Елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластануын есептеу үшін пайдаланылатын бастапқы деректер ретіндегі материалдар


-бап. Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтері



бет4/33
Дата07.01.2022
өлшемі196,94 Kb.
#19221
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Сараптама жауаптары

201-бап. Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтері

      1. Мемлекет атмосфералық ауаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер етудің мынадай нормативтерін белгілейді:

      1) жол берілетін шығарындылар нормативтері;

      2) шығарындылардың технологиялық нормативтері;

      3) атмосфералық ауаға жол берілетін физикалық әсер етудің нормативтері.

   2. Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер етудің нормативтерін айқындау қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді



  1. Топырақтағы экзогендi химиялық заттарды гигиеналық мөлшерлеу.

1)топыраққа түскен экзогенді химиялық заттарды барлық жағдайларда қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпті деп қарастыру дұрыс емес;

2)топыраққа түскен химиялық заттардың қауіптілігі топырақтың экологиялық (өзін-өзі тазарту) қабілеттілігімен анықталады;

3)нормативтер микробиоценоз және топырақтың өзін-өзі тазарту процестеріне әсер ету есебімен экстремалды-климаттық жағдайларда (топырақ ортасынан заттардың қарқынды көшуі) алынған мәліметтерге негізделеді;

4)гигиеналық нормативтер зияндылықтың шектеулі көздерінің есебінен бекітіледі. Ондай нормативтерге: жалпы санитарлық, миграциялық, ауалық, органолептикалық, фитоаккумуляциялық (зиянды заттардың өсімдіктерде жиналуы немесе оларға өтуі) және санитарлы-токсикологиялық нормативтер жатады.



Санитарлы-токсикологиялық нормативтер топырақ құрамындағы заттардың адам ағзасына бір мезетте бірнеше жолдармен, яғни, шаң-тозаң, атмосфералық ауа, ауыз суды тұтыну, тамақ өнімдері және т.б жолдармен түсу мүмкіншіліктерін ескереді.

Топырақтағы ластағыш заттар үш бағытта нормаланады:

- ауыл шаруашылығында пайдаланатын жердің егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшері;

- кәсіпорынның территориясындағы улы заттардың жинақталуы;

- елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын жерлер топырағының ластануы.



Егістік қабаттағы улы химикаттарды нормалауда екі көрсеткіш қолданыладыШРКт және уақытша рауалы концентрация (УРКт)

ШРКт-топырақтың егістік қабатындағы заттардың ШРК, мг/кг. Бұл концентрация адамның денсаулығына, сонымен қатар топырақтың өздігімен тазалануы қабілетіне тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбеуі қажет;


  1. Көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдарды жасап шығару және пайдалану кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар

208-бап. Көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдарды жасап шығару және пайдалану кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар

      1. Шығарындыларында ластағыш заттардың болуы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдарды Қазақстан Республикасында жасап шығаруға тыйым салынады.

      2. Шығарындылары атмосфералық ауаға жағымсыз әсер ететін көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен олардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан ұдайы тексеруге (техникалық қарап-тексеруге) жатады.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық атқарушы органдар және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде атмосфералық ауаға көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдардан ластағыш заттардың шығарылуын қысқартуды ынталандыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға міндетті.

      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары мемлекеттік экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында атмосфералық ауа сапасы нормативтерінің қатарынан үш жыл бойы ұдайы асып түсуі анықталған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдау арқылы атмосфералық ауаға антропогендік жүктемені төмендету мақсатында елді мекендерге немесе елді мекендер шегіндегі жекелеген аймақтарға, демалыс және туризм орындарының аумақтарына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдардың немесе олардың жекелеген түрлерінің кіруіне шектеу енгізуге, сондай-ақ олардың шегінде көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдардың қозғалысын реттеуге құқылы.


  1. Экологиялық нормативтердің негізгі түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет