Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қ. Ш. Молдасан, К. А. Есенова білім берудегі менеджмент



бет27/32
Дата17.10.2023
өлшемі142,35 Kb.
#117061
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
treatise206008

Бақылау сұрағы:

  1. Көшбасшы мен басшының айырмашылығы қандай?

  2. Басқару шешімінің сапасы дегеніміз не?

  3. Басқарушылық қабілетті қалай дамытуға болады ?

  4. Білім беру менеджерінің көшбасшылық қабілетінің ұжымдағы рөлі қандай?

  5. Мектептің білім сапасын қалай арттыруға болады?

  6. Білім беру менеджменті саласындағы отандық ғалымдардың қандай еңбектерін атай аласыз?

  7. Әлемдік деңгейге сай тұлғаны қалыптастыруда қандай мүмкіндікті айтар едіңіз?

Қорытынды
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы қоғам өмiрiнiң барлық саласында, соның iшiнде тұлға қалыптасуының негізін қалайтын орта мектептің жұмысын басқаруын жетілдіруге, білім берудің жаңа идеологиясына және білім мазмұнына құзыретті тұрғыдан келуге, сонымен қатар мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге ерекше назар аударуды қажет етеді. Білім беру сапасын басқару – қазіргі педагогикалық теория, практика талаптарына сай, келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығы.
Отандық және шетелдік дереккөздерді ғылыми талдау негізінде білім беру менеджменті - жоғары кәсіби білім беру мекемелеріндегі инновациялық басқару қызметінің теориясы мен тәжірибесін көрсететін көп аспектілі педагогикалық феномен деп айтуға болады.
Осылайша, отандық және шетелдік педагогикадағы білім беру менеджментінің қарастырған тұжырымдамалары оларды әзірлеген елдердің тарихи және ұлттық-мәдени ерекшелігінен тәуелсіз бірқатар жалпы белгілерге басқару теориясы мен тәжірибесінің бірлігіне, көп аспектілігі және пәнаралық ғылыми білімдерге, гуманитарлық-педагогикалық және экономикалық құрамдар балансқа, білім алушы ұйымның кеңістігін құру қажеттілігін негіздеуге, басқару жүйесінің инновациялық сипатына ие.
Осылайша, Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беруді реформалау үрдістері менеджмент қызметкерлеріне басқарушылық қызметін демократияландыру мен ақпараттандырудың инновациялық өзгерістер жағдайында жаңа арнайы білім мен дағдыларды талап ететін жаңа міндеттер қойды.
Бүгінде білім беру қызметтерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында оның тиімді жүзеге асырылуына көмектесе алатын, арнайы білімі бар кәсіби мамандар сұранысқа ие.
Сондықтан, мектептің жұмысын басқару құзыретті білім беру моделіне негізделсе білім алушылардың әлеуметтенуінің даярлық деңгейінен көрініс табатын білім берудің күтілетін нәтижелері олардың оқу және өмірлік мәселелерді шешудегі өнімді іс-әрекеттерін ұйымдастыруға ықпал етеді. Ол үшін Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту, яғни еліміздегі білім беру саласына ең озық халықаралық тәжірибелерді кіріктіру міндеттері тұр. Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептің білім сапасын тиімді басқару үшін отандық және шетелдік тәжірибемен танысу қажет. Біздің пікірімізше, қазіргі мектептердің білім сапасын басқару жүйесін тиімді ұйымдастыру жолға қойылса, мектептің білім сапасы артып мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасалады, ол оқушылардың құзіреттілігін дамытуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет