«Электр Желілерін Басқару жөніндегі Қазақстан Компаниясы»


Ақшалай қаражат және қысқа мерзімді депозиттер



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата03.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#6384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ақшалай қаражат және қысқа мерзімді депозиттер  

Ақшалай қаражат және қысқа мерзімді депозиттерге банктер мен кассадағы ақшалай қаражатты және бастапқы 

үш айлық не одан кем мерзіммен бірге қысқа мерзімді депозиттер кіреді. 

Ақшалай  қаражаттың  қозғалысы  туралы  аралық  шоғырландырылған  есептеме  мақсаттары  үшін  ақшалай 

қаражат пен оның баламалары жабылмаған банктік овердрафттары шегеріле отырып, жоғарыдағы айқындамаға 

сай ақшалай қаражат пен қысқа мерзімді депозиттерден тұрады. 



«Электр Желілерін басқару жөніндегі 

Қазақстан компаниясы»  АҚ 

Жеке қаржылық есептеме 



ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы) 

2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін 

 

 



27

 

 



3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ  (жалғасы)  

 

Қолданылуы шектеулі ақшалай қаражат  

 

Халықаралық  Қайта  Құру  және  Даму  Банкімен  («ХҚДБ»),  Еуропалық  Қайта  құру  және  Даму  Банкімен 

(«ЕҚДБ»)  қол  қойылған  жобаларды  қаржыландыру  жөніндегі  кредиттік  келісімге  сәйкес  Компания  борышқа 

қызмет  көрсету  үшін  қажетті  банк  шоттарын  ашты.  Бұл  банк  шоттарында  көрсетілген  ақшалай  қаражаттар 

пайыздар  мен  негізгі  борыш  бойынша  жоспарлы  төлем  жүргізу  үшін  ғана  қолданыла  алады.  Егер  ақшалай 

қаражат есептік кезеңнен бастағанда он екі айға дейінгі мерзімде қайсыбір түрде қолданылуы шектелген болса, 

мұндай  ақшалай  қаражаттар  қысқа  мерзімдік  активтер  ретінде  жіктеледі  және  тиісінше  шоғырландырылған 

қаржылық  есептемеге  берілген  ескертулерде  ашып  көрсетіледі.  Егер  ақшалай  қаражаттың  есептік  кезеңнен 

бастап  он  екі  айдан  көп  мерзімде  қолданылуы  шектелген  болса,  мұндай  ақшалай  қаражаттар  ұзақ  мерзімді 

активтер құрамында көрсетіледі.    



 

Резервтер 

 

Резервтер егер де Компанияның бұрынғы оқиға нәтижесінде туындаған ағымдағы міндеттемесі (заңдық немесе 



іс-тәжірибеден  шығатын)  болса,  осы  міндеттемені  жабу  үшін  талап  етілетін  экономикалық  пайдалардың 

ығысуы      ықтимал  болып  табылады  және  осындай  міндеттеме  сомасының  сенімді  бағалануын  алуы  мүмкін. 

Егер  Топ  резервтердің  кейбір  бөлігін  немесе  барлығын  қайтарып  алуды  жорамалдаса,  сақтандыру  шарты 

бойынша  қайтарым  жекелеген  актив  ретінде,  бірақ  та  қайтарымды  алу  күдікке  жатпайтындай  жағдайда  ғана 

мойындалады.  Резервке  жатқызылатын  шығыс  қайтарымды  шегере  отырып,    жиынтық  кіріс  туралы  есепте 

көрсетіледі.  

 

Түсімді мойындау  

 

Түсім мәмілеге байланысты экономикалық пайданы алу ықтимал болған және егер түсім төлемді жүзеге асыру 

уақытына  қарамастан  сенімді  бағалануы  мүмкін  кезінде  мойындалады.  Түсім  шартта  айқындалған  төлем 

талаптары  ескеріле  және  салықтар  немесе  баж  салықтары  шегерілгенде    алынған  немесе  алынуға  жататын 

сыйақының әділ бағасы бойынша  бағаланады.  Компания  принципиал  немесе  агент ретінде шығуды айқындау 

мақсатында белгілі бір өлшемдерге сәйкес түсімді алуды қарастыратындай өзі жасайтын шарттарды талдайды. 

Топ  барлық  осындай  шарттар  бойынша  принципиал  ретінде  шығатын  тұжырымға  келді.  Түсімді  мойындау 

үшін мынадай өлшемдер орындалуы тиіс: 

 

Қызметтер ұсыну 

 

Көрсетілген қызметтен түскен кірістер қызмет көрсетілуі бойынша мойындалады  

 

Топ өндiрушiлерден көтерме сауда және iрi тұтынушыларға дейін электр энергиясын жеткізу жөнінде,  электр 



энергиясын  торапқа  босату  мен  тұтынуды  техникалық  диспетчерлендіру  жөнінде,  электр  энергиясын 

тұтыну/өндіру теңгерімін ұйымдастыру жөнінде, сондай-ақ шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен электр 

энергиясы  ағындарының  шартты  көлемдерін  қамтамасыз  ету  жөніндегі  қызметті  және  басқа  қызметтерді 

көрсетуден кіріс алады. 

 

Электр  энергиясын  жеткізу,  техникалық  диспетчерлендіру  және  электр  энергиясын  тұтыну/өндіру  теңгерімін 



ұйымдастыру жөніндегі қызметтер бойынша кірісті есептеу үшін тарифтерді Комитет бекітеді.   

 

Кірістер    шектес    мемлекеттердiң  энергия  жүйелерімен  электр  энергиясы  ағындарының    шарттық  көлемін 



қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бойынша «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Біртұтас 

энергетикалық жүйелерінің  қатарлас  жұмысын қамтамасыз  ету туралы» Қазақстан Республикасы  Үкіметі мен 

Ресей  Федерациясы  Үкіметі  арасындағы  келісім  негізінде  жасалған  шарттардың  талаптарына  сәйкес 

мойындалады.  

 

 

 

 


«Электр Желілерін басқару жөніндегі 

Қазақстан компаниясы»  АҚ 

Жеке қаржылық есептеме 



ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы) 

2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін 

 

 



28

 

ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ  (жалғасы)  



 

Пайыздық кіріс 

 

Өтелімдік  құн  және  сату  үшін  қолда  бар  ретінде  сыныпталған  қаржылық  активтер  бойынша  бағаланатын 



барлық  қаржылық  құралдар  жөніндегі  пайыздық  кіріс  немесе  шығыс  тиімді  пайыздық  мөлшерлеме  әдісін 

пайдалана  отырып  мойындалады,  ол  қаржылық  құралды  пайдаланудың  жорамалданған  мезгілінің  барлық 

уақытында  немесе  егер  осы  орынды  болса,  қаржылық  активтің  немесе  міндеттеменің  таза  баланстық  құнына 

дейінгі  ұзақ  мезгілден  кем  уақытта  алдағы  күтілген  төлемақыларды  немесе    ақшалай  қаражат  түсімдерін  дәл 

дисконттайды. Пайыздық кіріс жиынтық кіріс туралы есептемеге енгізіледі. 

 

Клиенттерден алынған жабдық 



 

Компания  кейбір негізгі құралдарды  өз  клиенттерінен алады.   Компания  бағалайды, активке анықтауға әрбір 

берілген  элемент  сәйкес  келеме  және    егер  сәйкес  келсе  онда    берілген  актив    негізгі  құралдар  ретінде 

мойындалады.  Бастапқы мойындау кезінде  оның құны  әділ құны немесе  құрылыстың, берілген жабдықтың 

құны бойынша  өлшенеді және  тиісті сома  басқа кіріс ретінде  көрсетіледі,  өйткені  Компанияның болашақта 

міндеттемелерді  орындау  міндеттемесі  жоқ.    Егер    болашақтағы  міндеттемелері  бар  болса,    ондайды 

орындаудағы  кірісі  міндеттемелерді  орындау  кезеңі  ішінде  немесе  жабдық  қызметінің  мерзімінде    олардың 

қайсысының бұрынырақ орындалуына байланысты мойындалады. 

  

Займдер бойынша шығындар  

 

Компанияның көздеулеріне сәйкес оны пайдалануға немесе сатуға дайындық үшін міндетті түрде ұзақ уақытты 

талап  ететін  активті  сатып  алуға,  салуға  немесе  өндіруге  тікелей  байланысты  займдер  бойынша  шығындар 

осындай  активтің  бастапқы  құнының  бөлігі  ретінде  капиталдандырылады.    Займдар  бойынша  барлық  басқа 

шығындар олар көтерген сол есептік мезгіл ішіндегі шығыстарға жатқызылады. Заемдер бойынша шығындарға 

пайыздарды төлеу мен заемдық қаражатқа байланысты компания көтеретін басқа да шығындар кіреді.  



 

Жалдау  

 

Мәміле жалдау болып табыла ма әлде ол жалдау белгілерін мазмұндай ма, шарттың қолданысы басталу күніне 

мәміле  мазмұнын  талдауға  негізделген.  Осындай  талдау  шеңберінде  шарттың  орындалуы  нақты  активтің 

немесе  активтерді  пайдаланудан  шарттың  орындалуы  тәуелді  бола  ма  және  осы  мәміле  нәтижесінде  акивті 

немесе активтерді пайдалану құқына көшетінін анықтау талап етіледі.   

 

Жалгер ретіндегі Компания 

 

Сол бойынша  Компанияға  жалға  алынған активтерді  иеленуге  байланысты  іс  жүзінде  барлық  тәуекелдер мен 



пайдалар  көшетін  қаржылық  жалдау  жалға  алынған  мүліктің  әділ  құны  бойынша  немесе  егер  осы  сома  кем 

болса  –  ең  төменгі  жалгерлік  төлемдердің  дисконтталған  құны  бойынша  жалдау  мерзімінің  басталу  күніне 

капиталдандырылады, Жалгерлік төлемдер міндеттеменің жабылмаған сомасына тұрақты пайыз мөлшерлемесі 

болатындай  жалдау  бойынша  қаржыландыру  және  негізгі  міндеттеме  сомасының  кемітілуі  жөніндегі 

шығындара арасына таратылады. Қаржыландыру жөніндегі шығындар тікелей пайдалар және залалдар туралы 

есепте тікелей көрсетіледі. 

 

Жалға алынған актив активті пайдалы жұмсау мезгілі ішінде өтелімденеді. Алайда, егер де Компанияға активке 



арналған меншік құқығы жалдау мерзімінің аяғында өтетін негізделген сенімділік жоқ болса, активті пайдалы 

жұмсаудың есептесу  мерзімі мен жалдау мерзімі секілді қысқа мезгілдердің ішінде өтелімденеді. 

 

Операциялық  жалдау  бойынша  төлемдер  барлық  жалдау  мерзімінде  теңдей  пайдалар  және  залалдар  туралы 



есепте шығыс ретінде мойындалады.  

 

 



ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ  (жалғасы)  

 

Зейнетақы мiндеттемелерi  

«Электр Желілерін басқару жөніндегі 

Қазақстан компаниясы»  АҚ 

Жеке қаржылық есептеме 



ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы) 

2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін 

 

 



29

 

 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес,  Компания  жинақталған  зейнетақы  қорына  аударым  ретінде 

қызметкерлердің жалақыларының 10%, бірақ айына 149,745 теңгеден көп емес мөлшерде төлем жүргізеді (2013 

жыл:  139,950  теңге).  Зейнетақы  қорларға  төлемдер  қызметкерлердің  жалақыларынан  ұсталып  қалады  және 

пайда  болған  сәтте  жиынтық  табыс  туралы  шоғырландырылған  есепте  еңбекақыға  байланысты  басқа  да 

аударымдармен  бірге  еңбекақы  бойынша  жалпы  шығыстарға  енгізіледі.  Компанияның    зейнетақы  төлемдері 

бойынша  қандай да болмасын басқа  міндеттемелері жоқ.  

 

Ағымдағы табыс салығы  

 

Ағымдағы мезгіл мен мұның алдындағы мезгілдер үшін ағымдағы табыс салығы бойынша салық активтері мен 

міндеттемелері салық органдарынан өтелуге немесе салық органдарына төлеуге жорамалданған сома бойынша 

бағаланады. Осы соманы есептеу үшін қолданылатын салықтық мөлшерлемелер мен  Салық заңнамасы  – бұл 

Компания  өз  қызметін  жүзеге  асыратын  және  салық  салынатын  кіріс  алатын  елдерде  қабылданған  немесе 

есептік күнге нақты қабылданған мөлшерлемелер мен заңнама.  

 

Тікелей капиталда мойындалған баптарға жатқызылатын ағымдағы табыс салығы жиынтық кіріс туралы есепте 



емес,  капитал  құрамында  мойындалады.  Топ  басшысы  соған  қатысты  тиісті  салық  заңнамасы  әрқалай 

түсіндірілуі  мүмкін  салық  мағлұмдамаларында  көрсетілген  айқындамаларға  бағалауды  дүркін-дүркін  жүзеге 

асырады және қажеттілік бойынша резервтер құрайды.       

 

Кейінге қалдырылған салық 



 

Кейінге қалдырылған салық есептік күнге қаржылық есептеме мақсаттары үшін активтер мен міндеттемелердің 

салықтық базасы және олардың баланстық құны арасындағы  уақытша айырмашылықтарды анықтау жолымен 

міндеттемелер әдісі  бойынша есептелінеді.   

 

Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер барлық салық салынатын уақытша  айырмашылықтар бойынша 



мына жағдайлардан басқада мойындалады: 

 

•    кейінге  қалдырылған  салықтық    міндеттемелер  гудвилді,  активті  немесе  бизнесті  біріктіру  болып 



табылмайтын  мәмілелер  барысында  және  бухгалтерлік  пайдаға  да,    салық  салынатын  пайдаға  немесе  залалға  

әсерін тигізбейтін  операция жасалған сәтте  бастапқы  мойындау  нәтижесінде туындайды.    

 

•   еншілес компаниялардағы, қауымдасқан компаниялардағы  инвестицияларға, сондай-ақ  бірлескен қызметке 



қатысу үлесіндегі  салық салынатын уақытша айырмаларға қатысты, егер уақытша айырманы уақыт бойынша 

таратуды  бақылау  жасау  мүмкін  болса  және  уақытша  айырманың  болашақта  кемітілмейтін  айтарлықтай 

ықтималдылығы болса. 

 

Кейінге  қалдырылған  салық  активтері  барлық  шегерілетін  уақытша  айырмалар,  пайдаланылмаған  салықтық 



жеңілдіктер  мен  пайдаланылмаған  салықтық  залалдар  бойынша  салық  салынатын  пайда  болатындай  елеулі 

ықтималдық  болатын,  оған  қарсы  шегерілетін  уақытша  айырмалар,  пайдаланылмаған  салықтық  жеңілдіктер 

мен  пайдаланылмаған  салықтық  залалдар  есепке  алуынуы  мүмкін    дәрежеде  мына  жағдайлардан  басқада 

мойындалады: 

 

•      шегерілетін  уақытша  айырмаға  жатқызылатын  кейінге  қалдырылған  салық  активі  бизнестің  біріктірілуі 



салдарынан  туындамаған  және  операция  жасау  тұсына  бухгалтерлік  пайдаға  да,  салық  салынатын  пайдаға  да 

немесе залалға  әсер етпейтін активті немесе міндеттемені бастапқы мойындау нәтижесінде туындайды. 

    

•      еншілес  компанияларға,  қауымдасқан  компанияларға  инвестициялармен,  сондай-ақ  бірлескен  қызметтегі 



қатысу үлестерімен байланысты салық салынатын уақытша айырмаларға қатысты кейінге қалдырылған салық 

активтері  уақытша  айырмалар  болашақта  пайдаланылатын  және  оған  қарсы  шегерілетін  уақытша 

айырмалардың пайдаланылуы мүмкін айтарлықтай ықтималдық бар дәрежеде ғана мойындалады.    

 

Кейінге  қалдырылған  салық  активтерінің  баланстық  құны  әрбір  есепті  күнге  қайта  қаралады  және  жеткілікті 



салық салынатын  пайдаға қол жеткізу ықтималдылығы шамалы деп бағаланатын  кейінге қалдырылған  салық 

активтерінің барлығын немесе бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беретін дәрежеде кемітіледі.    



«Электр Желілерін басқару жөніндегі 

Қазақстан компаниясы»  АҚ 

Жеке қаржылық есептеме 



ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы) 

2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін 

 

 



30

 

 



Кейінге  қалдырылған  салық  активтері  мен  міндеттемелері  салық  ставкалары  бойынша  бағаланады,  актив 

сатылған,  ал  міндеттеме  өтелген  есепті  кезеңде,  салық  ставкалары  негізінде  (және  салық  заңнамасы, 

қабылданған немесе нақты қабылданған есептік күндегі жай күй бойынша) қолданылады.  

 

 



Пайда немесе залал құрамында емес  мойындалған  баптарға қатысты  кейінге қалдырылған  салық  сондай-ақ 

пайда  немесе  залал    құрамында    мойындалмайды.    Кейінге  қалдырылған  салық  баптары    олардың  негізіне 

жататын  операцияларға сәйкес немесе  басқа жиынтық кіріс немесе  тікелей капитал құрамында  мойындалады.   

 

Кейінге қалдырылған салық активтері мен  кейінге қалдырылған салық міндеттемелері  егер ағымдағы  салық 



активтері мен  міндеттемелерінің  есепке алынуының  заңдық бекітілген құқы болса және  кейінге қалдырылған 

салықтар  бір және сол салық салатын компанияға және  салық органына жатады.   

 

Дивидендтер 

 

Дивидендтер міндеттемелер ретінде мойындалады және егер олар есептік күнге дейін қоса алғанда, жаряланса 



ғана  есептік  күнге  арналған  капитал  сомасынан  шегеріледі.  Дивидендтер  егер  олар  есептік  күнге  дейін 

ұсынылса,  сондай-ақ  есептік  күннен  соң,  бірақ    шоғырландырылған  қаржы  есептемесі  шығарылатын  күнге 

дейін ұсынылып немесе жарияланса есептемеде ашылады. 

 

 



Шартты міндеттемелер мен шартты активтер 

 

Шартты  міндеттемелер  жеке  қаржылық  есептемеде  мойындалмайды,  бұл  ретте  олар  туралы  ақпарат 

ресурстардың  шығарылуы  олардың  өтелуіне  байланысты  ықтималдығы  аз  болатын  жағдайларды  қоспағанда 

шоғырландырылған қаржылық есептемеде ашылады. 

 

Шартты  активтер  жеке  қаржылық  есептемеде  мойындалмайды,  бұл  ретте  олар  туралы  ақпарат  солармен 



байланысты экономикалық пайдалар алынуы мүмкін жағдайларда  жеке қаржылық есептемеде ашылады. 

 

4. МАҢЫЗДЫ ЕСЕПТІК ПІКІРЛЕР, БАҒАЛАУ МӘНДЕРІ МЕН ҰЙҒАРЫМДАР 

 

Компанияның  жеке  қаржылық  есептемесін  даярлау  оның  басшылығынан  есептік  кезеңнің  аяғына  қарай 



пікірлер  және  бағалау  мәндері  мен  ұйғарымдар  анықтамаларын  шығаруды  талап  етеді,  олар  есептемеде 

көрсетілетін  табыстар,  шығыстар,  активтер  мен  міндеттемлер  сомаларына,  сондай-ақ  шартты  міндеттемелер 

туралы  ақпарат  ашуға  әсер  етеді.  Алайда  осы  бағалау  мәндері  мен  ұйғарымдарға  қатысты  екіұштылық 

болашақта  мұндай  мәндер  мен  жорамалдар  қабылданатын  активтердің  немесе  міндеттемелердің  баланстық 

құнына айтарлықтай түзетулер енгізуді талап ететін нәтижелерге әкелуі мүмкін.    

 

Бағалау мәндері мен ұйғарымдар 



 

Келесі  қаржылық  жыл  ішінде  активтер  мен  міндеттемелердің  баланстық  құнына  айтарлықтай  түзету  енгізуге 

себеп  болатын  болашақ  туралы  негізгі  ұйғарымдар  және  басқа  да  есептік  күнгі  бағалаулардағы  негізгі 

екіұштылық  көздері  төменде  қаралады.    Компанияның  бағалау  мәндері  мен  ұйғарымдары  жеке  аралық 

қаржылық  есептеме  даярлау  кезінде  қолда  бар  шығыс  деректерге  негізделген.  Алайда,  болашаққа  қатысты 

ағымдағы  міндеттемелер  мен  ұйғарымдар  нарықтық  өзгерістерге  немесе  Компанияның  бақылауында  емес 

жағдайлар себепті өзгертілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер ұйғарымдарда болу шамасына қарай көрсетіледі.  

Негізгі құралдарды қайта бағалау 

2013 жылғы 1 қарашадан бастап Топ ҰЭТ ғимараттарын есепке алу әдісін қайта бағалау моделіне өзгертті және 

осы күнгі жай-күй бойынша ҰЭТ ғимараттарына қайта бағалау жүргізді. Топ ҰЭТ ғимараттарының әділ құнын 

бағалау үшін аккредиттелген тәуелсіз бағалаушы «Делойт ТСФ» ЖШС-ны тартты.    



«Электр Желілерін басқару жөніндегі 

Қазақстан компаниясы»  АҚ 

Жеке қаржылық есептеме 



ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы) 

2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін 

 

 



31

 

ҰЭТ  қайта  бағаланған  ғимараттары  актив  табиғатына,  сипаттамасына  және  тәуекелдеріне  сүйене  отырып, 



ҚЕХС 13 сай активтердің бір сыныбын білдіреді. ҰЭТ ғимараттарының әділ құнын анықтауға арналған шығыс 

деректері әділ құны иерархиясының 3-деңгейіне жатады (бақыланбайтын шығыс деректер).   

2014 жылғы мамырда Комитет 2014 жылдың соңына дейін жоспарланған, Компания акцияларын орналастыру 

туралы шешім қабылдаған сәттен бастап күшіне енетін  электр энергиясын жеткізу, электр энергиясын өндіру 

мен  тұтыну  теңгерімін  ұйымдастыру  және  техникалық  диспетчерлендіру  жөніндегі  қызметтердің  тарифтерін 

көтеруді  бекітті.    Сәйкесінше,  Компания  2014  жылғы  1  маусымдағы  жай-күй  бойынша  ҰЭТ  ғимараттарына 

қайта  бағалау  жүргізді.  Тарифтердің  көтерілуі  138.887.289  мың  теңге  сомасында  басқа  да  жиынтық  табыс 

құнына енгізілген, кейбір активтерді қайта бағалаудан болған құнның және 27.777.458 мың теңге сомасындағы 

кейінге  қалдырылған  тиісті  салықтық  міндеттеменің  өсуіне,  сонымен  қатар    14.250.162  мың  теңге  сомасында 

пайда мен залалға енгізілген бұрын қайта бағаланған кейбір активтер құнының өсіуне әкелді.    

ҰЭТ  ғимараттарының  әділ  құны  шығын  әдісімен  айқындалды.  Шығын  әдісімен  анықталған  құн  активтің 

өндірістік қуатын  алмастыру үшін қажетті соманы  көрсетеді (алмастыру  құны).  Шығын әдісі активтердің  тар 

мамандандырылуы және тарихи деректер бойынша активтер сатылмауы себепті қолданылды.  

Есептелген  алмастырудың  ағымдағы  құны  бұдан  кейін    ақшалай  ағындарды  диконттау  моделі  негізінде 

анықталған  орны толтырылатын құнымен салыстырылды.  Ақша ағындары бұдан кейінгі бес жылға бюджеттен 

алынады  және  жүргізу  бойынша  Компания  міндеттемелері  болмайтын  қайта  құрылымдау  жөніндегі  қызметті 

немесе  ақша  ағындарын  өндіретін  бөлімшенің  құнсыздануы  нысанына  тексерілетін  ПГДП  активтердің 

нәтижелерін жақсартатын алдағы уақыттағы маңызды инвестицияларды қамтиды.  

Бағалау  нәтижесінде  415.708.160  мың  теңге  сомасы  2014  жылғы  1  маусымдағы    жай-күй  бойынша    әділ  құн 

ретінде  мойындалды. 

 

Пайдаланудан болған құнды есептеген кезде мынадай негізгі ұйғанымдар қолданылды:   



Дисконттау мөлшерлемесі (WACC) 

11,61% 


Ұзақ мерзімді өсу қарқыны 

2,88% 


Негізгі активтің қалған қызмет ету мерзімі  

40 жыл 


Дисконттау мөлшерлемесінің 0,5%-ға артуы немесе ұзақ мерзімді өсу қарқынының  0,5%-ға азаюы Компанияның 

негізгі  қаражатының  әділ  құнының  9.089.485  мың  теңгеге  немесе  сәйкесінше    9.602.177 мың  теңгеге  азаюына 

әкеледі.   

 

Дебиторлық берешек     

 

Компания  күмәнді  дебиторлық  берешек  бойынша  резервтерді  құрады.  Күмәнді  борыштарды  анықтау  кезінде 



маңызды  есептік  пікірлер  қолданылады.  Күмәнді  борыштарды  анықтау  кезінде  тарихи  өзгерістер  немесе 

клиенттің жеке шарттары  қаралады. Компания сенімсіз мерзімі өткен берешекті былайша бағалайды: 31-90 күн 

–  5  %,  91-180  күн  –  20%, 181-360  күн  -  50%  және  361  күннен  көп  -  100%.  Экономикадағы  өзгерістер  немесе 

клиенттің жеке шарттар осы қаржылық қаржылық есептемедегі күмәнді берешек бойынша резервтерді  түзетуді 

талап  етеді.    Контрагенттердің  біреуіне  қатысты,  Өзбекэнерго  МАК,  2014  жылы    Компания  қалыптасқан  іс-

тәжірибеге  байланысты    бір  жылда  күтілетін  өтеу  мерзімін  арттырды.  Осылайша  Өзбекэнерго  МАК-тың 

дебиторлық  берешегі    бір  жылға  9,5%  ставкасын  қолданумен  дисконтталды,    басшының  пікірі  бойынша    ол 

нарықтық ставка болып табылады. Толық ақпарат 9-ескертуде келтірілген. 

 

Салықтар 

Күрделі салық заңнамасын түсіндіруге, сондай-ақ болашақ салық салынатын табысты алу мерзімі мен сомасына 

қатысты екіұштылық бар. Топтың халықаралық операцияларының айтарлықтай әралуандығын, сондай-ақ қолда 

бар шартты қарым-қатынастардың ұзақ мерзімді сипаты мен күрделілігін ескере отырып, нақты нәтижелер мен 

қабылданған  ұйғарымдар  арасында  туындаған  айырмашылық  немесе  осындай  ұйғарымдардың  болашақ 

өзгерістері  пайда  салығы  бойынша  шығыстар  немесе  табыстар  сомалары  есептемесінде  көрсетілген  болашақ 

түзетулерге әкелуі мүмкін. Негізделген ұйғарымдарды негізге ала отырып, Компания салық аудитінің ықтимал 

салдары  үшін  резервтер  құрады.  Мұндай  резервтердің  көлемі  әртүрлі  факторларға,  алдағы  аудиттердің 

нәтижелеріне  және  компания,  салық  төлеуші  және  тиісті  салық  органы  салық  заңнамасын  әртүрлі  түсінуіне 

байланысты.  Түсіндірудегі  мұндай  айырмашылықтар  Топтың  тиісті  компаниясы  тіркелген  елде  бой  алған 

шарттарға байланысты мәселелер көлемінің көптігі бойынша туындауы мүмкін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет