10. Тіл қандай қоғамға қызмет етеді ?
Тілдің екінші ең басты қызметі - когнитивтік, танымдық, гносеологиялық, экспрессивті-эмоционалдық қызмет. Тілдің экспрессивті-эмоционалдық қызметі деп - адамның сол затқа, ұғымға деген өзіндік (субъективті) қатынасын, эмоциясын, яғни не жақсы көру, не жек көру сезімін айтамыз. Мысалы: алақай, масқара, қап, айналайын т.б. Тілдің эмоционалдық кызметі, әсіресе поэтикалық, көркем әдеби шығармашылық салаларда орын алады.
Тілдің келесі қызметі - ол ойлаудың, ойды жарыққа шығарудың кұралы. Адамның ойы тіл (сөйлемдер) арқылы белгілі болады. Демек, ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты.
Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді. Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. «Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы» (К. Маркс). Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниеніңп заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас мүмкін болмаған болар еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сәулеленетін объективті дүниенің элементерінің сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі, ал осы нәтижелердің өзі ары қарай танып білуге негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы, инструменті ретінде, ал тіл мен ойлаудың байланысы бірлік ретінде сипатталады.
Тілдің бұл екі қызметтерінен басқа, тағы бір қызметі бар. Ол - оның атауыштық (номинативтік) қызметі. Яғни тіліміздегі әрбір сөз, сөз тіркесі - белгілі бір заттың, ұғымның, қимылдың, сынның аты, атауы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |