Ұлттық мұра Мақсаты
Қатысушыларды Қазақстанның ұлттық салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен және тарихымен таныстыру.
Түрлері
● Ұлттық спорт түрлері
● Ұлттық қолөнер
● Ұлттық асхана
● Ұлттық мәдениет
● «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен қосымша бір кітапты оқу.
Қатысушы үш бағыттың («Спорт және дене шынықтыру», «Дарындар мен дағдылар», «Кітап оқу») ішінде ұсынылатын сабақтардың бірін таңдауы тиіс. Қатысушы алғашқы үш бағыттың («Спорт және дене шынықтыру», «Дарындар мен дағдылар», «Кітап оқу») біреуінің шеңберіндегі «Ұлттық мұра» бағытын таңдайды немесе онымен қоса атқаруы керек.
Бағдарламаның ресми интернет-ресурсының «Спорт және дене шынықтыру» бөлімінде қатысушыларға ұлттық спорт түрлерінің тізімі, «Дарындар мен дағдылар» бөлімінде ұлттық қолөнердің, ойындардың, ұлттық асхананың тізімі, сондай-ақ, тиісті деңгейден өту үшін қажетті әдебиеттер тізімі ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |