Экологиялық нормативтер – адамның өзін қоршаған табиғи ортаға рұқсат етілген шекті әсер етуінің ғылыми негізделіп, заңнамалық тұрғыда белгіленген шамасы. Қоршаған орта сапасы нормативтерінің мазмұнына қойылатын жалпы талаптар халықтың экология тұрғыдан қауіпсіздігі; тірі табиғаттың да, адамның өзінің де зәузаттық қорын сақтау; тұрғын халықтың қалыпты тіршілік етуінің табиғи жағдайларын ұдайы жаңғыртып отыру және орнықты экономика дамыту. Нормалаудың мақсаты – қоғам дамуының экономика және экология мүдделерін ұштастыру. Экологиялық нормативтердің шекті ұйғарынды шамасы – қоғам дамуының қазіргі технология сатысында экономика және экология басымдықтардың арасындағы ымыра. Сондықтан Экологиялық нормативтер қоғамның шешетін міндеттеріне қарай өзгеруі мүмкін. Ол қауіптілік шегімен – қоршаған ортадағы қоспаның құрамында адам денсаулығына зиянды заттардың болуы деңгейімен айқындалады.
Экологиялық нормативтердің негiзгi түрлерiне:
қоршаған ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шоғырлану нормативтерi;
қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шектi мөлшерде шығарылу және тасталу нормативтерi;
шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерi мен өзге де зиянды физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi;
радиациялық әсердiң жол беруге болатын шектi деңгейiнiң нормативтерi;
агрохимикаттарды ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында қолданудың жол беруге болатын шектi нормалары;
қорғау, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш аймақтарының нормативтерi;
зиянды (ластағыш) заттарды шығарудың, тастаудың үлес нормативтері жатады.
Санитарлық сан бойынша топырақтың тазалығын бағалау.
Топырақтың санитарлық жағдайын талдау үшін оның эпидемиялық, химиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіздігін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер пайдаланылады. Олардың бірі, топырақтың ластануын тікелей дәлелдейтін,тікелей көрсеткіштері. Басқалары, жанама көрсеткіштері, зерттеліп отырған топырақтың көрсеткіштерін салыстыру үшін алынған таза топырақтың көрсеткіштерімен салыстыру кезінде ластанғандығы туралы, ластану мерзімі мен оның ұзақтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Топырақтың эпидемиялық қауіпсіздігінің тікелей көрсеткіштеріне санитарлық-микробиологиялық, санитарлық-гельминтологиялық және санитарлық-энтомологиялық көрсеткіштері жатады Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштерінәң қатарына коли-титр және анаэробтардың титрі кіреді. Бұлар, ішек таяқшасын (коли-титр) немесе Cl. Perfringens (анаэробтар титрі) өсіріп шығаруға болатын, топырақтың ең аз мөлшері. Нәжіспен жаңадан ластанған кезде коли-титр мен анаэробтардың титрі күрт төмендейді, олардың басым көпшілігі спора түрінде емес болады. Ластануынан белгілі бір уақыт өткен соң, ішек таяқшалары мен патогенді спора түзбейтін бактериялар жойылған кезде, анаэробтар титрінің көрсеткіштері салыстырмалы түрде төмен кезінде коли-титрдің жоғарылауы байқалады. Бұл спора түзуші микроорганизмдердің ұзақ уақыт өздерінің тіршілігін сақтап қалуына байланысты.
Геогельминттердің деформацияланбаған тіршілікке қабілетті жұмыртқаларының көптеп табылуы топырақтың жақын арада ластанғанын білдіреді. Ал аскариданың деформацияланған жұмыртқаларының аз ғана мөлшерде кездесуі ластануынан бірталай уақыт бұрын басталғаны жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді, өйткені аскариданың жұмыртқалары көптеген басқа геогельминттердің жұмыртқаларына қарағанда, өздерінің тіршілік қабілетін ұзақ уақыт бойы – 10 жылға дейін сақтап қала алады.Топырақта шыбын мен олардың личинкаларының болуы топырақтың әр түрлі қалдықтармен ластануының және қанағаттанарлықсыз тазартылуының көрсеткіші болып табылады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
230-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аймақтарға бөлу кезінде экологиялық қауіпсіздік және ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалық жай-күйі қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аймақтарға бөлу экологиялық қолайсыздық дәрежесінің көрсеткіштеріне негізделеді, физикалық тозу және химиялық ластану осы қолайсыздықтың өлшемшарттары болып табылады.
3. Жердің химиялық ластану деңгейін айқындау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін топырақтағы химиялық заттардың шекті жол берілетін концентрациясы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
4. Жерді неғұрлым құнды жерден құндылығы төменіне ауыстыру, консервациялау қажеттілігін айқындау, сондай-ақ экологиялық зілзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу мақсатында жерді бағалаудың экологиялық өлшемшарттарын (бұдан әрі – жерді бағалаудың экологиялық өлшемшарттары) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтері
1. Атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтері:
1) атмосфералық ауа жай-күйінің химиялық көрсеткіштері үшін –атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациялары түрінде;
2) атмосфералық ауа жай-күйінің физикалық көрсеткіштері үшін – атмосфералық ауаға физикалық әсер етудің шекті жол берілетін деңгейлері түрінде белгіленеді.
2. Атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы деп осы Кодекске сәйкес ластағыш деп танылған химиялық заттың ең көп мөлшері (массасы) түсініледі, ол адамға тұрақты немесе уақытша әсер ету кезінде оның денсаулығына ықпал етпейді және оның ұрпақтарында қолайсыз тұқымқуалаушылық өзгерістер туғызбайды, сондай-ақ табиғи орта құрамдастарының тозуын туғызбайды, экологиялық жүйелердің орнықтылығын бұзбайды және биоәртүрліліктің қысқаруына алып келмейді.
3. Атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы жекелеген ластағыш заттар үшін:
1) атмосфералық ауа көлемінің бірлігіндегі ластағыш заттың массасы түрінде белгіленеді және миллиграмның текше метрге арақатынасы ретінде көрсетіледі;
2) уақыт бірлігінде жер бетінің бірлігіне шөгетін ластағыш заттың массасы түрінде белгіленеді және күнтізбелік жылда грамның бір шаршы метрге арақатынасы ретінде көрсетіледі.
4. Ластағыш заттар үшін атмосфералық ауа көлемінің бірлігіндегі массалық концентрациялар стандартты жағдайлар үшін 293.15 К және 101.3 кПа деп айқындалады.
5. Ластағыш заттың түріне қарай атмосфералық ауадағы ластағыш заттың шекті жол берілетін концентрациясы көрсеткіштерді орташалаудың мынадай кезеңдері ескеріле отырып белгіленеді:
1) жылдық көрсеткіштер – күнтізбелік бір жыл ішінде атмосфералық ауа көлемінің бірлігіндегі немесе жер беті бірлігіндегі ластағыш зат концентрациясының орташаланған көрсеткіштері;
2) тәуліктік көрсеткіштер – күнтізбелік бір тәулік шегіндегі жиырма төрт сағатта атмосфералық ауа көлемінің бірлігіндегі ластағыш зат концентрациясының орташаланған көрсеткіштері;
3) сағаттық көрсеткіштер – бір сағатта атмосфералық ауа көлемінің бірлігіндегі ластағыш зат концентрациясының орташаланған көрсеткіштері.
6. Күнтізбелік бір жыл ішінде тәуліктік және сағаттық көрсеткіштерден асып кетудің шекті жол берілетін мөлшері көрсеткіштерді орташалау кезеңдерінен бөлек, атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерімен айқындалады.
7. Егер атмосфералық ауа сапасының белгіленген экологиялық нормативтерін сақтау кезінде жекелеген аумақтар шегінде кемінде бес жыл кезеңде ғылыми зерттеулермен расталған табиғи экологиялық жүйенің тірі элементтері (өсімдіктер, жануарлар және басқа да организмдер) жай-күйінің нашарлау белгілері анықталса, онда мұндай аумақтар үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті өкілді органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзінде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын биологиялық объектілердің неғұрлым осал тобының жай-күйі көрсеткіштерінің жағымсыз ауытқуы байқалмайтын атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы және (немесе) физикалық әсер етудің шекті жол берілетін деңгейлері түрінде атмосфералық ауа сапасының неғұрлым қатаң аумақтық экологиялық нормативтерін белгілеуге міндетті.
8. Тұрғын, өндірістік және өзге де үй-жайлардың ішіндегі ауа сапасының нормативтері, сондай-ақ өнеркәсіптік (өндірістік) аймақтар шегіндегі атмосфералық ауа сапасының нормативтері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес гигиеналық нормативтермен белгіленеді. Көрсетілген нормативтер экологиялық нормативтерге жатпайды және Қазақстан Республикасының экология заңнамасында реттелмейді
Төгінділердің технологиялық нормативтері
217-бап. Төгінділердің технологиялық нормативтері
1. І санаттағы объектілер үшін, жол берілетін төгінділер нормативтерінен басқа, кешенді экологиялық рұқсатпен төгінділердің технологиялық нормативтері белгіленеді.
2. І санаттағы жаңа және реконструкцияланатын объектілерге қатысты, егер бақылау тұстамасындағы ластағыш заттардың концентрациясын есептеу нәтижелері су объектісіне түсетін жалпы жүктеме су сапасының белгіленген экологиялық нормативтерінің немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің бұзылуына алып келетінін көрсететін болса, онда кешенді экологиялық рұқсатта су сапасының экологиялық нормативтерін немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін сақтауды қамтамасыз ететіндей етіп, ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты технологиялық көрсеткіштерге сәйкес келетіндерге қарағанда жол берілетін төгінділердің неғұрлым қатаң нормативтері белгіленуге тиіс.
3. I санаттағы жұмыс істеп тұрған объектілерге қатысты, егер бақылау тұстамасындағы ластағыш заттардың концентрациясын есептеу нәтижелері су сапасының белгіленген экологиялық нормативтерінің немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің асып кетуін көрсетсе, онда кешенді экологиялық рұқсатта жол берілетін төгінділердің мұндай неғұрлым қатаң нормативтеріне қол жеткізу объект операторы үшін қолайлы экономикалық шығындар кезінде техникалық тұрғыдан мүмкін болып табылатындай шамада ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты технологиялық көрсеткіштерге сәйкес келетіндерге қарағанда, жол берілетін төгінділердің неғұрлым қатаң нормативтері белгіленуге тиіс.
Қоғамдық экологиялық сараптама, жүргізу уақыты және іс-әрекет уақыты, өкілеттілігі, процедуралары, тіркелуі. Қаржыландыру мәселелері.
98-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама
1. Қоғамдық экологиялық сараптаманы коммерциялық емес ұйымдар құратын сараптама комиссиялары ерікті негіздерде жүргізеді.
2. Қоғамдық экологиялық сараптама кез келген қызметті адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтау жөніндегі қоғамдық мүдделердің сақталуы тұрғысынан қарайды.
3. Жеке және заңды тұлғалар қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы бола алады.
99-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы
1. Коммерциялық емес ұйым қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы болып танылады, оның атынан қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы хабарлама беріледі және сараптама комиссиясының қызметін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылданады.
2. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының:
1) қызметі қоғамдық экологиялық сараптама объектісі болып табылатын тұлғадан қоғамдық экологиялық сараптама жүргізуге қажетті құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама комиссиясын құруға;
3) мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, лауазымды адамдарға, жеке және заңды тұлғаларға қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын ұсынуға құқығы бар.
3. Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы:
1) Экологиялық Кодекстің талаптарына сәйкес қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыруға;
2) жұртшылықтың қоғамдық экологиялық сараптаманың барысы мен нәтижелері туралы хабардар етілуін және қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын дайындау кезінде қоғамдық пікірдің ескерілуін қамтамасыз етуге;
3) қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысының жұртшылық үшін жариялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
100-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылары
1. Қаралатын мәселе бойынша ғылыми және (немесе) практикалық білімі бар және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы осындай сараптаманы жүргізуге тартқан жеке тұлға қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы болып табылады.
2. Мыналар:
1) қызметі қоғамдық экологиялық сараптама объектісі болып табылатын тұлғаның өкілі;
2) ықтимал әсер ету туралы есепті жасаушының өкілі;
3) қызметі қоғамдық экологиялық сараптама объектісі болып табылатын тұлғамен немесе ықтимал әсер ету туралы есепті жасаушымен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастарда тұратын жеке тұлға;
4) қызметі қоғамдық экологиялық сараптама объектісі болып табылатын тұлғамен немесе ықтимал әсерлер туралы есепті жасаушымен шарттық қатынастарда тұратын заңды тұлғаның өкілі қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы бола алмайды.
3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы оны жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы берген тапсырмаға сәйкес қатысады.
4. Қоғамдық экологиялық сараптама сарапшысының қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу кезінде қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісі бойынша ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына қоса беріледі.
5. Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы:
1) Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарын сақтауға;
2) қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісі бойынша қорытынды тұжырымдарының объективтілігі мен негізділігін, сондай-ақ мүдделі жұртшылықтан қоғамдық экологиялық сараптама объектісі бойынша ескертулер мен ұсыныстардың ескерілуін қамтамасыз етуге;
3) қоғамдық экологиялық сараптамаға ұсынылған материалдардың сақталуын және мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына жол бермеуге міндетті.
102-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру
Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру:
1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыратын және (немесе) жүргізетін коммерциялық емес ұйымдардың өз қаражаты;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлерін және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
Достарыңызбен бөлісу: |