Әктас жене карбонаттар Әктас пен карбонаттардың табиғатта таралуы


Кальцийдың маңызды қосылыстары және олардың техникадағы рөлі



бет8/13
Дата06.01.2022
өлшемі213,98 Kb.
#15508
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Кальцийдың маңызды қосылыстары және олардың техникадағы рөлі

10.2.1.17 адамзаттың әктасты мыңдаған жылдар бойы өндіріп келе жатқандығын білу;

10.2.1.18 «сөндірілмеген әктің» «сөндірілген әкке» айналуын сипаттау;

10.2.1.19 әктас пен карбонаттардың қолданылуы олардың қандай химиялық қасиеттеріне негізделгендігін білу және түсіну;

Кальций оксиді, СаО – ақ түсті, қиын балқитын зат. Техникада СаО сөндірілмеген әк деп атайды. Оны жоғары температурада (шамамен 1000оС-та) әктасты қыздырып алады:

СаСО3(қ) CaO(қ) + CO2(г)

Кальций оксиді – типтік негіздік оксид, сондықтан оны қышқыл топырақты бейтараптауға қолданады. Оны сумен араластырып, пайда болған суспензияны топыраққа шашады. Кальций оксидінің сумен әрекеттесуінің нәтижесінде түзілетін кальций гидроксиді топырақты қышқыл ететін заттарды бейтараптандырады. Бір гектар жерді бейтараптандыру үшін 1-ден 6 тоннаға дейін кальций оксиді қажет.

Сөндірілмеген әк – әктасты ерітінді мен бетонның белгілі құраушысы, сонымен қатар ол сөндірілген әкті алу үшін қолданылатын маңызды материал.

Кальций гидроксиді, Са(ОН)2суда аз ериді, оның қаныққан ерітіндісі зертханада әк суы деген атпен кеңінен қолданады. Кальций гидроксидін кальций оксидіне су қосып алады:

СаО + Н2О → Са(ОН)2 + 70 кДж

Бұл реакция өте шабытты жүреді, су қайнап, тіпті оның біраз бөлігі буға айналады. Нәтижесінде сөндірімеген әктен сөндірілген әк деп аталатын калций гидроксиді түзіледі.

Сөндірілген әк құрылыста кеңінен қолданылады. Әк сүті үйдің ішін немесе сыртын әктеу үшін, әк суының құммен және сумен қоспасы кірпіш қалауда және сылақта байланыстырушы зат ретінде қолданылады. Үйдің сыртын кальций гидроксидімен ақтағанда, ол ауадағы көмірқышқыл газымен әрекеттесуінің салдарынан кальций карбонаты түзілгендіктеп, біртіндеп қатады:

Са(ОН)2 + СО2 → СаСО3 + Н2О

Әк суының құммен қоспасын египеттіктер байланыстырушы материал ретінде бұдан 4000 жыл бұрын қолдана бастаған.

Әк суы сонымен қатар келесі салаларда қолданылады:


  • судың уақытша кермектігін жою үшін;

  • ағартқыш ерітінді – хлорлы ісбесті алуға;

  • қышқылды топырақты бейтараптауға араналған тыңайтқыштар алуға;

  • былғары илеуде;

  • басқа кальций қосылыстарын өндіруде, қышқыл ерітінділерді (соның ішінде өндіріс ағынды суларын) бейтараптандыруға;

  • тамақ өнеркәсібінде E526 тағамдық қоспа ретінде тіркелген;

  • стоматологияда - тістің арналарын дезинфекциялауда және т.б;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет