Әктас жене карбонаттар Әктас пен карбонаттардың табиғатта таралуы



бет6/13
Дата06.01.2022
өлшемі213,98 Kb.
#15508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Әктас және карбонаттар

Уақытша және тұрақты кермектік

Суда кальций және магний гидрокарбонаттарының болуынан уақытша (немесе карбонаттық) кермектік пайда болады. Суды қайнатқанда гидрокарбонаттар ыдырап, уақытша кермектік жойылады:

Са(НСО3)2(ер) → СаСО3(қ) + СО2(г) + Н2О(с)

Mg(НСО3)2(ер)= MgСО3(қ)+ СО2(г) + Н2О(с)

Гидрокарбонаттарды термиялық ыдыратқанда суда ерімейтін карбонаттар, көмірқышқыл газы және су түзіледі. Тұнбаға түсетін карбонаттар суды қыздыратын немесе суытатын құралдардың қабырғаларында қақ ретінде жиналады. Қақ жылуды жаман өткізеді, сондықтан моторлар қызып кетуі мүмкін. Сонымен қатар, олардың тозуын тездетеді.

Қақтың әсерінен су құбырларының диаметрі 2-3 есе кішірейеді. Қақ қабатында жарық пайда болса, ыстық су құбырлардың қабырғасына жетеді. Егер бұл қыста болса, температураның бірден төмендеуінен құбыр жарылуы мүмкін.

Уақытша кермектілікті тек қана қайнату арқылы емес, сонымен қатар әк суын қосу арқылы кетіруге болады:

Са(НСО3)2(ер) + Са(ОН)2(ер) → 2СаСО3(қ) + 2Н2О(с)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет