32. Грамматикалық мағыналардың қандай түрлерін білесің?
Грамматикалық мағына сөйлемдегі сөзде, әдетте, бірнешеу болады. Екіншіден, грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздің әр түрлі грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуінен де туады, көрінеді. Үшіншіден, грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздердің басқа сөздермен әр қилы қарым-қатынасынан да пайда болады. Бұлардың барлығы грамматикалық мағына деп танылғанымен, олардың әрқайсысының мәні, сипаты, грамматикалық категория ұғымына қатысты, сөздің белгілі топтарға бөлініп, олардың грамматикалық сипатын айқыындаудағы рөлі бірдей емес. Сондықтан да грамматикалық мағына атаулыны жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына және қатыстық грамматикалық мағына деп үш түрге бөлуге болады. Грамматикалық мағынаның түрлері оның берілу жолдарына байланысты және соған сай олардың (грамматикалық мағыналардың) грамматикалық немесе лексика-грамматикалық (семантикалық), қызметтік (функциялық) т.б. сипаттары айқындалады.