Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті


Жеке тіл білімі мен жалпы тіл білімі, айырмашылықтары



бет5/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ТБК емтихан жауаптары (копия)

4. Жеке тіл білімі мен жалпы тіл білімі, айырмашылықтары.

Белгілі бір тілдің жүйесі мен құрылысын және оның даму зандарын айқындайтын жеке тіл білімі (мысалы, қазақ тіл білімі немесе орыс тіл білімі) бар да, ғылым ретіндегі тіл білімінің теориясы болып саналатын жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімі - нақты бір тіл туралы емес, адам баласы тілінің дамуының жалпы заңдары  туралы  ғылым.  Демек,   тіл  білімінің жалпы  теориялық саласы болып саналатын жалпы тіл білімі, әдетте, бір ғана тілдің емес, көптеген тілдердің деректерін есепке алады. Оларды жинақтай келіп, жалпы теориялық топшылаулары мен қорытындылар жасайды. Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді.

Жалпы тіл білімі тіл ғылымының теориялық саласы ретінде           19 ғасырдан бері қалыптаса бастады. Жеке тілдер жөніндегі ғылым бұдан көп бұрын пайда болғанымен, олар бір-біріне байланыссыз, жеке-жеке қаралды. Тілдердің өзара туыстас, төркіндестігі, дыбысты тілдің жалпы адамзаттық құбылыс екендігі, олардың арасында бірліктің де, өзгешеліктің де, жалпы заңдылықтың да, даралықтың да болатыны онша белгілі бола қоймады. Сондықтан зерттеулерден жалпы тілдік теориялық қорытындылар жасалмай келді.

Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, мәдениетпен байланысын жан-жақты зерттейді. Дүниежүзінде қаншама тілдер бар, дәл санын айту мүмкін емес, бірақ осы тілдердің барлығына ортақ заңдылықтар қалыптасқан. Мұндай ортақ қасиеттердің болуы – тіл иелері болып табылатын адамзаттың ойлау жүйесінің сөйлеу органдары мен есту қабілеттерінің, ой-саналарының бір-біріне жақын, ұқсас болуынан. Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны жалпы тілдік болғандықтан, одан шығатын теориялық тұжырымдар да тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілігіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория болмақ. Сонымен бірге тіл білімінде жалпы тілдік теорияның қалыптасу тарихы, әртүрлі тілдік кезеңдерде, бағыттарда қалай шешілгені қамтылуы тиіс.

Сөйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінің пайда болуын қарастырады; тілдің даму зандарын айқындайды; дүние жүзіндегі тілдерге классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тіл білімінің алатын орнын айқындайды.
Жеке тіл білімі - жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет