Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті


Сөз таптарына қатысты айтылғандарды жинақтай келгенде,мынандай қорытындылар жасауға болады



бет41/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Байланысты:
ТБК емтихан жауаптары (копия)

Сөз таптарына қатысты айтылғандарды жинақтай келгенде,мынандай қорытындылар жасауға болады.

Жеке, нақтылы тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөз таптарын айқындап классификация жасауда жеке, нақтылы тілдің немесе тілдер тобының грамматикалық басты ерекшеліктерін есепке ала отырып, сөз таптарының жалпы теориясына сүйену өте-мөте қажет.

Сөз таптары – сөздердің лексика-грамматикалық категориясы (топтары) . Олар бір-бірінен жалпы категорияльдық мағынасы мен грамматикалық белгілері жағынан ажыратылады.

Сөздердің топтары сөз таптары ретінде қаралғанда, ең алдымен, олардың білдіретін мағыналары, атап айтқанда, заттылық мағына, атрибутивтік мағына,процессуальдық мағына және т.б. түрдегі мағыналар негізге алынады. Сөз лексикалық құбылыс қана емес, мұнымен бірге грамматикалық құбылыс ретінде де танылады. Осыған орай, сөздерді сөз таптарына классификация жасауда олардың грамматикалық белгілері де негізге алынуы тиіс.

Сөз таптарының морфологиялық белгісінің мазмұнына сөз тудыру формалары мен сөз түрлендіру формалары енеді. Сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән сөз тудырушы арнайы аффикстері болады да, сөз таптары бір-бірінен сөз тудырушы аффикстер арқылы ажыратыла алады. Сөз түрлендіру жүйесі грамматикалық категориялармен ұштасады, жекелік-көптік,септік,тек (род) , шақ, жақ, рай, етіс деп аталатын грамматикалық категориялардың бірі зат есімдерге немесе есімдерге, екіншілері етістіктерге телініп, сөз таптарын саралап ажыратуға көмектеседі.

Сөз таптарының синтаксистік белгісінің мазмұнына сөз табының сөйлемде мүше болу қызметі және сөздермен тіркесу ерекшелігі енеді. Белгілі бір сөз табына енетін сөздер сөйлемде белгілі бір мүше болып қызмет атқаруға икемделеді және сөздердің кез келген топтарымен емес, арнаулы бір тобымен тіркеседі, солармен қарым-қатынасқа түседі, өз ара байланысады..



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет