Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті



бет43/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50
Байланысты:
ТБК емтихан жауаптары (копия)

Үстеулердің сөйлемдегі негізгі қызметі - пысықтауыш болу. Олар етістіктермен тіркесіп (олардың алдында тұрып), іс-әрекетін қимыл-сынын, мезгілін, мекенін, күйін білдіреді.
Етістіктердің негізгі қызметі - сөйлемде баяндауыш болу. Ол бастауыштың іс-әрекетін, қимылын білдіреді.
Бұл айтылғандарға қарап, зат есім тек бастауыш пен толықтауыш, сын есім мен сан есім - анықтауыш, үстеу - пысықтауыш, етістік — баяндауыш болудан басқа ешқандай сөйлем мүшелері бола алмайды екен деген ұғым тумасқа тиісті. Олар қолданылу ыңғайына қарай сөйлемде кез келген мүше бола алады. Бірақ жоғарғылардан басқа қызмет атқаруы - оларға тән басты қызмет емес, қолданылу барысында туған, екінші қатардағы қызмет.
Атаушы сөздерді мынадай сөз таптарына бөліп қарауға болады: зат атауын білдіретін – зат есім, заттың әртүрлі сынын, қатыстық белгісін білдіретін – сын, заттың сандық мөлшерін білдіретін – сан есім, есім сөздердің орнына жүретін орынбасар сөздер есімдік, қимыл, іс-әрекетті білдіретін – етістік, қимыл, іс-әрекеттің әртүрлі сипатын (амалын, мекенін, мезгілін, мақсатын, себебін т.б.) білдіретін – үстеу, әртүрлі дыбыстарға, қимыл-қозғалыстарға еліктеп аталатын – еліктеу сөздер болып бөлінеді. Осы атаушы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылаулар және одағай сөздер мен модаль сөздер де жеке-жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да, өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді немесе ойға қатысты (көңіл күйін білдіру я модальдық) мәндер қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет