге айналады.
Егер бұрында экстремалды жағдайлардың салдары ретінде өлімдердің, аурулар мен жарақаттардың саны алаңдатушылық тудырса, қазіргі таңда мамандар назары тұрғындардың психологиялық - әлеуметтік және рухани денсаулығына бағытталуда. Психологиялық жарақат алған адамдардың 80 пайызы қалыпты қызмет етсе, қалған 20 пайызында біршама уақыттан кейін (2-6 айдан соң) тіршілігінің аффектілі, психологиялық-әлеуметтік, кәсіби, психологиялық-соматикалық аумақтарының бірінде қайсыбір қиындықтар туындай бастайды (Пергаменщик және т.б).
Жарақатқа уақыты бойынша неғұрлым дер кезінде көрсетілген психотерапевтік көмек көптеген жағымсыз салдарды және процестің созылмалы формаға ауысуына жол бермеуі мүмкін. Зерттеушілердің бақылаулары бойынша адамдардың әдейі ойластырылған әрекеттерінен туындайтын апаттар психикалық күйге анағұрлым ауыр зақым келтіреді. Жағдайлардың кездейсоқ қалыптасуынан немесе күтпеген жерден пайда болған техногендік апаттар аса ауыр кешірілмейді, бірақ дегенмен табиғи катаклизмдерден ауырырақ күйзеледі.
Экстремалды жағдайларда психологиялық көмек көрсету процедурасының және психодиагностикасы мен психотехникасының өзіне тән ерекшеліктері бар (Сухов, Деркач).
Атап айтқанда экстремалды жағдайлардағы психодиагнстиканың өзіндік ерекшеліктері бар. Экстремалды жағдайларда уақыттың тапшылығынан стандартты диагностикалық процедураларды пайдалану мүмкін болмайды. Әрекеттер, оның ішінде практикалық психологтың әдіс-тәсілдері төтенше жағдайларға орай құрастырылған жоспармен анықталады.
Көптеген экстремалды жағдайлар психологиялық ықпалдың үйреншікті әдістері де қолайсыз болады: бір жағдайда адамға арқау болып қолдау қажет болса, екінші бір жағдайда - өсек-аяң мен байбаламның орын алуына жол бермеу қажет; үшінші жағдайда – келіссөздер жүргізу қажет болуы мүмкін.
Экстремалды жағдайлардың әсерінен психологиялық жарақатты кешіргендерге көмек көрсетудің н е г і з г і қ а ғ и д а л а р ы төмендегідей:

  • кідірусіздік (шапшаң ықпал ету),

  • оқиғалар орнына жуықтық;

  • қалыпты күйдің қалпына келетініне үміттену;

  • психологиялық ықпалдың біртұтастылығы мен қарапайымдылығы.

Кідірусіздік дегеніміз зардап шегушіге көмектің барынша жылдам көрсетілуін білдіреді: жарақат мезетінен неғұрлым көп уақыт өтетін болса, созылмалы бұзылыстарды, соның ішінде жарақаттан кейінгі стрестік бұзылыстың пайда болу ықтималдылығы да соғұрлым жоғары болады.
Оқиғалар орнына жуықтық қағидасының мәні үйреншікті жағдайда және әлеумттік ортада көмек көрсетуде, сондай-ақ «госпитализмнің» теріс салдарын азайтуда.
Қалыпты күйдің қалпына келетініне үміттену қағидасы бойынша стрестік жағдайды кешірген адамды пациент ретнде емес қалыпты адам ретінде қабылдау қажет. Қалыпты күйдің тез арада қалпына келетініне сенімді қалыптастырып, қолдау қажет.
Психологиялық ықпалдың біртұтастылығы мен қарапайымдылығы – зардап шегушіні жарақаттың бастауынан алып кетіп, оған қорек, демалыс, қауіпсіз орта мен шерін тарқату мүмкіндігіне ықпал ету.
Жалпы алғанда шұғыл психологиялық көмек көрсету қызметі төмендегідей н е г і з г і қ ы з м е т т е р д і а т қ а р а д ы:

  • практикалық: тұрғындарға тікелей жедел психологиялық және (қажет болса) дәрігерлікке дейінгі медициналық көмек көрсету;

  • координациялық: арнайы мамандандырылған психологиялық қызмет орындарымен байланыстар мен өзара әрекеттестіктерді қамтамасыз ету.

Э к с т р е м а л д ы ж а ғ д а й л а р д а ғ ы п с и х о л о г ж ұ м ы с ы н ы ң ж а ғ д а й ы әдеттегі терапевтік жағдайдан ең аз дегенде төмендегідей мезеттерімен ерекшеленеді (Ловелле, Малимонова):

  • Топтармен жұмыс жасау. Көбінде құрбандар топтарымен жұмыс жасау қажет болады әрі ол топтар психотерапевтік процестік мұқтаждығынан психологпен (психотерапевтпен) жасанды түрде емес, өмірдің ағымынан апаттың қайғылы жағдайының әсерінен туындаған.

  • Пациенттер жиі шиеленіскен аффективті күйде болады. Кейде үйреншікті психотерапевтік жағдайға аса тән емес құрбандар әлі де болса жарақаттық жағдайдың әсерінен шықпайтын жағдайларда жұмыс жасауға тура келеді.

  • Көптеген құрбандардың әлеуметтік мәртебесі мен білімдерінің деңгейі төмен болуы мүмкін. Құрбандардың арасынан әлеуметтік мәртебесі мен білімдерінің деңгейі бойынша өмірлерінде ешқашан психотерапевтің кабинетіне тап болмайтындары да кездеседі.

  • Құрбандардағы психопатияның әртектілігі. Зорлық-зомбылық құрбандары жарақаттық стресстен басқа невроздардан, психоздардан, мінез-құлықтарының бұзылыстарынан зардап шегеді, сонымен бірге құрбандармен жұмыс жасайтын мамандар үшін аса маңызды болып табылатын апаттың өзінен немесе өзге де жарақаттаушы жағдайдан туындайтын проблемаларды бірқатарымен анықталады. Олар тіршілік ету жағдайларының, жұмыстың болмауы немесе т.б.

  • Дерлік барлық пациенттерде жақындарынан айырылу сезімінің кездесуі, өйткені құрбандар жиі туыстарынан, достарынан, тіршіліктерінің сүйікті орындарынан, жұмыстарынан айырылып жатады. Соның салдарынан жарақаттаушы стресс көрінісіне, атап айтқанда аталмыш синдромның депрессивті құраушысына өзгерістер енгізіледі.

  • Жарақаттан кейінгі психопатологияның невротикалық патологиядан айырмашылығы. Жарақаттық стрестің психопатологиялық механизмдерінің невроздың патологиялық механизмдерінен түбегейлі ерекшелінеді деп тұжырымдауға болады. Осылайша, «таза күйінде» жарақаттық стресс орын алған және шығу тегі бойынша сыртқы және ішкі басқа да патогендік факторлармен күрделі түрде айқасқан жарақаттық стресс орын алған жағдайларды қамтитын құрбандармен жұмыс жасаудың амал-тәсілдерін қалыптастыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет