Электр жєне магнетизм



бет17/49
Дата28.11.2023
өлшемі3,05 Mb.
#131057
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
Байланысты:
УМК 2 часть

Бақылау сұрақтары

  1. Толық және пайдалы қуатқа анықтама беріңіз. Олар қалай есептелінеді?

  2. Пайдалы қуаттың шамасы тізбектің ішкі кедергісіне қалай тәуелді?

  3. Пайдалы қуаттың тұйық тізбектің сыртқы және ішкі кедергісінің тепе – теңдігінде максимал мәнге жететіндігін дәлелдеңіз. Бұл кездегі ток көзінің п.ә.к неге тең?

  4. Тұрақты ток заңдары.

  5. Толық, пайдалы қуаттың және п.ә.к – нің өлшем бірліктері.



Электр және магнетизм бөлімінен лабораториялық жұмыстар.

  1. Электр өрісін зерттеу

  2. Көпір схемасы көмегімен конденсатордың сиымдылығын анықтау

  3. Толық тізбек үшін Ом заңын оқып үйрену

  4. Тұрақты ток тізбегіндегі пайдалы қуаттың жүктеменің кедергісіне тәуелділігін оқып үйрену

  5. Жердің магнит өрісінің горизонталь құраушысын өлшеу

  6. Баллистикалық гальванометрдің көмегімен конденсатордың сиымдылығын анықтау

  7. Тұрақты тоққа арналған көпір (Уитстон көпірі) көмегімен өткізгіштің кедергісін өлшеу

  8. Өздік индукция коэффициентін өлшеу және айнымалы ток тізбегі үшін Ом заңын тексеру



Виртуалды лабораториялық жұмыстар.

  1. Дөңгелек токтың магнит өрісін оқып үйрену

  2. Өшетін электромагниттік тербелістерді оқып үйрену

  3. Диодтағы кері тоқтың температуралық тәуелділігі бойынша шала өткізгіштердің тыйым салынған зоналарының енін анықтау



Лабораториялық жұмыстар бойынша қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. Көшеров Т.С., Мұсабаев А.А., Беркімбаева Г.Р. Жалпы физика курсына арналған лабораториялық практикум. Алматы: “Қазақ университеті”, 2006 ж. 1, 2, 3, бөлімдер.



§ 6. Электр және магнетизм бөлімдері бойынша дайындық тест сұрақтары


1. Нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігі, оның зарядын және ара қашықтығын 2 есе көбейтсек қалай өзгереді:
A) 2 есе өседі; B) 2 есе азаяды; C) Өзгермейді;
D) 4 есе өседі; E) 4 есе азаяды.

2. Конденсатордың кернеуін 1,2 кВ дейін зарядтаған кезде ол 24 нКл заряд алады. Кондерсатордың сиымдылығын табыңыз:


А) 28,8 пФ; В) 24 пФ; С) 20 пФ; D) 12 пФ; E) 5 пФ.

3. Батареяның тогы 13 А, ал ішкі кедергісі 0,5 Ом болса, ЭҚК неге тең:


А) 26 В; В) 13 В; C) 6,5 В; D) 0,5 В; E) 4,5 В.

4. Көлденең қимасының ауданы 3 мм2 өткізгіштен 10 с-та, 60 мкКл заряд өтсе, токтың тығыздығы неге тең:


А) 18 А/м2; В) 20 А/м2; С) 60 А/м2; D) 2 А/м2; Е) 0,2 А/м2.

5. Тұйықталған электр тізбегінде қозғалатын электр зарядының сыртқы күштер әсерінен жасалған жұмысының заряд шамасына қатынасы не деп аталады:


A) Тізбектің кернеуі; B) Тізбектегі ток күші;
C) Ток көзіндегі ЭҚК; D) Жарық көзінің кернеулігі;
E) Жарық көзінің ішкі кедергісі.

6. Кедергілері 7 Ом, 2 Ом және 15 Ом болатын үш өткізгіш тізбектей жалғанған. Тізбектің толық кедергісі неге тең:


А) 24 Ом; В) 20 Ом; С) 9 Ом; D) 6 Ом; Е) 15 Ом.

7. Бөлшек радиусы R = 2 м шеңбер бойымен орталық күш әсерінен F = 5 Н айналып жүр. Бөлшектің жарты айналымындағы F күш, қандай жұмыс жасайды:


А) 0 Дж; В) 5 Дж; С) 10 Дж; D) 31,4 Дж; Е) 15,7 Дж.

8. Егер өткізгіштің соңындағы кернеу 20 В болса, 40 Ом кедергісі бар өткізгіште пайда болатын қуат қаншаға тең:


А) 800 Вт; В) 10 Вт; С) 100 Дж; D) 6 Дж; Е) 0,6 Дж.

9. 20 мкКл зарядты кернеулігі 30 В/м біртекті электр өрісінде күш сызығына перпендикуляр 2 см ара қашықтыққа орналастыру үшін қандай жұмыс жасалу керек:


А) 60 мкДж; В) 30 мкДж; С) 20 мкДж; D) 0 Дж; Е) 120 мкДж;

10. 8 В ЭҚК-нен және 10 м ішкі кедергіден тұратын тізбек 3 Ом кедергіге жалғанса, тізбектің сыртындағы кернеудің азаюы неге тең:


А) 2 В; В) 4 В; С) 6 В; D) 8 В; Е) 16 В.

11. Зарядталған конденсатордың энергиясы қай жерге шоғырланған:


A) Астарларында; B) Өткізгіш сымдарда;
C) Астарлары арасындағы электр өрісінде; D) Анықталмаған;
E) Астарларында да, өткізгіш сымдарда да емес.

12. Параллель жалғанған өткізгіштерде қай шама бірдей:


A) Ток күші; B) Кернеу; C) Ток күші мен кернеудің көбейтіндісі;
D) Ток күшінің кернеуге қатынасы; E) Сиымдылық.

13. формуласына сәйкес келетін заңды көрсетіңіз:


A) Тұйық тізбек үшін Ом заңы; B) Джоуль – Ленц заңы;
C) Толық тізбек үшін Ом заңы; D) Ампер заңы;
E) Кулон заңы.

14. Бір металдан, ұзындығы бірдей екі өткізгіш аламыз. Бірінші өткізгіштің диаметрі екіншісінен 2 есе үлкен. Өткізгіштің кедергілерінің арасындағы қатынас қандай:


А) R1 = R2; В) R1 = 2R2; С) R2 = 4R1; D) R1 = R2/2; Е) R1 = 2R2/3.

15. Көлденең қимасының ауданы 0,01 м2 болатын өткізгіштен 1 с-та 1 Кл заряд өтеді. Токтың тығыздығы қандай:


А) 1 А/м2; В) 10 А; С) 0 А; D) 100 А/м2; Е) 0,01 А/м2;

16. Кернеулігі 2000 В/м болатын біртекті электр өрісі шамасы 510–6 Кл зарядқа қандай күшпен әсер етеді:


А) 4108 Н; В) 0,01 Н; С) 4104 Н; D) 0,001 Н; Е) 0,1 Н.

17. Электр өрісіндегі зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі жұмысты қандай формуламен анықтауға болады:


А) ; В) ; С) ; D) ; Е) .

18. Электр заряды q1 = 2 нКл су тамшысы, заряды q2 = –4 нКл болатын басқа тамшымен қосылады. Пайда болған тамшының заряды қандай:


А) 2 нКл; В) –2 нКл; С) –3 нКл; D) 3 нКл; Е) 6 нКл.

19. Конденсатордың астарларындағы потенциалдар айырымы U = 500 В. Кон­денсатордың заряды q = 3 мкКл. Конденсатордың сыйымдылығын табыңыз:


А) 6 нФ; В) 1510–4 Ф; С) 6106 Ф; D) 15 пФ; Е) 25 пФ.

20. Екі заряд вакуумда арақашықтығы R1 = 27 см, ал диэлектрикте арақашық­тығы R2 = 3 см-де бірдей күшпен әсерлеседі. Диэлектриктің диэлектрик өтімділігін табыңыз:


A) 9; B) 1/9; C) 81; D) 30; E) 24.

21. Ауданы 100 см2 контур индукциясы 2 Тл біртекті өрісте орналасқан. Егер контурдың жазықтықтығы индукция векторына перпендикуляр болса, контурдан өтетін магнит ағыны неге тең:


A) 5 мВб; B) 20 мВб; C) 2 мВб; D) 5 мВб; E) 200 Вб.

22. Қай шама ЭҚК-нің өздік индукциясын береді:


А) ; В) ; С) ; D) ; Е) .

23. Кернеулік пен потенциал арасындағы байланысты көрсетіңіз:


А) ; В) ; С) ;
D) ; Е) .

24. Халықаралық бірліктер жүйесінде өлшемі жоқ шаманы көрсетіңіз:


A) Ортаның диэлектриктік өтімділігі; B) Электрлік тұрақты;
C) Потенциал; D) Кернеулік; E) Электр заряды.

25. Тармақталған тізбек үшін Кирхгофтың бірінші заңы:


А) ; В) ; С) ;
D) ; Е) 1 + 2 +…+ N = 0.
26. Зарядталған конденсатордың өрісінің энергиясын анықтайтын формуланы табыңыз:
A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

27. Электр өрісінің кернеулігі қандай формуламен анықталады:


А) ; В) ; С) ; D) ; Е) .

28. Шексіз параллель әртүрлі зарядталған жазықтықтар үшін электр өрісінің кернеулігінің формуласын көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

29. Параллель қосылған конденсаторлардың толық электр сыйымдылығын көрсететін формуланы табыңыз:


А) ; В) ; С) ;
D) ; Е) .

30. Біртекті электростатикалық өрісте қандай жағдайда энергияның тығыз­дығы дұрыс жазылмаған:


А) ; В) ; С) ; D) ; Е) .

31. Параллель жалғанған өткізгіштің толық кедергісі қандай формуламен анықталады:


А) ; В) ; С) ;
D) ; Е) .

32. Ом заңының дифференциалдық формасын көрсетіңіз:


А) ; В) ; С) ; D) ; Е) .

33. Джоуль – Ленц заңын көрсетіңіз:


А) ; В) ; С) ;
D) ; Е) .

34. Айнымалы токтың теңдеуі мына теңдеумен берілген  А. Токтың амплитудалық мәні неге тең:


А) 0,3 А; В) 4 А; С) /3 А; D) 1,2 А; Е) 0,3π А.

35. Лоренц күшін сипаттайтын формуланы көрсетіңіз:


А) ; В) ; C) ;
D) ; Е) .

36. Ферромагнетиктердің магниттелуін алып тастағанда магнит өрісіндегі индуктивтік 0-ге тең болады. Бұл жағдайда магнит өрісінің кернеулігі не деп аталады:


A) Қаныққан магниттелу; B) Қалдық магниттелу;
C) Коэрцитивті күш; D) Бастапқы индукция;
E) Ферромагниттегі магнит өрісінің максимум кернеулігі.

37. Индукция сызығына 30° бұрышпен орналасқан ұзындығы 10 см тік өткізгішке бойынан 8 А ток жүргенде 0,2 Н күш әсер етеді. Магнит өрісінің индукциясы қандай:


А) 0,2 Тл; В) 0,5 Тл; С) 2 Тл; D) 0,8 Тл; Е) 1,2 Тл.

38. Магниттік күш сызығына параллель магнит өрісіндегі электрон қалай қозғалады:


A) Шеңбер бойымен; B) Бір қалыпты түзу сызықты;
C) Кемімелі түзу сызықты; D) Үдемелі түзу сызықты;
E) Винттік сызық бойымен.

39. Тербелмелі контурда конденсатордың астарларындағы кернеу мен ток күшінің тербелістері бір-бірінен фаза түрінде қалай айырылады:


А) 2 рад; В) /2 рад; С) /4 рад; D)  рад; Е) 0 рад.

40. Контурдан өтетін магнит ағыны 3 с-та 3 Вб-ден 9 Вб-ге дейін өзгереді? Контурдағы ЭҚК индукциясы неге тең:


А) 18 В; В) 4 В; С) 3 В; D) 2 В; Е) 1 В.

41. Қабырғалары 0,4 м болатын рамка айнымалы индукциясы 100 Тл магнит өрісінде орналасқан. Егер конденсатордың жазықтығы индукция векторымен перпендикуляр болса, контурды тесіп өтетін магнит индукциясының ағыны неге тең:


А) 6 Вб; В) 16 Вб; С) 26 Вб; D) 60 Вб; Е) 76 Вб.

42. Контурдың индуктивтілігі L болса, энергиясы неге тең:


А) ; В) ; С) ; D) ; Е) .

43. 2 А ток күшінде 4 Вб магнит ағыны болса, контурдың индуктивтілігі неге тең:


А) 4 Гн; В) 8 Гн; С) 2 Гн; D) 1 Гн; Е) 0,5 Гн.

44. Ток күші 4 есе өскенде контурдың магнит өрісінің энергиясы қалай өзгереді:


A) 4 есе азаяды; B) 4 есе көбейеді;
C) 16 есе көбейеді; D) 16 есе азаяды;
E) Өзгермейді.

45. Электромагниттік индукция заңын кім ашты:


А) Ампер; В) Вольта; С) Фарадей; D) Максвелл; Е) Джоуль.

46. Магнит индукциясының өлшем бірлігін көрсетіңіз:


А) Герц; В) Вольт; С) Вебер; D) Тесла; Е) Ампер.

47. Магнит өрісінің энергиясы неге тең:


А) E = LI2/2; В) E = CU2/2; С) E = mv2/2; D) E = const; Е) E = 0.

48. Ампер күшін көрсетіңіз:


А) ; В) ; С) ;
D) ; Е) .

49. Төмендегілердің қайсысы магниттік гистерезис қасиетіне ие болады:


A) Диамагнетиктер; B) Ферромагнетиктер;
С) Парамагнетиктер; D) Сегнетоэлектриктер; E) Диэлектриктер.

50. Өздік индукция дегеніміз:


A) Магнит өрісіндегі магнит ағынының өзгеруі;
B) Ток күші тұрақты болғандағы ЭҚК-нің пайда болуы;
C) Ток күшін өшірген кездегі ЭҚК-нің пайда болуы;
D) Ток күшінің өзгеруі; E) Ток күші өзгерген кездегі ЭҚК-нің пайда болуы.


Геометриялық оптика.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет