37
R < 250/I, (7.1)
бірақ 10 Ом-нан аспауы қажет; I – жерге тұйықталу тогы, А [11].
Кернеуі 1 кВ дейінгі электр құрылғыларында да бірге жерлендіру
құрылғыларын пайдаланғанда бейтарабы терең
жерленген жерлендіруші
құрылғының кедергісі кернеуі 380 В үш фазалы торапта 4 Ом-нан аспауы қажет
[11].
Кернеуі 6-10/0,4 кВ қосалқы станса үшін бір ортақ жерлендіру
құрылғысы жасалуы керек, оған төмендегілер қосылуы қажет:
- күштік трансформатордың 0,4 кВ жағындағы бейтарабы;
- кабельдік желінің металл қаптамасы мен қабаты;
-электр құрылғыларының ашық ток өткізгіш
бөліктері;
- ток трансформаторы мен өлшем кернеу трансформаторының сәйкес
нүктедегі орамдары.
Бақылау сұрақтары
1. Қорғаныс жерлендірушілердің құрылғысы,
тағайындамасы және
анықтамасы; электр құрылғысының жерлендірілуі қажет элементтері мен
бөліктері.
2. Қадамдық және жанасу кернеуі деген не, олардың әсерінен қорғанысы
қандай?
3. Жерлендіруші құрылғыларды монтаждаудың
технологиясы және
қабылдау-тапсыру сынақтарының шаралары.
4. Жерлендіруші құрылғылар үшін нормалар, микропроцессорлық
техникалардың бөліктерін жерлендірудің ерекшеліктері.
5. Ғимараттар мен қолданылатын қондырғылар
қалай найзағайдан
қорғалады?
Достарыңызбен бөлісу: