Елбасы саясатының жеңісі – Тәуелсіз Қазақстанның жемісі



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата03.03.2017
өлшемі9,52 Mb.
#6478
1   2   3   4

Гүлзина БЕКТАСОВА

4

4

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№8 (97)

30 қараша,

2012 жыл

Қ А Б І Л Е Т Т І Л І К

ҰЛТТЫҢ АНАСЫ  

әрбір


(Басы 1-бетте)

Е

лдік мәселелердің басы-қасында 



жүрген белгілі тұлғалардан 

«Студенттік билет», «Білімнің 

кілті» және «Сынақ кітапшасын» алуға 

ниеттенген қасиетті қара шаңырақтың 

бірінші курс студенттері ұлт тәрбиешісі 

болу жолын да терең білім алып, аянбай 

еңбек ету үшін ант беруге дайын тұрды.

Төріне Қазақстан Республикасы 

Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

«Бізге ең қажеттісі – жаны да, қаны да 

қазақы, халықтың тілі мен ділін, дінін, та-

рихы мен салт-дәстүрін бойына сіңірген, 

туған жерін түлетуді, егемен елдің еңсесін 

көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын 

ұрпақ тәрбиелеу» деген нақыл сөзі 

ілінген ҚР Тұңғыш Президенті күніне 

орайластырылған мемлекеттік мереке 

аясында Қыздар университетінің 1 курс 

шәкірттерін студент қатарына қабылдау 

рәсіміне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Ел-

басы» атты салтанатты кеш университеттің 

«Жан сарайы» театрының «Ақыл, қайрат, 

жігер» қойылымымен ашылды. 

Шаң мен түннің қою шымылдығын 

көз қарықтырырар ақ жалын қақыратып 

өткендей болды. Бейне бір төңірегіңе 

ұшқын шашылған секілді. Қайсар қазақ 

қызы өлең оқып тұр. Бейне бір көлдегі 

аққудай. Қайрат пен жүректің арпалысы 

қыздардың жан рухын тербетті. Сахнада 

жүріп жатқан Абайдың шығармашылығы 

тәрбиеге толы нақылдарымен ел есінде 

әсерлі қалды. 

Керемет көрініс біткеннен кейін ше-

шен де ойы жүйрік әрі мәнерлі сөз сап-

тауы бар ару қыздарымыз барша жұртты 

өздеріне қаратты. Қыран құсы самғаған, 

көк туы желбіреген қазақтың қарапайым 

халқының бейнесін көрініс арқылы 

бейнелегенде жаным тебіреніп кетті. 

Отан үшін, ел үшін, жер үшін еңіреген 

қазақтың қайсар қыздары, Шығыстың 

қос шынары Әлия мен Мәншүкті айтпай 

кетсек болмас. Қазақ қыздары әрқашан 

осы қос жұлдыздан үлгі өнеге алып өсіп 

келеді.


Бұл сәт Қазақ елінің кеңдігін, даналы-

ғын, дархандығын сақтаудағы қазақ 

қыз дарының шынайы бейнесін ашып 

көрсеткендей болды. Міне, осындай ұлы-

лық пен парасаттылықтан тұратын ел 

бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

көреген саясатының нәтижесінде алпа-

уыт елдермен иық тіресіп, халықаралық 

қауымдастықтың беделді қатысушысына 

айналды.


Одан кейін сахнаға көтерілген Қыз-

дар университетінің ректоры Динар 

Жүсіпәліқызы Нөкетаева тебірене сөй-

леп, маңызды шараның тұсауын кесті. 

– Құрметті қонақтар! Құрметті әріп-

тестер және студент жастар!

Бүгінде тәуелсіздіктің үшінші онжыл-

дығына қадам басқан мемлекетіміз дің 

барлық құрылымдары – Парламент, 

Үкімет, Министрліктер мен әкімшіліктер, 

оқу ордалары – барлық еңбек ұжымда-

ры Қазақстан Республикасының жаңа 

мемлекеттік мерекесі – Тұңғыш Прези-

дент күнін атап өту қарсаңында қазақ 

қыздарының қара шаңырағы, 70 жылға 

жуық тарихы бар іргелі білім ордасы - 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінің профессор-оқытушылар 

құрамы мен студенттері де бүгінгі «Елін 

сүйген, елі сүйген Елбасы» атты салта-

натты жиынды өткізіп отыр. Баршаңыз-

ды егемендігіміз мен елдігіміздің мерей-

лі мерекесі – Қазақстан Республикасы 

Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауға 

рұқсат етіңіздер! – деп сөз бастаған рек-

тор өз баяндамасында Тұңғыш Президент 

бастамасымен тәуелсіздік жылдарында 

қол жеткізілген іргелі табыстарға кеңінен 

тоқталды. Қашан да жастар мәселесіне 

үлкен мән беретін Елбасы сенімін бүгінгі 

студент атанып отырған жастардың да 

толығынан ақтайтынына сенім білдірді.

Қазақ мемлекеттік қыздар педаго-

гикалық университеті – республикамыз-

да ғана емес, бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД 

елдері арасында тек аруларға арналған 

бірден-бір жоғары білім ордасы. Бүгінгі 

таңда Қыздар университеті орта мектеп-

ке арналған педагог мамандарды дайын-

дауда республикамыз бойынша деңгейлі 

дәрежеге қол жеткізген көшбасшы қара 

шаңырақ. Яғни, ұлт тәрбиешісін заманауи 

тұрғыда дайындауға барынша күш салып 

отырған университет.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауы-

мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2008 жылғы 11 қыркүйектегі №847 

Қаулысымен Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық институтына Университет 

мәртебесі берілді. Қыздар университеті 

Елбасының назарынан ешқашан тыс 

қалған емес. Мемлекет басшысы уни-

верситет шәкірттеріне «Мемлекет 

жастарымыздың білім деңгейін көтеру 

үшін аянып жатқан жоқ. Бүгінде талапты, 

талантты жастардың өз елімізде де, шет 

елдерде де сапалы білім алуына мүмкіндік 

мол. Университет қабырғасындағы 

әр күн, әр сағатты оқумен, ізденіспен 

өткізіп, заман талабына сай, әлемдік 

бәсекеге қабілетті маман болып шығуды 

ойлаған жөн. Себебі, еліміздің кемел 

келешегі сіздерді қолдарыңызда» деп 

шамшырақтай бағыт-бағдар бергені 

белгілі. Бұл қара шаңырақтың ұлт 

тәрбиешілерін даярлаудағы орнын 

көрсетсе керек.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагоги-

калық университеті – Қазақстан 

Республикасындағы ертеңгі ұлттың тәлім-

тәрбиелік ядросына жауап беретін тек 

қана қыздар білім алатын қасиетті ұя. Бұл 

оның мемлекет өмірінде қоғамымыздың 

барлық маңызды салаларына білікті маман 

даярлаумен айналыса отырып, айрықша 

маңызды істер тындырып жатқан келелі 

істерінен де көрінеді. 

Университетімізге өтініш берген та-

лапкерлер саны биыл мол болғандықтан, 

қосымша гранттар да бөлінді. Жалпы 

грант иеленіп Қыздар университетін таң-

дағандар саны күндізгі бөлімге – 587, ал 

сырттай бөлімге – 17. Ал жалпы 1 курс  қа 

қабылданған талапкерлер саны – 1835. 

Осыдан-ақ университетке деген ын-

тызарлықтың қандай болғанын байқай 

аламыз. Бұл былтырғы оқу жылымен са-

лыс тырғанда бірнеше пайызға жоғары.

Осындай көрсеткіштің нәтижесінде 

Қыздар университеті Қазақстан Рес-

публикасы ұлттық, мемлекеттік, же-

кеменшік жоғары оқу орындары ара-

сындағы талапкерлердің педа гогикалық 

маман дықтарды таңдауы бойынша көш-

басшы орындардың қатарына шығып, 

ал мемлекеттік университеттер ішінде 

алғашқы орынға тұрақтады. Бұл 2012 

жылғы студенттерді тарту науқанындағы 

көштің басына шығуымыз ең бірінші 

оқытушы-профессорлар құрамы ең-

бегінің жемісі екені айдан анық.

Қазіргі таңда Қыздар университеті 

мәртебесінің ұлттық университеттермен 

тайталасып, мемлекеттік университеттер 

арасынан көшбасшы болуын сарапшы-

лар әртүрлі жорамалайды. Оның ішінде 

сапаның күрт көтерілуін жаңа келген 

басшылық қызметімен байланыстыра-

тындар да бар. Екіншіден, мұндай биік 

өреге көтерілуімізге кейінгі жылдағы 

білім беру сапасының артуы, оқытушы-

профессорлар құрамы сапасының 

көтерілуі, университетте болашақ ұлт 

тәрбиешілерінің әлеуметтік мәселелеріне 

көптеп көңілдің бөлінуі және тәлім-

тәрбиелік мәселелердің нығайтылып, 

оған жан-жақты назардың аударылуы ба-

рынша зор үлес қосып отырғандығы еке-

ні ақиқат. Яғни, бұл дегеніміз – Қыздар 


5

5

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№8 (97)

30 қараша,

2012 жыл

Қ А Б І Л Е Т Т І Л І К

қыздың арманы

университеті ұлт тәрбиешілерін замана-

уи тұрғыда даярлауға барынша күш салып 

отырған қасиетті орда деген сөз.

Биыл бакалавр бойынша 6 фа-

культет 43 мамандыққа талапкерлерді 

қабылдады. Олардың арасында 1835 жас 

өскін «Қыздар университетінің студенті» 

деген лайықты атауға ие болды. Айта 

кету керек, оң солын танымай келген 

«балмұздақтардың» дұрыс таңдау жасауы-

на көрсетілген үгіт-насихаттық ақпарат 

пен оқытушы-профессорлар құрамының 

еңбегі бұл жерде ұшан-теңіз. Сондай-

ақ, бекітілген кесте бойынша үгіт-бағдар 

жұмыстарының жүргізілуі, дер кезінде 

«Ашық есіктердің» ұйымдастырылуы, 

республикаға танымал болып үлгерген 

Ыбырай Алтынсарин олимпиадасының 

жүйелі түрде ұйымдастырылуы да 

қасиетті қара шаңырақтың беделіне зор 

үлес қосты деуге болады. 

Тағы бір айта кететін мәселе, биыл 

тұңғыш рет докторантураға (PhD) 6 грант 

бөлініп, қазақ тілі мен әдебиеті және био-

логия мамандықтары бойынша алғашқы 

қарлығаш болып саналатын үміткерлерді 

қабылдады. Бұл университет тарихын-

да биыл ғана жүзеге асып жатқан айтулы 

оқиға. Сонымен қатар, биылғы 2012-2013 

оқу жылына магистратураға 22 мамандық 

бойынша барлығы 258 грант бөлінді, 

оның 23-і мақсатты орынға белгіленген. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр магиста-

ртураға небәрі 130 грант бөлінген болатын.

Осындай құндылықтар мен жасалған 

игіліктерді сөз еткен ректор Динар 

Нөкетаева алда атқарылатын қыруар 

жұмыстардың тұрғанын тілге тиек 

етті. Бұл үшін ұжымға тынбай қызмет 

ету қажет. Жасыратын жоқ, қазірде 

Қыздар университетінің студенті ата-

ну әрбір қыздың арманы екені сөзсіз. 

Оны кейінгі жылдары жасалып жатқан 

шаралардың нәтижесі көрсетіп отыр. 

Оның ең бастысы – Ұлт Көшбасшысы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың педагогтарға 

жасап отырған қамқорлығы мен артып 

отырған сенімі екені даусыз. Осының 

нәтижесінде, ұлт тәрбиесімен айналы-

сатын ұстаздыққа деген сұраныс кейінгі 

жылдары қайта өрістеді деуге болады.

Ректордан кейін сөз алған ҚР 

Парламенті сенатының депутаты Әділ 

Ахметов Қазақстан Республикасының 

П р е з и д е н т і   Н . Н а з а р б а е в т ы ң 

халықаралық аренадағы үлкен абыройы 

туралы айтып, күні кеше ғана Париж-

де өткен халықаралық көрме бюросын-

да Қазақстанның EXPO-2017 көрмесін 

үлкен бәсекелестікпен жеңіп алғандығы 

жөнінде тебірене сөйлеп, жиналған 

қауымды ірі жеңістерімен және алда 

келе жатқан Тұңғыш Президент күні 

мерекесімен құттықтады. Студенттерді 

алған білімдері мен тәжірибелерін ел 

ертеңін қалыптастыруға, кемел келешекті 

орнатуға жұмсауға шақырды.

Мерейлі мерекемен үйлестірілген 

бірінші курс студенттерін Қыздар 

университетіне қабылдау рәсімінде Ди-

нар Нөкетаева бірінші курс студенттеріне 

«Студенттік билет» табыстап, оның 

табиғатына адалдықпен қарап, оған 

лайық болуға тілек білдірді. Ал бірінші 

курс студенттеріне «Білім кілтін» ҚР 

Парламенті сенатының депутаты Әділ 

Ахметов тапсырып, өскелең ұрпақтың 

қайнары терең білім нәрімен сусындау-

да асқан ыждаһаттылық, қайсарлық, тың 

ізденіс қажет екендігін жеткізді. «Сынақ 

болып қалмақ. Онда өресі мықтының ел 

тірегі болатынын айтқан мемлекет бас-

шысы барлық құндылықтардың білім мен 

ізденісте жатқанын жеткізген болатын: 

- Ықылым замандардан қалған «Білекті 

бірді жығады, білімді мыңды жығады» 

деген аталы сөз бар. Қазақтың бұл 

мақалының өзектілігі бүгінгі таңда тіптен 

айрықша. Бұл заман білекке сенетін емес, 

білімге сенетін заман. Заманауи әлемде 

елдің қуаты ең алдымен азаматтарының 

білімімен өлшенеді. Сол білімді әжетке, 

тұрмыс игілігіне жарата білуімен 

бағаланады. Инемен құдық қазғандай

қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат 

пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – 

өмір тұл. Терең білім – тәуелсіздігіміздің 

тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдас-

паны, – деген Елбасы, – Ғасырларға со-

зылған тарихында тұңғыш рет байырғы 

қазақ жерінде абсолютті халықаралық 

легитимділікке ие мемлекет орнады. 

Танылған мемлекеттік егемендік – бұл 

аса зор және аса қымбат ресурс екенін 

айтуға тиіспін. Осы жылдар бедерінде 

еліміз осы егемендік пен саяси салмақты 

жеңіп алу және мойындату үшін жұмыс 

істеді. 20 жыл өткенде мақсат орындал-

ды. Тәуелсіздік жылдарында, яғни тек 

бір ұрпақ шеңберінде, Қазақстан даму-

шы елден табыс деңгейі орташа және 

экономикасы өсу үстіндегі елге айналды. 

Өмір сапасы еселеп жақсарды, өйткені, 

біз әу бастан қазақстандықтар өмірінің 

жоғары үлгі-қалыптарына бағыт алдық. 

Мәселен, кедейлік деңгейі соңғы он жыл-

да 4 есе қысқарды. Теңгермелі сыртқы 

саясат Қазақстанға әлемдік аренада 

үлкен табысқа қол жеткізуге мүмкіндік 

берді. Адам ресурсына ұзақ мерзімді 

және ойластырылған салымдар бізге та-

лантты және, мен сенімдімін, табысты 

жас ұрпақты сыйға тартты. Біз, сіздер 

кәсіпқойлар болып, Жер шарының 

кез келген бұрышында сұранысқа 

ие, Қазақстанға ХХІ ғасырда табыс 

пен игілікті қамтамасыз ете алу үшін 

сіздердің оқуларыңыз бен өз-өздеріңізді 

жетілдіруге барынша қолайлы жағдайлар 

туғыздық. Бұл, қажет деп тапсаңыздар, 

сіздердің болашақ миссияларыңыз 

және сіздердің аға буын алдындағы 

жауапкершіліктеріңіз, - деп мемлекеттің 

болашағы жастардың, яғни біздің 

қолымызда екенін баса айтты.

Сондықтан, «студент» атану әрбір 

жастарымыз үшін өте керемет сәт. Ине-

мен құдық қазғандай терең білімнің 

б и і к   ш ы ң ы н   б а ғ ы н д ы р у   қ а й с а р 

қыздарымыздың басты мақсаты болуы 

тиіс. 


Елбасымыз бір сөзінде «Жер бетіндегі 

жақсылық, ізгілік, қайырымдылық 

атаулының бәрі де ананың ақ сүтімен 

таралады», - дегені бар. Қазақ қыздарын 

отбасының құты мен ырысы, ұйытқысы 

мен жылуы деп таныған. Осыған орай

бүгінгі студент – ертеңгі маман, болашақ 

ана ғана емес, мемлекет, халық, ел 

мүддесінің жанашыры, ел мен ердің ара-

сын байланыстыратын дәнекер елшісі бо-

лып қала бермек.

Соңы концертке ұласқан Ұлттың 

Анасын тәрбиелейтін Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университеті 

ұйымдастырған «Елін сүйген, елі сүйген 

Елбасы» атты салтанатты шара бізге, бар-

ша студенттерге оның ұлы миссиясын, 

мақсат-міндетін өте әсерлі әрі тартымды 

етіп жеткізді. Енді біз тек соған лайық 

болуға ғана ұмтылуымыз керек.



Айдана БЕКМҰРАТҚЫЗЫ,

жаратылыстану-гуманитарлық 

факультетінің 2 курс студенті

кітапшасын» табыс еткен «Атамұра» 

корпорациясының президенті Рахымғали 

Құл-Мұхаммед оның іші тек үздік 

бағалаларға толы болуына тілектестігін 

сездірді. 

Бірінші курс студенттеріне қажетті 

құндылықтарды берілгеннен кейін, олар 

да қарап қалмай осы сенімге лайық болуға 

деген құлшыныстарын білдіріп, «Мен, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика-

лық университетінің студенті шәкіртке 

қ о й ы л а т ы н   т а л а п т а р д ы   а р - н а м ы с 

кодексіне сай бұлжытпай орындауға, 

тәуелсіз қазақ елінің азаматтығын абы-

роймен сақтауға, ата-баба аманатын 

ақтауға, арыммен, жаныммен қорғауға 

ант етемін! Отан үшін, ел үшін, Атамекен 

жер үшін, кең даламды, қасиетті туым-

ды көзімнің қарашығындай сақтауға ант 

етемін! Ел бастаған көсемді, сөз бастаған 

шешенді, данагөй аталарымды, ел іргесін 

қорғайтын ержүрек ағаларымды қолдауға 

ант етемін! Жеті ғаламның сырын, жеті 

жұрттың тілін үйреніп, бар өмірімді 

халқыма арнауға Ант етемін!» деп барша 

бірінші курс студенттері атынан сахнаға 

көтерілген Нұргүл Темірешева ел алдында 

үдеден шығу үшін Ант берді. Оған барлық 

бірінші курс студенттері «Ант етемін!» деп 

қосылған сайын театр ғимараты тітіреніп

асқақ рух залды кернеп кетті.

Расында, Қыздар университетінен 

ұлттың тәрбиешілері ғана емес, сонымен 

қатар болашақтың іргетасын қалауда 

маңызы зор ұлттың аналары мен ма-

мандары да шығатыны анық. Осыған 

сәйкес, біз терең білім алып, ұлттық 

құндылықтардан нәр алған тәлімгер 

болуымыз керек. Ол үшін ҚР Тұңғыш 

Президенті-Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың ел студенттеріне қыркүйек 

айында оқыған дәрісі айқын бағыт-бағдар 

АТАНУ –


АТАНУ –

6

6

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№8 (97)

30 қараша,

2012 жыл

А Л А У


Біздің алдымызда Елбасы қойған, уақыт 

талап еткен жаңа міндеттер тұр. Қарыштап 

алға дамыған т рткүл дүниедегі  ркениет 

рінен табылу үшін біздер, яғни жастар осы 

заманның талабына сәйкес берік біліммен 

қарулануымыз керек. Тек қана біліммен ғана 

емес, жастар сонымен бipre, адамгершілік, ру-

хани құндылықтарды да бойларына сіңірулері 

шарт. Сонда ғана Қазақстан қоғамының берік 

нығаюына даңғыл жол ашылады. 

Біздің басты мақсатымыз – к пұлтты және 

к пмәдениетті ортада белсенді де тиімді ты ныс-



Жаңа оқу жылы тың серпіліс, жағымды 

жаңалықпен басталды. Елбасымыз 

Астанадағы Назарбаев университетінде 

«Қазақстан білім қоғамы жолында» 

тақырыбында интерактивті дәріс өткізді. 

Білім саласында қызмет етіп жүрген әрбір 

ұжым үшін де, жастар үшін де жолданған 

тың пікір көпшіліктің көңілінен шығып, зор 

серпіліс сыйлады. Осы дәрісте еліміздің 20 

жыл ішіндегі жеткен жетістіктері туралы, 

жас ұрпақ үшін географиялық болмыс 

емес, үлкен ізет пен зор жауапкершілік 

дегенге саятын ақыл-кеңеске толы 

әңгіме өткізілді. Алдағы уақытта жарқын 

өмір сүруге, дамыған, бәсекеге қабілетті 

елдер қатарына енуге кұлшынысы бар, 

күрделі мәселелерді ойлай алатын және 

шеше білетін жаңа ұрпақ тәрбиелеу 

талап етілді. 

«Біз елдің – ертеңіміз!»

екеуіміз қатысып қайттық. Ондағы алған 

әсеріміз  те келелі болды. Астанаға барып 

қайтуымызға қолдау к рсеткен Қыздар 

университеті басшылығына алғысымды 

білдіремін.

Жастар құрылтайы еліміздің барлық жас-

тарына үлкен серпіліс бергені анық. Қазірде 

оны жер-жерде әріптестеріміз кеңінен 

талқылап жатыр. Осы орайда, Елбасымыздың 

«Қазақстан білім қоғамы жолында» атты 

дәрісін және «Жас Отан» жастар қанатының 

II сьезінде тапсырылған жұмыстарды атқару 

мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар пе-

дагогикалық университеті Жастар ісі ж нін-

дегі комитетінің ұйымдастыруымен «Біз 

елдің – ертеңіміз!» атты Алматы қалалық 

жастар форумын ұйымдастырды. Форумға 

Алматы қаласындағы жастар ұйымдары мен 

съезд делегаттары, жоғары оқу орындарында ғы 

жастар ісі ж ніндегі комитет т рағалары, жа-

лынды да жігерлі студенттер бас қосып, онда 

Елбасы қойған тапсырмалар ж нінде кеңінен 

пікір алмасу болды.

Алматы қаласының жалынды студент тері 

қатысқан «Біз елдің – ертеңі міз» форумын 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық уни-

верситетінің ректоры Динар Жүсіпәліқызы 

Н кетаева с з с йлеп ашты. Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев жастарға аса зор қамқорлық жасап 

отырғанын айтқан Динар Н кетаева:

– Астанада  ткен «Жас Отан» жастар 

қанатының ІІ сьезінде Нұрсұлтан  бішұлы 

« здеріңіз білесіздер, биыл мен Үкіметке жас-

тар саясатын күшейту ж нінде нақты тапсыр-

малар бердім. Жастармен жүйелі жұмыс жүргізу 

үшін Білім және ғылым министрлігінде Жастар 

істері ж ніндегі комитет, ал барлық облыс тар-

да – жастар істері ж ніндегі басқармалар құ-

рылды. Мен әр  ңірде Жастар істері ж ніндегі 

кеңестерді облыс әкімдері тікелей басқаратын 

болсын деп нұсқау бердім.

Еуразия ұлттық университеті базасында 

Жастар ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. 

Мен «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы 

шеңберінде жыл сайын жас отбасыларына 

3 мың пәтер б лу ж нінде тапсырма бердім. 

Тек биылғы жылы ғана мемлекет 95 мың жас 

қазақстандықтың еңбекке орналасуына ықпал 

етті. Сіздердің бүгініңіз бен болашағыңызға 

қамқорлық әр кезде де менің саясатымның 

бас ты мәні болған.

Халық бірлігін нығайту – бұл сіздер, жастар 

үшін. Жаңа университеттер, кәсіптік коллед-

ждер – сіздер үшін. Жаңа зауыттар мен жұмыс 

орындары – олар да сіздер үшін. Саламатты 

мір салты мен спорт – сіздер үшін. Қазақстан 

елінің халықаралық беделі – ол да сіздер үшін.

Осының бәрі күн сайынғы ауыр еңбекпен 

құрылды және құрылуда. Бұл Жалпыға 

Ортақ Еңбек Қоғамының негізі. Сондықтан 

бүгінде жастар саясатының жаңа міндеттерін 

белгілеудің маңызы зор» деп бүгінде 

мемлекеттік саясаттың жастарға к рсетіп 

отырған қамқорлығын айтып, оны сезінуде, 

елдік пен мемлекеттіктің  ркен жаюының ба-

сында жастардың тұру қажеттігін еске салды. 

Сондықтан, жастар әрқашанда Елбасы сенімі 

мен ел тілегін ақтау үшін барлық күш-жігерін 

аямау қажет» деп мемлекеттің болашағына 

айналу бағытында бас қосып отырған форум 

жұмысына сәттілік тіледі.

Алматы қаласы Жастар ұйымдарының 

жетекшілері мен белсенді студенттердің ба-

сын бір арнаға тоғыстырған форумда Қыздар 

университеті жастарының к шбасшылары 

«Қазақстан жастарының мәдени дамуы мен 

бірлігі», «Жаңа даму жолындағы «Жас Отан», 

«Ұлттық білім жүйесін модернизациялау», 

«Жаһандық бәсекелік ортадағы заманауи білім 

беру» тақырыптарында баяндамалар оқыды. 

Форум қонақтары бірінен кейін бірі с з алып, 

елдің ертеңін қалыптастыру бағытында тың 

идеялары мен ойларын ортаға салды.

Қалалық форум соңында белсенді жастар 

арнайы Қарар қабылады. К птеген мемлекеттік 

мәселелерді қамтыған Қарар мәтіні «...біз 

алдымызға нақты міндеттер қоя отырып – 

мықты да бәсекеге қабілетті  Қазақстанды құру 

үшін аянбай тер т геміз, барлық жастық күш-

жігерімізді арнаймыз.

Қазақстан жастарының күші – ынтымақта, 

бірлікте. Біз  жастар Елбасының стратегиялық 

бағыты т ңірегіне топтасып,  сонда ғана 

алдымызға қойылған Қазақстанды дамыту 

мақсатына қол жеткізе аламыз. 

Біз, Қазақстан Республикасының Прези-

денті Н. .Назарбаевтың «Қазақстан білім қо-

ға мы жолында» тақырыбында  ткізілген ашық 

on-line интерактивті дәрісі мен  «Жас Отан» 

жастар қанатының ІІ съезінде міндеттеген тап-

сырмаларын назарға ала отырып, оның жүзеге 

асуына Қазақстан жастарының белсенділікпен 

атсалысып, бір кісідей жұмылатынына с з 

береміз!» деп тұжырымдалып, оған барлық фо-

рум делегаттары қол қойды.

Форум жұмысы «Біз елдің – ертеңіміз!» 

деп ұрандатқан жастардың келешекке деген  з 

сенімдерін барынша нығайтқаны с зсіз. Шара 

соңы Қыздар университетінің студенттері 

дайындаған патриоттық концертке ұласты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет