Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»


Жерлендіру құрылғыларын монтаждаудың технологиясы



Pdf көрінісі
бет18/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Байланысты:
pl5C6v7xoPJwncysjfV8B34IXYhNAm (1)

Жерлендіру құрылғыларын монтаждаудың технологиясы. Алдын 
ала шеберханада жасалған жасанды жерлендіруді салынатын ғимараттардың 
іргетасының астындағы шұңқырдың асына салады (5.1 сурет). 
7.1сурет – Қосалқы стансаның жерлендіру контуры 
С ы р т қ ы к о н т у р д ы ң жерлендірудің құрылғысы ғимараттың сыртқы 
жағынан орналастырылады, ол жерде жобаға сай жрлендіруші өткізгіштерді 
төсеу үшін және жерлендіруді орату үшін траншея қазады. Траншеяларды жер 
қазатын машиналармен қазады. 
Дөңгелек 16 мм болаттан жасалған тік жерлегіштерді жерге бұрап 
қадайды. Бұл мақсатта әртүрлі қозғалатын механизмдерді пайдаланады 
(копралар, автоматты шұңқыр қазғыштар, гидропресстер, бұрғылау-кран 
машиналары) және қол құралдары. Тік жерлендіргіштердің жоғары жағын 
жердің жоспарланған белгісінен 0,6-0,7 м енгізеді. Жерлендіргіштер, дөңгелек 
өзекшені көлденеңінен қосқышты (қимасы көлденең болат, жәңәшкеге 
қарағанда коррозияға төзімді) дәнекерлеудің ыңғайлылығы үшін, траншеяның 
астынан 0,1-0,2 м шығып тұруы қажет. Көлденең жерлендіргіштерді 
траншеяның астына тік жерлендіргіштердің шығып тұрған бөлігіне тиістіріп 
салады. 
Жерлендіру құрылғыларының барлық элементтерін үсті-үстіне 
дәнекерлеп жасайды. Дәнекерлеу жіктерінің сапасын қарап тексереді, ал 
беріктігін - салмағы 1 кг балғамен ұрып тексереді. Дәнекерлеу орындарын 
коррозиядан сақтау үшін битумды сырмен жабады. 


36 
Жерде салынғын жерлендіргіштер мен жерлендіруші өткізгіштерді 
боямайды. Өткізгіштердің ғимаратқа енгізілген жеріне жерлендіру 
құрылғыларының анықтаушы белгілерін орналастырады. 
Көлденең жерлендіргіштер жерасты салулармен (кабельдер, қбырлар 
желісі), темір жолмен және көлік жолдарымен қиылысқан жерінде, сонымен 
бірге механикалық зақымдалуы болуы мүмкін орындарын асбоцементті 
құбырлармен қорғайды. Жерлендіргіштерді монтаж жасап болған соң 
траншеяны көметін кезде көрінбейтін жұмыстарды куәландыартын акт 
құрайды. Жерлендіргіш салынған траншеяны тасы және құрылыстық қоқысы 
жоқ топырақпен көмеді, содан кейін нығыздайды [7,15]. 
Жерлендіргіш құрылғының ішкі контуры ғимаратың ішкі жағында 
орналасады, жерлендіргіштер магистраль және тармақталған түрде электр 
қондырғыларының корпустарына барады. Жерлендіргіш өткізгіштер тігінен 
және көлденеңінен немесе ғимараттың конструкцияларына қатар салынады. 
Электр қондырғыларының корпустарына жерлендіргіш өткізгіштерді 
магистарльға біртіндеп қосуды жасауға болмайды. 
Магистарльді жерлендіргіш шинаны жерлендіргішпен кем дегенде екі 
тармақпен қосады, олар жерлендіргішке әртүрлі жерлермен қосылады. Ашық 
салынған жерлендіргіш өткізгіштерді қара түске бояйды. 
Құрғақ бөлмелерде жерлендіргіш өткізгіштерді бетондар мен 
кірпіштермен бірге салынып шегемен қағылады, ал ылғал және булы 
бөлмелерде ұстағыштарға салынады. 
Жерлендіру өткізгіштерін өзара қосу мен оларды металл ғимараттың 
конструкцияларына жалғау үсті-үстіне дәнекерлеумен жасайды. Өткізгіштерді 
қосқанда дәнкерлеудің ұзындығы қиманың ұзындығымен бірдей болады, ал 
дөңгелек қимада диамтері алтыға тең. 
Жерлендіргіш 
өткізгіштерді 
машиналар 
мен 
аппараттардың 
корпусындағы жерлендіргіш болтқа қосады. Егер машина жылжымалы болса, 
жылжымалы тетікті жерлендіргіш өткізгішке қосып жерлендіреді. Ашық 
салынған жерлендіргіш және нөлдік қорғаныс өткізгіштері айрықша боялады, 
ал тасымалданатын жерлендіргіштерді қосуға арналған жерлер боялмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет