Электив курс бойынша «аив-инфекциясының эпидемиологиясы, емдеуі және алдын алу» мпф қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 5 Курс студенттеріне 2011-2012 оқу жылына емтихан тест сұрақтары
Электив курс бойынша «АИВ-инфекциясының эпидемиологиясы, емдеуі және алдын алу» МПФ Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 5 Курс студенттеріне 2011-2012 оқу жылына емтихан тест сұрақтары 1. Эпидемиологиялық қадағалау анықтамасы: а) жұқпалы аурулармен сырқаттылықты азайтуға бағытталған алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар кешені
б) ақпараттық жүйе – халық денсаулығын жұқпалы аурулардан қорғау бойынша оңтайлы басқару шешімдерін қабылдауға қажетті деректерді үздіксіз жинау, зерделеу, қорыту, түсіндіру және таратуды қамтамасыз етеді
в) алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар (ЭҚШ) тиімділігін арттыру мақсатымен эпидемиялық процесті үздіксіз динамикалық бақылау (аңду)
г) эпидемияға қарсы шараларды жүргізу мен ұйымдастырудың қазіргі кездегі нысандары
д) адамдар мен жұқпалар ауруларын жұқпалы не жұқпалы емес топтарына блу
2. Эпидемиологиялық қадағалауға келесі кіші жүйелер кіреді: а) ақпараттық
б) аналитикалық
в) ақпарат тарату
г) эпидемияға қарсы шараларды практикалық іске асыру
д) инфекция резервуары болуына қарапайым кемргіштерді жою
3. Эпидқадағалау нәтижелерін мыналар үшін пайдалануға болады: а) басқару шешімдерін қабылдау
б) эпидемияға қарсы іс-әрекеттерді жоспарлау
в) эпидемиологиялық деректер базасын құру
г) қауіп факторлары туралы болжамдар жасау
д) тек мектеп оқушыларын сауықтыру үшін
4. Эпидқадағалаудың әдістемелік негізі: а) эпидемиялық ошақтарды тексеру
б) эпидемиялық бұрқетпелерді тергеп-тексеру
в) сырқаттылықты өлшеу
г) эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу
д) гидромелиоративтік шараларды жүргізу
5. Эпидемиологиялық зерттеуге жатады: а) эпидемиялық бұрқетпелерді тексеру
б) «оқиға-бақылау» типті зерттеу
в) рандоминизацияланған клиникалық ашық зерттеу
г) аналитикалық когорттық зерттеу
д) мектеп оқушыларының орта салмағын анықтау
6. Эпидемиологиялық зерттеудің негізгі кезеңдері: а) дайындық
б) жоспарлау және ЭҚШ-ды жүргізу
в) ақпарат жинау, оны біріншілік өңдеу
г) алынған деректерді статистикалық, логикалық талдау және қорытындылар жасау
д) жеке шаруалардың экономикалық жадайын анықтау