2.3 Эксперименталды жұмыстың нәтижесі
Эксперименталды жұмыстың қорытындысын жүргізуде балалардың сөйлеу тілдің компоненттерінің бәрін қалпына келтіру барысында, сөйлеу тілінің және танымдық дамуының ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту түрлерін, ойын түрлерін пайдаланып, әр түрлі көрнекіліктерді қолдану, бойынша жұмыс бөлімдерін арнайы жоспарлауда, тапсырмаларыды ұтымды пайдалану, оқыту кезінде жүйелі жағдайды қолдана отырып, нақты нәтижеге қол жеткіздік.
3- кесте
Сөйлеу тілінде жүйелі кемістігі бар балалардың сөйлеу тілі дамуының деңгейі. Бақылау эксперименті
№
|
Сөйлеу тілі дамуының деңгейлері
|
Орташа көрсеткіш бал
|
Орташа көрсеткіш %
|
1
|
Сөйлеу коммуникациясының даму деңгейі
|
1,7
|
56,6
|
2
|
Байланыстырып сөйлеу тілінің даму деңгейі
|
1,5
|
50
|
3
|
Сөздік қорының даму деңгейі
|
1,4
|
46,6
|
4
|
Грамматикалық құрылымының даму деңгейі
|
1,3
|
43,3
|
5
|
Дыбыс айту қабілеті
|
1,8
|
60
|
Жалпы орташа көрсеткіштері
|
1,54
|
51,3
|
Эксперименталды топтың бақылау эксперимент барысында келесі нәтижелерді көрсетті.
Сурет – 2.
Сөйлеу тілінде жүйелі кемістігі бар балалардың сөйлеу тілі дамуының деңгейі. (Бақылау эксперименті)
Жалпылауыш сөздерді қолдана білуді үйрнді (киімдер, аяқ киімдер, бас киімдер, ыдыс-аяқ, жиһаз, электр құралдары, спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, көкөністер, жемістер, жидектер, гүлдер, ағаштар, саңырауқұлақтар, құстар, балықтар, жануарлар, жәндіктер және т.б.).
Түрлі заттарды атай білу, синоним, антоним сөздерін таба білу, белгілі бір заттың белгілерін білу іскерлігі. Қажетті сөздерді дұрыс түсіну және қолдануын қалыптастыру, оларды өз тәжірибесінде белсенді қолдану.Сөзге қызығушылығы мен зейінін арттқандары байқалды.
Зерттеу жұмысының соңында бақылау экспериментінің нәтижесін көре аласыздар (Сурет –5).
Сурет – 3. Сөйлеу тілі дамуының деңгейлері. (Анықтау және бақылау) эксперимент нәтижелері
Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасты. Осылайша, өзі қолымен ұстап, көруге болмайтын заттар мен құбылыстардың байланысын бақылауына, түсінуіне мүмкіншілік берді. Нақты бейнелі ойлауға бағытталған түсініктен, қисынды шешім шығарып, оны сөз арқылы бейнелеуді меңгерді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қатынасын белгілей алады. Сөйлеу коммуникациясының дамуын тексеру әдіс бойынша 1,7 балы 56,6% көрсетті, байланыстырып сөйлеу тілінің дамуын тексеру әдісі бойынша 1,5 балы 50% көрсетті, сөздік қорының дамуын деңгейі 1,4 бал жинап 46,6 % көрсетті, грамматикалық құрылымының даму деңгейін тексеру әдіс бойынша 1,3 балы 43,3% көрсетті, дыбыс айту қабілетін зерттеу бойынша 1,8 балы 60 % көрсетті.
Балалардың сөйлеу тілі дамуының деңгейінің өзгерістерін келесі суретте байқауға болады (Сурет – 2).
Біздің көз жеткізгеніміздей бақылау экспериментінде балалардың сөйлеу тіліндегі жүйелі бұзылыстарын жою жұмысында жоғарыда айтылған мақсат міндеттеріді пайдаланып, жүйелі жұмыс түрі ұйымдастырылды.
Балалардың сөйлеу тілдің даму деңгей көрсеткіштерін анықтау және бақылау эксперименттің нәтижелерін салыстармалы түрде байқасақ, біршама өзгерістерді көруге болады (Сурет – 3).
Достарыңызбен бөлісу: |