Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Адам өзін өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс


Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыс



бет3/14
Дата20.06.2023
өлшемі186,24 Kb.
#102698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Есқара Жансая Маратқызы

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыс

бұзылысын ерте диагностикалаудың мәні

Мектеп жасындағы балаларды оқыту сапасы мен тиімділігінің жоғарылауы ауызша және жазбаша сөйлеу тілі кемістісіктерін алдын-алу мен жоюға қазіргі заманғы болжамдар жасауға мүмкіндлік береді. Неғұрлым түзету жұмыстары ертерек басталса, соғұрлым сөйлеу тілі кемістіктерін жою педагогикалық қараудан тыс қалуға алып келетін салдарджың алдын-алуына алып келеді. Міне сондықтан да тәрбиеші-логоп


еді бірінші балаларға (ересек топтағы үлкен көңіл бөлу керек [21].


Сөйлеу кемістіктері дұрыс анықтау, ауызша сөйлеу тілі кемістіктерін дұрыс топтастыру, адекватты түзету жұмыстарын ұйымдастыру, оқу мен жазудың бұзылуын алдын-алып қоймай, ана тілі бойынша оқу бағдарламасын меңгеруге артта қалуға жол бермейді. Жоғары айтылғандарға негізделе отырып, түзете әсер берудің тиісділігі барлық сөйлеу тілі кемішілктерінің сонымен қатар оқудың бұзылуын етре диагностикалау деңгейімен анықталады. Сондықтан логопедтің негізгі міндеті әр баланың сөйлеу кемістіктерін дұрыс бағалау болып табылады.
Ана тілі өзінің құрылымы бойынша өте күрделі. Неғұрлым баланың ауызша және жазбаша сөйлеуін ерте анықтап, жойсақ, соғұрлым балаға мектепте оқуға жеңіл болады.
Жеті жастан мектепке қабылдау біздің елімізде жай алынбағанын ескере кеткен жөн. Дәл осы кезеңдегі баланың дамуы «жеті жас кризисі» деген атқа ие, оны Л.С.Выготский көрсеткен [22]. Ол дәл осы уақытта «утрата детской непосредствонности» баланың ішкі және сыртқы тұлғалық жақтарының ажырау бастамасы. Балада уайымдау, қайғымен іштей кіресу пайда болады.
Л.С.Выготский көрсеткендей [22,47б.] уайымдау тұлғалық өзара әрекетті үйрену және даму ортасының бірілігі болып табылады және биосоциалды құрылымды иеленеді. Ол жеті жас кризисінің мынадай белгілерін ерекшелеп көрсетті: сылану, сәндену, қылықтану, өзін-өзі жақсы көру, өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі бағалауды «мотивациялық жүйе» ретінда қарастыруға болады [9,315б.]. Л.И.Божович [23] «тұлғалық қалыптасудың орталық бөлігі болып адамның мотивациялық аймағының дамуы, оның қажеттіліктерінің, тілектерінің, құштарлығының және ниетінің дамуы болып табылады... Мотивациялық аймақтың дамуына байланысты баланың танымдық қабілеттіліктері, оның дағдысы, біліктілігі, әдеті, мінезідің дамуы жүзеге асырылады» деп ерекше атап өткен.
Жеті жастағы кризис туралы Божович айтқандай [23.112б.], балада осы жаста өзіндік «Мен» дегені қалыптасады. «Оның жақсы іске асырылуы үшін, А.В.Запорожец былай нұсқады [24], сай келетін ұмтылысы және мотиві мектепке дейінгі жаста алғашқы кезде қалыптасуы керек. Ары қарай оқу барысында олардың әлеуми мағынасы ашылады, яғни оқу арқылы жоғарғы нәтижеге жетеді, ал олардың қабілеттерінің шыңдалуы оларды жаңа біліммен, біліктілікпен қаруландырып, болашақта қоғамға пайдалы әрекеттер үшін қажетті қабілеттіліктерін дамытады.Осыған сәйкес бала алдында жаңа тапсырманы шешуге, яғни ойын немесе тәжірибелік іс әрекет барысындағы тапсырмаларды шеше білуге күш пайда болады».
Егер ерте болған балалық әрекеттердің түрі сыртқы әрекеттің пайда болуына бағытталған болса, ал қазір бала алдында осы әрекеттерді меңгеру жолымен өз-өзін өзгерту тапсырмасы тұр. Оқыту барысында жаңа мотивтер мен жаңа тапсырмаларды қалыптастыру мектепте оқу шартында баланың ішкі позициясының түбегейлі өзгеруін болжайды.
Л.И.Божович [23,3286б.] сонымен қатар тұлғалық бағыттылық баланың жасына қарай өзгереді. Жасы өсе келе мотивациялық құрылымның тұрақтылығы өседі, баланың даму және тәртіп мотивациясы өседі.
Тіл кемістігі бар балаларды нәтижелі түзету мақсатында оқыту мен тәрбиелеуге қол жеткізу үшін:
-Балалардың жеке басының ерекшеліктерін ескеру қажет,
-Баланың психикалық-физиологиялық және бірдей жас ерекшеліктерін ескере отырып, тіл кемістігін бағындыруға болатындығын дәлелдеуге жағдай тудыру керек,
-Тіл кемістігін түзетудің әсерлі жолдарын орнату үшін дәрігермен, психологтармен, педагогтармен және ата-аналармен біріккен ұжымдық қарым-қатынас жасау қажет.
Логопедтік түзету әсері бұл кешенді психологиялық-медициналық-педагогтық сипатта болады. Медикоментоздық емдеу ми жүйесінің жедел жетілуіне бағытталған емнің түрі болып есептелінеді, ал мұндай емдеу арқылы невротикалық ауру түрін жойып, логопедтік жұмысты жеңілдетуге қол жеткізуге болады. Тіл мен психикалық дамудың барысы қалыпты болуы үшін аталған емдеу түрімен баланы жас кезінде емдеу өте маңызды. Нәтижелі түзету әсерлі болуы үшін қажет болған жағдайда жалпылама беріктендіретін емдеу жүргізу қажет [4,94б.].
Жалпы, түзету әсері бұл түзету барысында оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде тіл кемістігін жоюға бағытталған педагогтық үдеріс болып табылады. Логопедтік әсер арнайы қағидаға негізделеді:
1. этиопатогенетикалық этиология есебі мен тіл кемістігі механизмі, тіл кемістігінің жүйелілігі мен есеп құрылымы;
2. кешенділігі;
3. жеке тұрғыда қарауға;
4. кезеңділігі;
5. дамуға;
6. онтогенетикалығына;
7. жеке ерекшеліктерінің есебіне;
8. қызметтік тұрғыдан қарағанға;
9. айналу жолдарын пайдалануға;
10. тілдің табиғи дамуы жағдайында сөйлесуге машықтану құрылымына.
Әр түрлі нысандағы тіл кемістігін жою жөніндегі логопедтік жұмыс жүйесі құбылыстағы елеулі жайттарымен есептелінетін жалқы мәнге ие.
Жеке тұрғыдан келу баланың этиология, механизм, симптоматика, тіл кемістігі жүйесі, жас және жеке ерекшеліктері есебімен жүзеге асырылады. Тіл кемістігін түзету жұмыстарының үдерісі кезінде кемтар балалар дамуының жалпы және өзіндік заңдылықтары есептелінеді.
Логопедтік әсер бұл әртүрлі кезеңдермен ерекшелетін күрделі мақсатты үдеріс, олардың әрқайсысы да түзетудің өзіндік мақсаттарымен, әдістерімен, тәсілдерімен сипатталады, бір кезеңнен келесі бір кезеңге өту үшін өзіндік алғышарттары жалғасып құралады.
Логопедтік әсер сөздің нысаны және функциясының құрылымы мен заңдылықтарына негізделінген онтогенетикалық қағида негізінде құрылады. Логопедтік жұмыстарда әр түрлі тіл кемістігі бар балалардың, сондай-ақ жас ерекшеліктерінің құрылымы ескерілетін түзету және тәрбиелеу маңызды орын алады.
Тіл кемістігі бар баланың оны қоршаған адамдармен сөйлесу арқылы қатынас жасауы, оған қалыпты жағдай туғызады. Кемістікті түзету оның іс-әрекеті арқылы жүргізіледі, мектепке дейінгі балаларда сөздік қорын байытатын, жеке ерекгшеліктерін қалыптастыратын ойнау кезінде қалыптасады.
Педагогтық әсерге баланың консультациялық-әдістемелік жұмыс кезіндегі ата-анасымен және мұғалімдермен ара-қатынасы барысында қалыптасады деп қарауға болады. Бұл әдістің мақсаты оқытылатын балаға оқу орнында және үйінде дұрыс жағдай жасау.
Логопед педагогтар мен ата-аналарды баланың тіл кемістігінің сипаты, түзету кезеңіндегі қолданылатын әдістер, тәсілдер туралы мәлімет береді, сонымен бірге тек логопедтің бөлмесінде емес, үйде қандай жаттығулар жүргізу керектігін түсіндіреді.
Түсінікті сөзбен ата-аналарға, балаға тіл кемістігінің себебін, оны жою жолдарын бірлесіп шыдамды жұмыс жасау барысында айтылады. Логопедтің жұмысы ата-аналармен, педагогтармен жеке сұхбат түрінде, ашық сабақтар өткізу, әдістемелік мәжілістерде және баланың оқуға келген кездегі сөйлеу мүмкіншіліктерімен қазіргі сөйлеу жағдайын таспаға жазылған дыбыстарды салыстыра отырып өткізіледі. Логопедке ата-аналар мен педагогтармен етене араласу арқылы үйге берілген тапсырмаларды орындап, сөйлеуге машықтандыру қажет.
Консультативтік-әдістемелік жұмысқа мектепке дейінгі және оқу орындарында жеке сұхбаттасу, дәріс оқу, теле-радиода сөйлеу жатады. Мұндай іс-шара логопедтік білімді насихаттау болып есептеледі. Логопед-маман өз жұмысында түсіндіру, сендіру, оқыту тәсілдерін кеңінен қолдануы тиіс [25].
Тіл кемістігін жою барысында негізгі нысаны болып табылатын тәрбиелеу, оқыту, түзету, өтем, қалыптасу, оңалту болып табылатын логопедтік әсер болып табылады. Логопедтік әсердің практикалық әдісіне жаттығу, ойнау, нұсқаландыру жатады.
Жаттығу - баланың практикалық және саналы іс-әрекеттерінің көптеп қайталап жасауы. Логопедтік жұмыста бұл әдіс өте әсерлі, балаларда практикалық және саналы сөйлеу түрі қалыптасады, жаттығу-еліктеушілік-атқарушы, сындарлы шығармашылық болып бөлінеді [26,44б.].
Еліктеушілік-атқарушы жаттығу балалармен үлгіге сәйкес орындалады, логопедтік жұмыста практикалық мән- ентігу, дыбысты,артикулярлы жаттығулар маңызды орын алады.
Алғашқы кезеңдерде іс-әрекеттер практика жүзінде көрсетіледі, ал қайталау кезінде сөйлеу түрінде қайталанады. Логопедтік жұмыстар құрастыру жұмыстарының түрлі әдістері қолданылады, әріптерді құру, бір әріптен басқа әріптеді құрастыру тапсырылады. Творчествалық мәндегі жаттығуларда дыбысты ажырату, дыбыс қайталанудың синтезін анықтау туралы жаттығулар орындалады [26,46б.].
Логопедтік жұмыстар сонымен бірге тіл жаттығуы жиі қолданылады, дыбыс бойынша сөзді қайталап айту, іс-қимылды қайталау ағаш шабу, аюдың жүрісін салу, талдың желмен тербелуі балалардың көңіл күйін көтеріп, жағымды күйге келтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет