9
№2 дәріс. Индустриализациялау және механикаландыру, қосу-реттеу
жұмыстары, нысанды пайдалануға қабылдау
Дәрістің мазмұны: индустриализациялды монтаж жасаудың сатылары,
қосу-реттеу
жұмыстарының этаптары, нысанды қабылдауға алу, қажетті
құжаттар.
Дәрістің мақсаты: зауыт ішіндегі электр құрылғылары мен электр
тораптарының қосу-реттеу жұмыстары мен
монтаж жасау жұмыстарымен
танысу
Индустриализациялау және механикаландыру нысанды пайдалануға
берудің мерзімін азайту және электр монтаждық жұмыстың сапасын арттыру
үшін
осы
жұмыстарды
барынша
индустриализациялап
және
механикаландыруға тырысады
Индустриализациялау дегеніміз монтаждық дайындықты жоғарылату
үшін электр қондырғыларын алдын ала құрастыру мен жинақтау. Бұл
монтаждық зонада жасалатын жұмыстың санын мүмкіндігінше жоғары
өндіруші қондырғыларымен жабдықталған шығарушы-зауытқа және
бағынышты бөлімшелерге беру арқылы жасалады. Ол
жерде жоғары білікті
маман жұмыс жасайды және өткізілетін бұйымның және жұмыстың сапасына
бақылап оның беріктігін қадағалайды.
Индустриализациялаудың деңгейі монтаждық зонадан тыс жасалған
электр монтаждық жұмыс көлемінің, электр монтаждық жұмыстың жалпы
көлеміне қатынасынан анықталады. Бұл көрсеткіштің
жоғары деңгейі тарату
құрылғыларын монтаждау жұмыстарынан байқалады, оларды құрастырылған
ұяшықтар мен блоктар түрінде дайындау Қазақстан Республикасының
кәсіпорындарында жасалады.
Индустриалды монтаж екі кезеңнен тұрады:
- бірінші кезеңде электр қондырғыларын алдын ала құрастыру, әртүрлі
қондырғыларды зауыттарда және монтаждаушы бөлімшелерде кешенді
блоктар мен үлкендетілген түйіндер түрінде
жинақтап толық монтаждық
дайындық жасайды;
- екінші кезеңде, нысанда қондырғылардың кешенді блоктары мен
үлкендетілген түйіндері орнатылады, күштік
және жарықтандыру тораптары
мен жерлендіргіш тораптары салынады, электр қондырғылардың монтажының
дұрыстығы тексеріледі, қосу-реттеу жұмыстары мен қабылдау-өткізу сынағы
жасалады.
Электр монтаждық жұмыстың индустрияландырылған әдістеріның
дамуы оның механизациялану деңгейімен тығыз байланыста, механизациялану
өз кезегінде үш бағыт бойынша іске асады:
10
-
еңбекті қажет ететін процестерді механикаландыру үшін әмбебап
механизмдер мен көтергіш-көлік машиналарын пайдалану, бұл бұрғылау-
кран
машиналары,
телескопиялық
мұнаралар,
гидравликалық
көтергіштер және т.б.;
- жалпы құрылыс құралдарын пайдалану,
жеке монтаждау
операцияларын орындау кезінде әртүрлі құрылғыларды әзірлеу және
пайдалану, бұл әртүрлі электр құралдары, құрылыс және құрастыру
пистолеттері, сымдар мен кабель өзектерін қосу және тоқтату үшін
тасымалдаушы престер;
- сонымен қатар қойма жұмысында
механикаландыру қажет, бұл
материалдар мен бұйымдарды жинау орнына кейіннен жеткізу үшін
арнайы ыдыстарға жинауды механикаландырылған, өнімділігі жоғары
тәсілмен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: