Экстремалды жағдайда адамда төмендегідей симптомдар көрініс беруі мүмкін (Крюкова және басқалар):
сандырақ;
галлюцинациялар;
апатия;
мелшиіп қатып қалу;
қозғалыстың қозуы;
агрессия;
қорқыныш;
истерика;
мазасыз діріл;
жылау.
Мұндай жағдайдағы психологтың көмегі ең алдымен жүйкенің «босаңсуына» жағдай жасауда.
С а н д ы р а қ ж ә н е г а л л ю ц и н а ц и я л а р. Сындарлы жағдай адамда қуатты стрестің туындауына, жоғары жүйке қысымының орын алуына себепкер болып, ағзаның тепе-теңдігіне зиян келтіреді, тұтастай организмге теріс әсер береді.
А п а т и я ұзақ мерзімді қысымға толы, бірақ сәтсіз жұмыс барысында немесе адам күрделі сәтсіздікке душар болып, іс-әрекетінің мәнін жоғалтатын жағдайда, не болмаса ешкімді құтқаруға мүмкіндік болмай, бақытсыздыққа душар болған жақын адам опат болғанда пайда болуы мүмкін.
Апатияның негізгі белгілері:
айналадағыларға деген парықсыздық;
солғындық, әлсіздік;
баяу, ұзақ кідірспен сөйлеу.
С т у п о р. Ступор – организмнің ең қуатты қорғаныс механизмдерінің бірі болып табылады. Ол адам тіршілігі үшін жұмсаған зор қуатының сарп етілуінен қоршаған әлеммен қатынасуға жағдайы келмейтін аса күшті жүйке қайғыдан (жарылыс, шабуыл, қатаң зорлық) кейін орын алады.
Ступордың негізгі белгілері:
ерікті қозғалыс пен сөйлеу-тілінің күрт төмендеуі немесе мүлде болмауы;
нақты бір қалыпта «мелшиіп қатып қалу», толық қозғалыссыздық күйі;
бұлшық еттердің нақты бір тобының қысымы туындауы мүмкін.
Ұзақ мерзімді қозу. Апатты жағдайдың әсерінен туындаған күйзелістің қуатты болатыны соншалықты адам айналасында болып жатқан жәйттен мүлде хабарсыз қалады. Ол жауларының, не достарының, көмектесуші адамдар мен зиян келтірушілерді айыра алатын жағдайда болмайды. Адам қисынды ойлауға, шешім қабылдауға қабілетсіз болып, торға қамалған хайуан іспеттес күй кешеді.
А г р е с с и я. Агрессивті мінез-құлық – адам организмінің жоғары ішкі қысымды төмендетуге тырысқан ерікті тәсілдерінің бірі. Ашудың немесе агрессияның көрінісі біршама ұзақ уақытқа созылып, зардап шеккен адамның өзіне не өзгелерге зиян келтіруі мүмкін.
Агрессияның негізгі белгілері:
ыза, наразылық, ашу (кез келген, тіптен мәнсіз себептен);
Қ о р қ ы н ы ш. Бала қорқынышты түс көргендіктен түнде шошып, жылап оянады. Төсектің астында тіршілік ететін құбыжықтардан қорқады. Бір кездері жол көлік апатына ұшыраған ер адам ешқашан рульге отыра алмауы мүмкін. Жер сілкінісін кешірген адам өзінің аман қалған пәтеріне кіруден бас тартады. Ал зорлық-зомбылыққа душар болған адам подъезіне кіруден қорқады. Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығы қорқыныштың көріністері болып табылады.
Қорқыныштың негізгі белгілері:
бұлшық еттердің қысымы (әсіресе бет әлпетінің);
жүрек соғысының жиілеуі;
дем алыстың жиілеуі;
мінез-құлқын қадағалай аламаушылық..
М а з а с ы з д і р і л. Экстремалды жағдайдан кейін бақыланбайтын мазасыз діріл пайда болады (адам өз еркімен ол реакцияны доғара алмайды). Осылайшы организм қысымды бәсеңдетеді.
Ж ы л а у. Адам жылағанда оның организмінің ішінде тыныштандырушы заттар бөліне бастайды. Ондай сәттерде адамның жанында қайғысын бөлісетін жақынының болғаны жақсы.
Аталмыш күйдің негізгі белгілері: