«елбасы медалі» бағдарламасын іске асыру бойынша әдістемелеік нұСҚаулық



бет14/28
Дата07.01.2022
өлшемі249 Kb.
#20751
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

3-тарау

Спорт және дене шынықтыру

Мақсаты


Әртүрлі өмірлік жағдайларда қажет болатын қимыл-қозғалыстарды басқару және салауатты өмір салтының қажетті бөлігі болып саналатын дене жаттығуларын ұдайы жасау қажеттілігін қалыптастыру.

Түрлері


●Командалық спорт түрлері

●Жеке спорт түрлері

●Жұптық спорт түрлері

●Су спортының түрлері

●Қысқы спорт түрлері

●Доппен ойнайтын спорт

●Жеңіл атлетика

●Жауынгерлік өнер

●Фитнес

Бағыттың ұзақтығы мен көлемі


Әрбір деңгейді анықтайтын осы бағыттағы норматив:

  • қола деңгейі үшін 3 немесе 6 ай ішінде аптасына 1 (бір) сағаттан кем емес;

  • күміс деңгейі үшін 3 немесе 6 ай ішінде аптасына 1 (бір) сағаттан кем емес;

  • алтын деңгейі үшін 6 немесе 9 ай ішінде аптасына 1 (бір) сағаттан кем емес.

1. Спорт және дене шынықтыру — секцияларда және/немесе білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, өз бетінше әртүрлі спорт түрлерімен айналысу.

Деңгейден өтуді бастар алдында:



  1. дәрігермен кеңесу;

  2. антропометриялық деректерді (бойы, салмағы) өлшеу қажет.

2. Бағдарламаның талаптары бойынша қатысушының жеке кестесіне сәйкес қатысушының күнделігін толтырған кезде орындалды деп саналады (орындалғаны туралы видео, фото түріндегі дәлел болуы керек):

● спортпен шұғылданудың жеке жоспар-кестесін құру;

● спортпен шұғылданудың ұзақтығы мен уақытын көрсете отырып, күнделікті толтыру;

● уақыты көрсетілген 3-4 фотосуретті, 1 минуттық видеоны тіркеу немесе шұғылдану процесін 100-150 сөзбен мәтіндік форматта қысқаша сипаттау.

1. Дене жаттығуларын тұрақты орындағанының дәлелі ретінде (қолданылатын жерде) фитнес қосымшалардағы көрсеткіштерді көрсететін экраннан суреттерді салуға болады.

2. Қатысушының жеке кестеге және Бағдарлама тәлімгерінің растауына сәйкес күнделікті толтыру кезінде деңгейден өтуі аяқталды деп есептеледі.

3. «Спорт және дене шынықтыру» бағыты бойынша тәлімгердің бағасына қатысушының қойылған мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын қысқаша бейнеролигі қоса беріледі.

4. Спорт және дене шынықтырумен айналысуға қарсы көрсетімдері жоқ қатысушылар үшін "Спорт және дене шынықтыру" бағыты бойынша талаптар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының тиісті деңгейдегі тестілерінің кемінде екі нормативтерді (қатысушының таңдауы бойынша) тапсырған кезде орындалған болып есептеледі.

5. Спорт және дене шынықтырумен айналысуға қарсы көрсетімі бар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар қатысушылар «Спорт және дене шынықтыру» бағыты бойынша талаптардың тиісті деңгейді өткізудің жеке кестесіне сәйкес орындалды деп есептеледі.

Қатысушының есептерін қарағаннан кейін, арнайы комиссия оның деңгейді аяқтағаны немесе аяқтамағаны туралы шешім қабылдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет