Бағдарламаға қатысушының ерекше қажеттіліктері болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Бағдарлама серіктесі Бағдарламаның жүзеге асырылуын қатысушының тиісті қажеттіліктеріне сәйкес бейімдеуі тиіс. Бағдарлама ерекше білім беру қажеттіліктері бар қатысушылардың мүдделерін қамтуға да арналған. Бағдарлама серіктестеріне Бағдарламаға ерекше білім алу қажеттіліктері бар жастардың қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жайында Бағдарлама операторымен кеңесу ұсынылады.
Бағдарламаны өткізу сапасына, орталықтардың қызметкерлеріне және Бағдарламамен байланысты басқа да мәселелерге шағымдар келіп түскен жағдайда, өтініш беруші мен Бағдарлама орталығы және (немесе) Бағдарлама операторы бір ай көлемінде келіссөздер барысындағы түсініспеушілікті және (немесе) дауды шешуге әрекет етуі тиіс.