236-бап. Босалқы жерлердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
1. Босалқы жерлердi аймақтарға бөлу кезiнде жағымсыз өзгерiстер байқалған алаң және зерттелетiн аумақтағы тозу дәрежесi әртүрлi учаскелердi бөлудiң кеңiстiктегi әркелкiлiгi ескерiледi.
2. Экожүйелердің тозу жылдамдығы елу жылдық байқау қатары бойынша есептеледі. Экожүйенің тозу дәрежесін бағалау жерді бағалаудың экологиялық өлшемшарттарына сәйкес жүргізіледі.
3. Босалқы жерлер одан әрi пайдалану мақсатына қарай, жергілікті жерде өздері ауыстырылатын санаттағы жердің шекаралары белгiленгеннен кейiн ғана басқа санаттардағы жерлерге ауыстырылуы мүмкiн. Босалқы жерлер басқа санаттардағы жерлерге ауыстырылған кезде осы жер санатына қойылатын экологиялық талаптарға сәйкес жер учаскесiн таңдау алдын ала жүзеге асырылады.
4. Бүлінген жерлердi босалқы жерлер санатынан ауыстыру рекультивациялау және жердiң сапасы мен экологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жүзеге асырылғаннан кейiн мүмкiн болады.
5. Бұрын ядролық қаруды сынау жүргiзiлген босалқы жерлер құрамындағы жер учаскелерi ядролық қаруды сынау зардаптарын жою жөнiндегi барлық iс-шаралар және мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болған кезде кешендi экологиялық зерттеп-қарау аяқталғаннан кейiн ғана меншiкке немесе жер пайдалануға берiлуi мүмкiн
Технологиялық нормативтер
40-бап. Технологиялық нормативтер
1. Технологиялық нормативтер деп осы Кодексте кешенді экологиялық рұқсатта:
1) эмиссиялар көлемінің бірлігіндегі маркерлік ластағыш заттардың шекті саны (массасы);
2) уақыт бірлігіне немесе өндірілетін өнімнің (тауардың), орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігіне есептелетін электр және (немесе) жылу энергиясының, өзге ресурстардың тұтынылу мөлшері түрінде белгіленетін экологиялық нормативтер түсініледі.
Маркерлік ластағыш заттар деп өндірістің немесе технологиялық процестің нақты түрінің эмиссиялары үшін неғұрлым маңызды ластағыш заттар түсініледі, олар осындай өндіріске немесе технологиялық процеске тән ластағыш заттар тобынан таңдап алынады және олардың көмегімен топқа кіретін барлық ластағыш зат эмиссиясының мәнін бағалауға болады.
Маркерлік ластағыш заттар, маркерлік ластағыш заттар эмиссияларының деңгейлері және ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты энергияның және (немесе) өзге де ресурстардың тұтынылу деңгейлері Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша қорытындыларда айқындалады.
2. Технологиялық нормативтерге:
1) шығарындылардың технологиялық нормативтері;
2) төгінділердің технологиялық нормативтері;
3) суды тұтынудың технологиялық үлестік нормативтері;
4) жылу және (немесе) электр энергиясын тұтынудың технологиялық үлестік нормативтері жатады.
3. Технологиялық нормативтер кешенді экологиялық рұқсатта белгіленеді және ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыларда белгіленген оларды нақты қолдану салалары бойынша ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты тиісті технологиялық көрсеткіштерден (олар бар болса) аспауға тиіс.
4. Технологиялық нормативтердің негіздемесі объектінің операторы кешенді экологиялық рұқсат алуға өтінішпен бірге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беретін технологиялық нормативтердің жобасында қамтамасыз етіледі.
Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттері
43-бап. Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттері
1. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкірттің жинақталу көлемдерін қысқарту және оны шаруашылық айналымға тартуды ынталандыру мақсатында күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттері белгіленеді.
2. Осы баптың күші көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру кезінде түзілетін, кез келген агрегаттық күйдегі техникалық газ күкіртіне қолданылады.
3. Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттері күкіртті жер бетінде ашық сақтау үшін жабдықталған әрбір арнаулы алаң (күкірт картасы) үшін күкірттің осындай күкірт картасында құюға және өзге де ашық орналастыруға рұқсат етілген шекті мөлшері (массасы) түрінде белгіленеді.
Күкірттің қоршаған ортаға әсерін болғызбайтын жабық тәсілмен цистерналарда, сүрлемдерде, өзге де резервуарлар мен құрылысжайларда (қоймаларда) оны сақтау экологиялық нормалауға жатпайды.
4. Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттері экологиялық рұқсатта әрбір күнтізбелік жылға белгіленеді.
5. Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттері күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасында негізделеді, ол бекітілген әдістемеге сәйкес өндіріс көлемі туралы деректер негізінде әзірленеді және экологиялық рұқсат алуға өтінішпен бірге ұсынылады.
Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Экологиялық сараптама ісінің құқықтық реттелуі.
Экологиялық сараптама деп экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттаманың Қазақстан Республикасының экология заңнамасы талаптарына сәйкестігін белгілеуге бағытталған және осындай құжаттаманы іске асырудың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға ықтимал елеулі қолайсыз әсер етуінің алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздерін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын сараптама қызметі түсініледі.
2. Экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттаманы іске асыру деп осы Кодексте тиісті құжаттаманы бекіту, осындай құжаттамада көзделген шешімдерге сәйкес қызметті жүзеге асырудың басталуы мен барысы, ал нормативтік құқықтық актінің жобасына қатысты – осындай нормативтік құқықтық актіні қабылдау және қолданысқа енгізу түсініледі.
3. Осы Кодексте экологиялық сараптаманың мынадай түрлерін:
1) мемлекеттік экологиялық сараптаманы;
2) қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізуге қойылатын талаптар белгіленеді.
86-бап. Экологиялық сараптаманың қағидаттары
Экологиялық сараптама жүргізу Экологиялық Кодекстің 5-бабында баяндалған жалпы қағидаттарға қосымша мынадай арнайы қағидаттарға негізделеді:
1) тәуелсіз болу қағидаты: сарапшылар экологиялық сараптаманы жүргізу кезінде өз бағалауы мен тұжырым жасауында еркін болады, Қазақстан Республикасының экология заңнамасын, фактілерді, оларды негіздеудің ғылыми қағидаттарын басшылыққа алады;
2) ғылыми негізділік пен объективтілік қағидаты: экологиялық сараптаманың тұжырымдары аргументтелуге, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, ғылыми білімдер мен ғылыми-техникалық жетістіктердің қазіргі заманғы даму деңгейіне сәйкес келуге және сарапшылардың бейтарап әрі объективті пікіріне негізделуге тиіс.
Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері
Достарыңызбен бөлісу: |