Әл-Фараби атындағы ҚазҰу филология және әлем тілдері факультеті «5B020500»


Қазақ тілінде септелудің екі түрі бар



бет11/20
Дата07.01.2022
өлшемі61,35 Kb.
#19723
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Турсатаева Самал қф-301топ студенті

Қазақ тілінде септелудің екі түрі бар:

1.Жай септелу – сөздердің түбір күйінде септелуі.Мысалы,үй, үй-дің, үй-ге, үй-ді,үй-де, үй-ден, үй-мен.

Тәуелді септелу – сөздердің тәуелденіп барып септелуі. Мысалы, үй-ім,үй-ім-нің,үй-ім-е,үй-ім-ді,үй-ім-де,үй-ім-нен,үй-ім-мен

Қазақ тіліндегі жалғаулар қатарындағы септік жалғауларының сөйлемде сөз бен сөзді байланыстырудағы қызметі ерекше. Сөйлемдегі сөздердің түрленіп келуі осы септік тұлғаларына байланысты. Сөйлем ішіндегі сөздерді септік жалғауларынсыз қолдану мағынасыздыққа әкеледі. Мысалы: Мейлі қайда жүрейін, менің көзімнен де, көкірегімнен де сиқырлы да сыбызғылы туған жерімнің асқақ, әрі әсем келбеті кетпеуін тіледім (О. Бөкей).

Ғалым Н. Оралбаева «Септік жалғаулары сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен жалғастырып, септестіріп тұр. Осындай қосымшаларды септік жалғаулары дейміз.

Сөздердің жалғауларды қабылдап өзгерту жүйесін сөздердің септелуі деп немесе септеу дейміз», - деп жазады.

Қазақ тілінде жеті септік түрі бар екені белгілі. Зерттеуші ғалымдар септіктерді екі топқа бөліп жүр: Грамматикалық септіктер және көлемдік септіктер. Грамматикалық септіктерге атау, ілік, табыс септіктері, көлемдік септіктерге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері жатады. Септік жалғауларын бұлай бөлудің басты негізі олардың мағыналары мен қызметтеріне байланысты екендігі белгілі.

Септіктердің бұлайша екі түрге бөлінуін аталмыш жалғаулардың шығу тарихын зерттеуші Г. Сарсеке көне түркі тілдерінен де орын алғандығымен байланыстырады

Атау септіктен басқа септік жалғаулары сөз бен сөзді сабақтастыра байланыстырады. Сондықтан да олар (атау септіктен басқасы) сөз тіркестерін жасауға қатысады. Атау септік жалғауындағы сөздің екінші сөзбен байланысында сабақтаса, бағына байланысу болмайды, ол сөз тіркесін жасай алмайды. Бірақ сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқарады. Септік жалғауларының жан-жақтылық сипаты, қызмет, қолданыс аясының кеңдігі оны грамматикалық категория ретінде морфология саласында ғана емес, синтаксис саласына да енгізеді. Синтаксис саласында септік тұлғалары сөздерді байланыстыру тәсілінің бір жолы болып табылады.

Ғалым Ә. Хасеновтің пікірінше, «Септіктер категориясына тән ерекшеліктің бірі –мотивациялануы. Әр септік әр түрлі қатынасты – заттың затқа немесе заттың белгілі бір процеске қатыстылығын айқындайды».

Ал профессор С. Аманжолов септік жалғауларының белгіленген нақты бір мағынаны білдірмеу себебін «Сөйлемдегі әрбір сөздің мағынасы бар. Бірақ сөздің дара мағынасынан басқа қарым-қатыстық мағынасы да болады. Бұл қарым-қатыстық мән жалғауларға да байланысты. Бұған қарап, әрине, жалғаулардың өз мағынасы жоқ деген пікір тумасын.

Бұлардың мағынасы жасырын тұрған затқа ұқсайды. Ол жасырын мағына сөз бен сөз арасы жалғанғанда көрінеді, білінеді», - дей келе септік жалғауларының сөз бен сөзді байланыстыру қызметінде септік жалғаулары арқылы жасалған қатынастардың мағыналық жағының шектеліп қалмайтындығын білдіреді .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет