Еңбек тәжірибесі Мақсаттары
Қызмет түрлеріне (өндірістік-технологиялық және ұйымдастыру-басқару) сәйкес мамандық бойынша қатысушылардың кәсіби қызметті меңгеруі;
Нақты ұйымның қызметін зерделеу негізінде білімді бекіту, кеңейту, тереңдету және жүйелеу;
Бастапқы тәжірибе жинау.
Түрлері
IT-бағыт
Білім беру жобалары
Тәрбие жұмысы
Тәлімгерлік
Ғылыми-зерттеу қызметі
Ауыл шаруашылығы
«Жасыл Ел»
Студенттік құрылыс отрядтары
Еңбек тәжірибесі қатысушының нақты өндіріс жағдайында әртүрлі кәсіпорындарда немесе кез келген салада тәжірибеден өтуін қамтиды.
Бағыттың ұзақтығы мен көлемі
Осы бағыттағы норматив Алтын деңгей үшін ғана кемінде 5 (бес) күн мөлшерінде белгіленген.
Егер қатысушы еңбек қызметін еңбек шарты негізінде жүзеге асырса, еңбек тәжірибесі автоматты түрде Бағдарламаның кез келген деңгейінде сәтті қол жеткізілген мақсат болып саналады. Соңғы 6 (алты) ай ішінде зейнетақы аударымдарын көрсететін қатысушының жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме еңбек қызметінің жүзеге асырылуын растау болып табылады.
Бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
Жұмыс орнын ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздігі қағидаларын, санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайларын сақтау, еңбек және технологиялық тәртіп (жұмысты орындау сатыларын сақтау, құралдарды, құрылғыларды, материалдарды дұрыс пайдалану);
Орындалған жұмыстың сапасы (бұйымның түріне, өлшеміне, сыртқы түріне, жұмыс түрлеріне қойылатын техникалық-технологиялық талаптарға сәйкестігі).
Мамандық бойынша білімді жалпылау және кәсіби шеберлікті жетілдіру;
Нақты өндіріс жағдайында маман ретінде өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру;
Орындалған жұмысты анық баяндап, рәсімдей білу, оның нәтижелерін ұсыну;
Мәдени деңгейді арттыру.
Қатысушының күнделігінде:
кәсіпорынның құрылымы;
тәжірибеден өту күні;
Қатысушының орындайтын функциялары;
функция бойынша қызметінің астрономиялық сағаттарының саны;
Ұйымдастырушылардан жауапты қызметкердің қолтаңбасы;
еңбек тәжірибесінен өту туралы видео және фотолар арқылы есеп беру.
Қатысушының есептерін қарағаннан кейін арнайы комиссия оның деңгейді аяқтағаны немесе аяқтамағаны туралы шешім қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |