Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы



бет3/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
treatise96353

Полиграфия - гректің роlуgrарһіа (роlys - көп, grарһо) - жазамын) деген сөзінен шыққан. Бұл сөз орыс тіліне XVIII ғасырда Франциядан келіп кірген.
Ең көне кітап Қытайда 868 ж.б.э-да және «Алмазная Сутра» деп аталған. Бұл кітапты Вангом Джи деген кісі шығарған және будда діні кезінде тегін таратылған.
Қазіргі заманғы түсінікпен оны кітап деп айту қиын, ондағы текстер оралған жеке беттерге басылған.
Полиграфиялық техниканың ең көне түрі Ксилографиялық әдіс деп аталатын жоғарғы баспа түрі.
Бұл әдіс жазылу керек элементтерді ағаш тақтайшада ойып жазды: әріп штрихтары және суреттерді томпайтып қалдырып, бос аралықты өткір құралмен ойылып тасталынды. Осылайша дайындалған жоғары баспаны бояумен сырлап, бетіне қағазды жапсырып, жұмсақ таяқшамен сипалады. Осылайша баспаның көшірмесін көбейтіп алды.
Алғаш бұл әдісті IX ғ.да Қытайда қолданды.
Полиграфиялық техниканың келесі даму буыны алдын ала дайындалған рельефті элементтерді дайындау, яғни оның әрқайсысы жазудың бір әріпі болды.
Бұл әдістің артықшылығы текстік баспа формасының жылдам дайындалуында және баспа кезінде кеткен қатені оңай түзетуге болды және артықшылығы рельефті элементтерді қайта пайдалануға болды. Бұл әдісті Қытайда ХІ ғасырдың ортасында ұста Би Шэном (Пи Шэном) ұсынды және іс жүзінде пайдаланды.
XIV ғ. аяғында XV ғ. басында Кореяда жылжымалы металл литерлер кең қолданысқа ие болды, бұл әдіспен біршама кітаптар басылып шықты.
Европада ксилографиялық баспаны алғаш XV ғасырдың басында қолдана бастады. Салыстырмалы түрде бұның соңынан XV ғасырдың ортасында форма дайындау және жылжымалы литерлерді дайындау пайда болды
Европа полиграфиясының белсенділеріне Германияда Иоганн Гутенберг болып саналады, Ян Костер Голландияда, Памфило Кастальдив Италияда, олар полиграфиялық процесті Қытай мен Кореяда қолданған әдістерді бір уақытта дамытты.
Жылжымалы литермен кітап басуды нақты түрде Европада 1440 жылы пайда болды деп есептелінді.
XV ғасырдың ортасында Европада негізгі полиграфиялық процестерді жүзеге асырды: жылжымалы литер арқылы теру, яғни баспа формасы үшін әрбір әріп, таңба үшін рельефті элемент дайындалды.
Алғашқы баспа аппараты екі жазықтың өзара әрекеттесу принципінде құрастырылды, біреуінде баспа формасы (талер), ал екіншісінде (пиан) қарапайым винтті құрылғымен қағазды қолмен сырланған баспа формасына басып ұстайды. Станоктың барлық детальдары ағаштан дайындалды. Баспа станогының өнімділігі сағатына 100 таңба басатын болды.
Европада бір уақытта батырылған баспа пайда болды. Баспа элементінің құралы мыс тақташада дайындалды. Алғашқы баспасы 1446 жылы шықты.
Ресейде полиграфиялық техника XVI ғасырдың ортасында пайда болды. Орыс мемлекетінің дамуы, орыс әдебиеті, орыс мәдениеті және жазу татар-монғол басқыншылығынан азат етілген соң, кітапбасу қажеттілігі туды. Кітапбасу патша биілігін нығайтуға және монархия идеологиясын тарату үшін қажет болды.
1553 жылы Иван IV патшаның әмірімен Москвада бірінші полиграфиялық өндіріс ауласының құрылысы басталды. Оны жасауды шіркеудің адамы Иван Федоров пен оның көмекшісі Петр Мстиславқа жүктеді, олар барлық жабдықтарды және типографияға арналған жарықты өз беттерінше дайындады және кітапбасу технологиясының процесін ойлап тапты.
«Апостол» – бірінші баспа кітап, Иван Федоров пен Петр Мстислав 1564 ж. шығарған. Графикалық әдемілеу мен шрифт түрінің әсемдігімен ерекшеленді.
Кітаппен жұмыс 1 жылға созылды. 1564 жылы 1 наурызда орыстың алғашқы даталанған баспа кітабы жарық көрді. Көркем-техникалық жағынан кітапта кемшілік болмады. Сөзсіз осы уақытта Федоров пен Мстислав типографиялық өнердің тәжірибелі шебер болып алды.
«Апостола» дан кейін екі басылыммен «Часовник» жарық көрді. (1565 жылдың қыркүйек және қазанда) (Сурет 5).
XVIII ғасырдағы үлкен әлеуметтік қозғалыстар баспа қызметінің дамуына ықпал етті. Жыл сайынғы тираждары көбейіп отырды. Бұл полиграфиялық техниканың кемелденуіне, технологиялық процесс пен жаңа механизмді жасауға әкелді.
Газет және журналдар басылымының тираждарының өсуі баспа станогінің дамуын ғана емес, сонымен қатар жаңа технологиялық процесс-стереотипінің, яғни жаңа түпнұсқа формасының көшірмесін алуды дамытты.
1711 жылдың көктемінде Санкт-Петербургте Троицк алаңындағы Березово аралында алғашқы типография ашылды. Бұнда Москвадан екі типографиялық станок және шеберлер: төрт теруші, төрт баспашы, екі бояу әзірлегіш әкелінді. Типография Қару канцеляриясының цейх-директоры Михаил Петрович Аврамовтың үйінде орналасты, ол орыстың бірінші газеті «Ведомость» және типографияның бірінші редакторы болды.
Осында алғаш 1711 жылы Петербургтың алғашқы газеті «Ведомость» (кейіннен «Санкт-Петербургские ведомости») шықты. Газетті дайындауда Ұлы Петрдің өзі қатысты. Типографияда сонымен бірге мемелекеттік үкімдер мен азаматтық басылымдар басылды.
XIX ғасырдың ең үлкен жаңалығы ол баспа машинасы. Оны 1808 жылы Фридрих Кениг құрастырды, қол станогынан айырмашылығы ол механикаландырылды. Бұл баспа машинасы сағатына 400 таңба басты (Сурет 7).
1812-1814 жж. Олар тағы жаңа баспа машинасын ойластырып жасады. Бұл баспа машинасы қол станогы мен алғашқы баспа машинасына қарағанда үлкен форматта сағатына 800 таңба басты.
1814 жылдың 29 қарашасында Лондонда алғашқы «Таймс» газетінің бірінші нөмері басылып шықты.
Ары қарай полиграфияның дамуы және оның мүмкіншіліктері өте жылдам қарқынмен өсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет