Екінші топ балаларын клиникалық және психологиялық-педагогикалық
тексеру кезінде танымдық іс-әрекетінің бұзылулары бар екендігі анықталды.
Үшінші топ балаларында моторлы алалия ретінде клиникалық белгі беретін, тұрақты және арнайы сөйлеу дамымауы орын алады. Бұл балаларда ең алдымен Брок аймағы және бас миының сөйлеу аймағының зақымдалуы тән. Моторлы алалияның белгілері келесі болып табылады: фонетикалық, лексикалық, синтаксистік, морфологиялық, сөйлеу әрекетінің барлық түрі және ауызша мен жазбаша сөйлеу түрі [27,65б.].
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларда әрқашан дыбыс айтудың бұзылысы, фонематикалық естудің дамымауы, сөздік қор мен грамматикалық қатардың қалыптасуындағы айқын артта қалуы белгіленеді. Бұл балалар өзін қоршаған адамдармен байланысқа өзбетінше түседі, алайда оларда еркін тілдесу қиынырақ. Олар дұрыс дыбыстай алатын дыбыстарының өзі олардың еркін сөйлеу тілінде жеткілікті анық дыбысталмайды [28].
Олар өздеріне қиын сөздерден алшақ болуға тырысады, сын есім мен үстеуді, заттың белгілерін білдіретін сөздерді аз қолданады, сөз түрлендіре қателіктер жібереді. Қателіктің көп мөлшері қатыстық сын есімдерді меңгеруде жіберіледі.
Сөйлеу тілін грамматикалық әрлендірудегі қателіктердің арасында ең өзгешелері болып табылатындары:
- сын есімнің зат есіммен жақ, септік бойынша дұрыс байланыспауы;
- сан есімдердің зат есіммен дұрыс байланыспауы;
- көмекші сөздерді дұрыс қолданбаудағы қателіктер тастап кету, алмастыру, толық айтпау;
- септіктерді көпше түрінде дұрыс қолданбаудағы қателіктер.
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларда дыбыс айтубұзылыстарының барлық түрі байқалады ысқырық және ызың сигматизмі, ротатизм, ламбдацизм, дыбыстау мен жұмсарту бұзылыстары. Сөздің дыбыстық топтастырылуында, буындық құрылымында тұрақты қателіктер белгіленеді. Фонематикалық есту мен қабылдаудың жеткіліксіз дамуы балаларда сөздерді дыбыстық талдау мен жинақтауға өзбетінше дайындығының қалыптасуына әкеп соғады және олар логопедтің көмегінсіз сауат ашуды меңгере алмайды [28,128б.].
Сонымен қатар даму деңгейіне шартты түрде бөлу қарастырылған, мұнда белсенді сөйлеу тілінің айтарлықтай артта қалуы, шектелген сөздік қор, аграмматиизм, дыбыс айту мен фонематикалық қабылдаудың жеткіліксіздігі ортақ болып табылады.
Бір деңгейден басқасына өту жаңа тілдік мүмкіндіктердің пайда болуымен, белсенді сөйлеу тілінің жоғарылауымен, тілдің мотивациялық негіздерінің өзгеруімен анықталады.
Жалпы тіл кемістігін терең зерттеу бойынша Р.Е.Левинаның сөйлеу тілінің қалыптаспағандығының көрсеткіші есебінен оның дамымаушылығының 4 деңгейі бөліп қарастырылады [29].
Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы жатады. Ондайларды мақау балалар дейді. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынандай болып келеді: былдырлап сөйлеседі, жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздерден күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырлап мүлде түсініксіз етіп үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анық айтылмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді.
Олар айтайын деген ойын қолдарын ербеңдету арқылы бет-аузын қисандатып, ымдап түсіндіруге тырысады. Сөйлеу тілінің мұндай кемістіктері ақыл-ойы кем балаларда да болуы мүмкін. Бірақ та сөйлеу тілі дамымаған есі дұрыс балаларды ақылына қарап-ақ сөйлеу тілі дамыған (олигофрен) ақыл-ойы кем балалардан оңай ажыратуға болады. Бұл біріншіден, сөйлегенде пайдаланатын сөздік қорына қарағанда енжар сөздік қорының артықшылығы. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған есі дұрыс балалардың олигофрен балалардан өзгешелігі, ойларын тыңдаушысына жеткізу үшін дене мүшелерінің қимылын және мәнерлі ымды пайдаланады. Оларға өзінің сөйлеу тілінің кемшілігіне сын көзімен қарап, оны қалайда түзетуге бар ықыласымен жолын ақылдың дұрыстығына тән қасиет бар [28,187б.].
Сонымен сөйлеу тілінің ұқсастық жақтарына қарамастан ой-өрісі сөйлеу тілінің дамуы жағынан бір-біріне ұқсамайды. Сөздік қоры шамадан тыс шектелген мұндай балалар заттардың және қимыл-іс әрекеттердің сыртқы түрлеріне немесе олардан шығатын дыбыстардың ұқсастығына қарап өздерінің былдырлаған тілімен барлығына бір сөзбен ат қойып алып түсіндіреді. Мысалы: «дөдө»- машина, солай, кетіпті және т.б. Сонымен бірге қимыл іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді заттың атымен орын алмастыра беретін жағдайларда байқалады. Мысалы: «адас» - қарындаш, жазу, сурет салу ; «тәй» - шай, ішу, тамақ ішу.
Сөйлеу тілі дамымаған баланың кейде бір сөзді сөйлемде де пайдаланатын ерекшелігі болады. Н.С. Жукованың ескерткеніндей [30], бір сөзді сөйлемдегі сөздің түбірі бұзылып тұлғасыз айтылатын жағдай, сөйлеу тілі дұрыс дамымаған балада да байқалуы мүмкін. Бірақ ол тек 5-6 ай ғана созылады, оның үстіне ондай сөздер онша көпте болмайды. Сөйлеу тілі қатты тежеліп өте баяу дамығанда бұл мерзім ұзақ уақытқа созылады. Сөйлеу тілі дұрыс дамыған бала сөздерді байланыстырып сөйлем құрап айтуды ерте пайдалана бастайды. Сөздердің ішінде тұлғасыз сөздер де араласып айтылып кетуі мүмкін, бірақ оларды біртіндеп түзетіп дұрыс айтуға дағдыланып кетеді [30,15б.].
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған баланың да сөйлемінің көлемі 2-4 сөзге дейін кеңейетіндігі байқалады, бірақ бұнда құрылысы бұзылған сөз тіркестері бұрынғы қалпында өзгеріссіз сақталып қалады. Тап осы жағдай сөйлеу тілі дұрыс дамымаған балада еш уақытта байқалмайды.
Сөйлеу мүмкіндігі төмен баланың өмірден алған тәжірибесі аз және айналасындағы өмір тіршілігі туралы мағлұматты жеткіліксіз болып келеді әсіресе табиғатқа байланысты құбылысты. Дыбыстардың қолданылуы тұрақсыз, құбылмалы келеді. Сөйлегенде көбінесе 1-2 буыннан тұратын сөздерді ғана қолданады. Буындары көбірек қиын сөздерді айтқан кезде оның 2-3 буынына дейін қысқартылып, түсіп қалады.
Мысалы: жұмыртқа-ұтқа, домбыра-дома. Фонематикалық түйсігі бұзылғандықтан аттары бір-біріне ұқсас, мағынасы әр түрлі сөздерді сұрыптай алмай қиналады. Мысалы: бала-балға, жаға-жаңа. Бұл деңгейдегі балалар дыбыстың талдау жолын түсінбейді. Сөйтіп жалпы тіл кемістігінің бірінші деңгейін былай сипаттауға болады:
Сөздік қоры жоқтың қасы. Ол былдырлап түсініксіз айтылған сөздерден, басқа дауысқа еліктеген дыбыстардан р-р-р, ш-ш-ш,-з күнделікті қолданылатын кейбір оңай сөздерден тұрады ту-су.
1.Баланың енжар сөз қоры пайдаланатын сөз қорынан едәуір молырақ болады, бірақта, сөз түсінігі тым атаяз. Сөздерді бірнеше рет қайталанған таныс ситуация түсінеді. Мысалы: «Қолыңды қалтаңнан ал» деген бұйрықты бала дұрыс орындауы мүмкін, «қалтанды көрсет» дегенде ол көрсете алмайды. Өйткені ол қалта деген сөздің мағынасын түсінбейді. Байланыстырып сөйлеу қабілеті мүлдем дамымаған.
2.Сөздің, дыбыстың, буынның құрамын сақтап қайталау қабілеті дамымаған.
Сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейіне ауысудың белгісі сол, онда ымдау мен былдыр сөздерден басқа бұрмаланған болса да айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болады. Мысалы: Қыт. Бадя тан тет туй. Қыс. Балалар шана теуіп жүр.
Кейбір грамматикалық тұлғаларды ажыратылуы бір мезгілде байқалады. Бірақ бұл тек екпінді жалғауына түскен сөздерге және тек кейбір грамматикалық категорияларға қатысты болады. Бұл процесс әлі де болса едәуір тұрақсыз екендігін сипаттайды және бұндай баланың сөйлеу тілінің дамуы қатты тежелгендігі анық байқалады [29,47б.].
Сөзді көп білмейтіндіктен баланың тілі кедей, ол өзі білетін заттардың аттарын атаумен және қимыл-іс әрекеттерін айтып берумен ғана шектеледі.
Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда суретке қарап және сұрақ бойынша әңгімелеуі қарапайым, әрі қысқа болғанымен грамматикалық құрылысы мен сөз тізбегі біршама дұрыс. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының жетілуі қанағаттанарлық емес екендігі сөйлеу материалы күрделенген кезде немесе баланың өзі бұрын сирек естіп, аз қолданған сөздер мен сөз тіркестерін айту қажет болып қалған жағдайда оңай білінеді. Мұндай балалар септік жалғаулар мен көпшіл түрін білдіретін жалғаулардың мағынасын жете түсінбейді. Жұрнақ, жалғауларды пайдаланып сөз өзгерту кездейсоқ жағдай, сондықтан да оны пайдаланғанда әр түрлі қателерді көп жібереді [30, 29б.].
Сөзді тармағында жиі қолданады, ауызша талдап қорыту дәрежесі өте қиын. Тұлғалары, қолданылуы немесе тағы басқа белгілері ұқсас бірнеше заттарды бір сөзбен атауы мүмкін. Мысалы: шыбынды, қоңызды, масаны, сонаны, араны, көбелекті бір жағдайда осылардың барлығын тек біреуінің ғана атымен атайды, ал екінші бір жағдайда тағы басқа біреуінің ғана атымен атайды. Балалар заттың атын білгенімен, оны құрайтын бөлшектерін атауға келгенде қиналады ағаштың бұтағы, жапырағы, түбірі, тамыры, ыдыс-аяқтардың, жануарлардың төлдерінің аттарын білмейді. Міне, осының бәрі бұндай балалардың сөздік қорының тым кедей екендігін көрсетеді.
Заттың атын, түсін, тұлғасын, белгісін білдіретін сөзді орнымен дұрыс қолдануды әруақытта толық біле бермейтіндігі байқалады. Қолданудағы қимыл-іс әрекеті әр-түрлі, тұлға ұқсастығы жақын атау сөздерді шатастырып орын ауыстыруы жиі көрініп қалады кесу-керту, қашау-қажу, грамматикалық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер жіберетіндігі арнайы тексеру кезінде белгілі болды.
1. Септік жалғауларды алмастыру (дүкеннен бардым - дүкенге бардым).
2. Сөздің жекеше, көпше тұлғаларын және етістіктің түрлерін қолданудағы қателер.
3. Зат есімнің жекеше, көпше түрлерінің өзгеруі кезіндегі сиырдар-сиырлар.
Баланың тіліндегі жуан және жіңішке, ысқырып және ызыңдап шығатын, қатаң және ұяң, мұрын дыбыстарының, сонымен бірге құрамы әр түрлі буынды сөздердің айтылуы мен үндестігі өрескел бұзылғандықтың салдарынан сөйлегенде сөзінің сапасы жағынан да, саны жағынан да жасына қарағанда едәуір артта қалған.
Буындар мен дыбыстардың орын ауыстыруы, ұқсас буындардың алмастырылуы, қатарласып келген дауыссыз дыбыстардың орналасу заңдылықтары өрескел бұзылады.
Баланы жан-жақты тиянақты тексерудің нәтижесі оның фонематикалық есту қабілетінің нашарлығын, дыбыстарды талдау мен жинақтауға балаға тапсырма бойынша берілген дыбыстардан суретті іріктеп алу және дыбыстарды орнына қойып сөз құрау қиындық туғызады. Дағдылануды игеруге дайын емес екенін оңай анықтауға мүмкіндік береді. Арнайы коррекциялық оқытудың ықпалымен сөйлеу тілі дамуының III деңгейіне өтуі баланың айналасындағылармен қарым-қатынасының кеңеюіне мүмкіндік туғызады [29,48б.].
Жалпы тіл кемістігінің екінші деңгейіндегі балалар төмендегідей сипатталады:
1. Балалардың белсенді сөздігі зат есім, етістік, сын есім, үстеу сөздерімен толықтырылады.
2. Сәтсіз болса да бұл деңгейдегі балалар септік жалғаулар мен жұрнақтарды пайдалана бастағаны байқалады.
3. Бұл деңгейде балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды.
4. Сөзді түсінуі жетіледі, белсенді және енжар сөздіктері толығады.
5. Әлі де көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды. Дыбыстық талдау, жинақтау әдістерін игеруге дайын еместігі байқалады [28,195б.].