Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті


Тіл білімінің теориялық, практикалық мәні



бет7/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
ТБК емтихан жауаптары (копия)

6. Тіл білімінің теориялық, практикалық мәні.

Тіл білімінің теориялық мәні дегеніміз - тіл алдымен ғылыми тұрғыдан зерттелінеді. Соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады. Ол категориялар мен заңдардың бір-бірімен байланысы, өзара қарым-қатынасы анықталады. Сөйтіп, белгілі бір тіл туралы қорытындылар, топшылаулар жасалынады. Сол қорытындылар мен топшылаулар негізінде грамматикалық, яғни ғылыми немесе нормативті окулықтар жазылады, түрлі сөздіктер құрастырылады. Міне, тілдің теориялық мәні дегеніміз осы.

Ал тілдің практикалық мәні деп - әлгі заңдылықтарды білуді, ол үшін сол тілді оқуды, үйренуді айтамыз. Белгілі бір тілді оқып білу - ең алдымен, сөйлеу мәдениеті мен жазу мәдениетін арттырады, адамның ой өрісін кеңейтеді. Содан кейін тілді, оның зандары мен қағидаларын үйретеді. ЖОО-ға түсіп оқу, білім алу, әдетте, тілді оқып машықтанудан  атап айтқанда, дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуді үйренуден басталады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу - әрбір мәдениетті, білімді адамның алдына қойылатын басты шарттардың бірі. Ал мұның өзі тілдің орфоэпиясы мен орфографиясын, грамматикасын жақсы білуді қажет етеді. Тілдің стильдік тармақтарын жете білудің де практикада маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет