«елбасы медалі» бағдарламасын іске асыру бойынша әдістемелеік нұСҚаулық



бет20/28
Дата07.01.2022
өлшемі249 Kb.
#20751
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28

Міндетті шарттар


  1. Мемлекеттік органдар ұйымдастырған еріктілікті қамтымайды;

  2. Ақша қаражатын жинауды қамтымау керек;

  3. Көмек қайтарымсыз/өтеусіз көрсетілуі тиіс;

  4. Психологиялық, алғашқы медициналық көмек көрсетуді тиісті құзыреті бар адамдар ғана жүргізуі тиіс;

  5. Еріктілік қызметін оқудан (жұмыстан) бос уақытта жүзеге асыру;

  6. Еріктілік қызметі өз өмірі мен айналасындағылардың өмірі үшін қауіпсіз болуы тиіс.



Бағыттың ұзақтығы мен көлемі


● Қола деңгей (14 жастан бастап, қатысушылар үшін) – 3 (үш) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат айналысу;

● Күміс деңгей (15 жастан бастап, қатысушылар үшін) – 6 (алты) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат айналысу;

● Алтын деңгей (16 жастан бастап, қатысушылар үшін) – 1 (бір) жыл бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат айналысу.

Бағдарламаға қатысушының жеке кестесіне сәйкес таңдалған тәлімгер қатысушымен Бағдарламаның талаптары мен нормативтерін орындау бойынша нұсқаулық жүргізеді, сондай-ақ ,консультативтік және әдістемелік қолдау көрсетеді.

Сайтта тіркелгеннен кейін қатысушының жеке кабинетінде автоматты уақыт санағы басталады: үш, алты және он екі ай (әрбір деңгейге тиісінше).

Бағдарламаның әрбір деңгейінен өту үшін қатысушы тиісті деңгейдің уақыты аяқталғанға дейін күнделігін уақытылы және өз бетінше толтырған кезде орындалды деп есептеледі.

Күнделік іс-әрекеттің атауы мен атқарылған жұмыстың нәтижесін қамтитын қысқаша есеп жазу және де 3-4 фотосуреті бар, сабақ процесінің 1 минуттық видеосын жіберу немесе мақсатқа жеткенін растайтын мәтіндік форматтағы (100-150 сөз) қысқаша сипаттау арқылы толтырылады.

Бағдарлама қатысушысының әрбір атқарған жұмысын тәлімгер растайды.

Қатысушының күнделігін қарағаннан кейін арнайы комиссия оның деңгейді аяқтағаны немесе аяқтамағаны туралы шешім қабылдайды.
8-тарау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет