9. ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫ.
Полиграфия – мәтіндік жәнек бейнелік ақпаратты баспаларды көбейтудің әр түрлі тәсілдерін біріктіретін техникалық саласы. Мәтіндік және бейнелік ақпаратты көбейту процесінде әр түрлі маман иелері, фотографтар, электриктер, механиктер жұмыс істейді.
Полиграфия өнеркәсібі - бұл күрделі өндіріс. Онда ғылым мен техниканың жаңалықтары мен жетістіктері (электронды есептеу машиналары, лазерлік құрылғылар ) қолданылады. Ғылым мен техника жетістіктері әрі қарай жылдам өсуі «Полиграфия өндірісінің машиналары және технологиясы» кафедрасы түлектерінің білім деңгейін әр дайым өсіп отыруын қажет етеді.
Жаңа технологияны өндіріске енгізу және өндірісті техника жағынан қайтадан жабдықтау, әдетте, жаңа технологиялық процестердің негізі ретінде материалдарды қарастырудан басталады. Полиграфияда ол материалдарға жылдамдығы жоғары рулонды машиналарда көп бояулы басуға арналған қағаз бен бояулар, кітап блогын жіппен тігусіз бекітуге арналған желімдер, полиграфиялық фольга, баспа өнімін қорғау және декоративті қаптауға арналған материалдар жатады.
Полиграфияда қолданылатын материалдар шартты түрде екіге бөлінеді: негізгі және қосымша. Негізгі материалдар дайын өнім құрамына енеді, ал қосымша материалдар технологиялық процестерді жүргізу үшін ғана қажет.
Негізгі материалдар басуға қажетті материалдар оларға қағаз, аз мөлшерде қатырма және түптеу материалдары, басудың арнайы түрлерінде - металл, әйнек, полимерлік материалдар жатады.
Бейнелік кескіндер жасау кезінде негізгі материалдар қатарына бояулар мен полиграфиялық фольгалар жатады.
Басылым шығарылған жартылай өнімдерден дайын өнім алу кезінде негізгі материалдар қатарына түптеу және әрлеу материалдарын жатқызады.
Қосымша материалдар арнайы және жалпыға арналған болып бөлінеді. Полиграфияға тән арнайы материалдар қатарына, мәселен, басу білікшелерін жасауға арналған материалдар жатады, ал жалпыға арналған өндірістің басқа да саласында қолданылатын материалдар – химикаттар, майлау және т.б. материалдар жатады.
Негізгі материалдар тұтынушылық қасиеттеріне, яғги оны пайдалану шартына сәйкес белгілі бір полиграфиялық өнім сапасына анықтайтын қасиеттер кешеніне ие болуы керек.
Полиграфиялық материалдар сонымен қатар полиграфияда өнім жасау процесінде материалдарды өзара әрекетесуі мен тәртібін анықтайтын технологиялық немесе жұмыстық қасиеттерге иеленеуі керек. Олар полиграфиялық жабдықтарды қолданудың оңтайлы ережелеріне сәйкес технологиялық процестердің өтуін қамтамасыз етеді. Бұл қасиеттерінің нормативті мәндеріне сәйкес келмеуі технологиялық ережелерді бұзады, жабдық өнімділігін азайтадаы және өнім сапасын төмендетеді.Бұдан өнім сапасының тұтыну қасиеттеріне тікелей қатысты, ал технологиялық қасиеттері қосалқы тәуелді екені білінеді.
Қосымша материалдардың технологиялық немесе тұтыну қасиеттері олар үшін бірдей болмақшы. Тұтынушылық және технологиялық қасиеттер өндірісте қолданылатын терминдер қатарына жатады. Олар өндіріс пен полиграфиялық өнімді пайдалану кезінде пайда болатын физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты болады.
Полиграфиялық материалдар құрылымы, қасиеттері бойынша паналуына қарай және пайдалану тәсіліне қарай ерекшелінеді. Олар қағаз, бояулар,желімдер,,маталар және т.б. болып бөлінеді. Бірақ барлық материалдар үшін полиграфиялық өнім алынуына және полиграфиялы техноогиялық маңызына тән қасиеттер қажет.
Барлық негізгі материалдар үшін ең маңызды қасиет оптикалық, ал барлық негізі және қосымша материалдардың көпшілігі үшін ең маңызды қасиет-технологиялық процестегі түйіспелі өзара әрекеттесу кезінде пайда болатын молекулалық беттік қасиеттері, барлық негізі және қосымша материалдар үшін механикалық қасиеттер, өйткені технологиялық процесінде ол қасиеттің алатын орны ерекше.
Полиграфиялық материал танудың негізгі мәселесіне матреиалтанушы құрамы мен құрылымына сәйкес физикалық қасиеттерін оқып-үйрену және полиграфиялық пен тұтынушылық қаситеттерінің физикалық мәнділігін белгілеу жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |