Шығыңқы басылым. Биік басылымда қағазға басылым көшірмесі шығатын басылудың барлық формалары (әріптердің штрихтарының, нүктелердің және иллюстрациялардың басқа детальдарының басылу элементтері) біраз көтеріңкі беріледі, ал басылмайтын (ақ қалатын) элементтері батыра түседі. Сондықтан, осындай басылу формасына кішкене білік арқылы түсірілген бояу тек көтеріңкі басылған элементтерге түседі және тек солар ғана басылғанда қағазда көрінеді. Биік басылу газеттерді, көптеген журналдарды, кітаптарды, афишаларды және басқа басылымдарды басқанда колданылады.
Басылым формасының баспа элементтері мен ашық элементтері әртүрлі деңгейде болуы керек. Баспа элементтері бір жазықтықта және осы элементтердің аралығында шұңғылдана орналасқан ашық элементтерден жоғары жатады (1сурет, а). Егер биік басылымның формасына білікпен бояу жағылса, онда ол тек баспа элементтерін ғана сырлайды. Сонсоң, егер басылым формасына қағаз салып, оны бояу жағылған баспа элементтерінің бетіне қысылып басылса, сонда одан басаылым оттискісі алынады. Ал оттискідегі бейне түсу шығуы үшін формадағы бейне керісінше болуы қажет.
Ойыңқы басылым.
Мұнда форманың баспа элементтері, керісінше ашық элементтерден төмен, басылым формасының шұңғылдарында жатады. Сұйық бояу басылым формасының бүкіл үстін жабады, сосын оның шұңғылдарына қарай өтеді. Сонан соң басылым формасының үстіндегі бояу сүртіледі, бояу тек қана баспа элементтерінің шұңғылдарында, қуыстарында ғана қалады. Мұнан кейін бояу қысым арқылы басылмақ табаққа, бетке көшіріледі. Басылым формасындағы бейне айнадан сәулеленген секілді керісінше көрінуі қажет.
Әр басылым көшірме жасалған сайын бояу форманын бүкіл бетіне (ұңғуындағы және көтеріңкі элементтеріне) түседі. Ал содан кейін өзінен-өзі ақ қалған жерлерден көтеріледі де форманың ұңғуында қалады. Осындай формаға қағаз күшпен қауыстырылғанда ұңғуларындағы бояу оған жұғады да тиісті бейне пайда болады. Ойыңқы басылу иллюстрацияландырылған көркем басылымдар, плакаттар открыткалар т. с. с. шығару үшін қолданылады.
Жазық басылым. Жазық басылым формасының баспа және ашық элементтері бір жазықтықта жатады. Бұл, ендеше, басылым формасының бетіне бояу жағылған кезде, білік баспа элементтерді ғана емес, сондай-ақ ашық элементтерді де жанап өтеді. Алайда, баспа элементтері бояуды қабылдайды, ал ашық элементтер, бояуды формаға жаққан сәтте олардың жанасқанымен, бояуды қабылдамайды. Мұның себебі мынада: арнайы өңдеу арқылы басылым формасы құйылады да, осы форманың баспа элементтері басудың майлы бояуын жақсы ұстайды (оны өзінен тебеді). Ал ашық элементтер суды жақсы қабылдайды да, сайлы бояуды дарытпайды. Сондықтан ашық элементтердің бетіне баспа бояу жұқпайды. Форманың майлы бояуды қабылдайтын элементтері олеофильдік (грекше – майды сүйетін), ал суды қабылдайтын элементтері гидрофильдік (суды сүйетін) деп аталады.
Бояуды таңдап қабылдайтын басылым формасынан қысым күшімен қағазда немесе басқа материалда баспа оттискілерін алады. Жазық басылым формасындағы бейне (оттискіде түзу шығуы үшін) бұл жерде керісінше көрініп тұруы керек.
Жазық (офсеттік) басудың биік және шұңғыл басылулардан айырмашылығы — мұнда форманың басылатын және басылмайтын элементтері, іс жүзінде, бір жазықтықта жатады. Мұндай жағдайда басылатын элементтеріне бояуды тағы да жағуға және жазық басылу формасынан көптеген басылым көшірме шығаруға болатын себебі форманын кейбір жерлерін бояумен, кейбір жерлерін сумен қалауымызша дымқылдауға болатындықтан. Бұл форманың жазықтығына арнаулы химиялық өңдеу арқылы жасалады. Нәтижесінде ашық жерлері дымқылды жақсы ұстайтын және майлы бояуды қабылдамақ касиетке ие болады. Ал басылатын жерлері тек бояуды кабылдайды да, суды қабылдамайды. Осы күні жазық басылу, көпшілік жағдайда, балаларға арналған кітаптар, иллюстрацияланған журналдар, плакаттар, көрнекті таблицалар секілді бірнеше бояумен шығарылатын басылымдарда колданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |