Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»



Pdf көрінісі
бет7/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Қосу-реттеу жұмыстары ол электр қондырғысының жобалаудағы 
параметрлері мен режимдерін қамтамасыз ететін, тесеретін, теңестіретін, 
сынақтан өткізетін жұмыстардың кешені болып табылады [3,8].
Қосу-реттеу жұмыстары төрт кезеңде жұмыс жасайды. 
Бірінші дайындық кезеңінде мердігер келесі жұмыстарды орындайды: 

дайындаушы-кәсіпорынның 
жобалық 
және 
эксплуатациялық 
құжаттарының 
негізінде 
қосу-реттеу 
жұмыстарының 
жұмыстық 
бағдарламасын қүрасытырады; 
- сынақ қондырғылары мен құрылғыларының, өлшеу аспаптарының 
паркін дайындайды; 
- құрылыстың жалпы графигінде есептелген, жұмыстардың жасалу 
мерзімін тапсырыс берушімен келіседі. 
Осы кезеңіде тапсырыс беруші келесі жұмыстарды орындайды: 
- энергожүйемен келісілген, блоктау және автоматиканың, релелік 
қорғаныс қойылымдары бойынша құжаттарды мердігерге тапсырады; 
- реттеу жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердің жұмыс орнына 
айнымалы немес тұрақты тораптан электрмен жабдықтау үшін кернеу береді. 
Жұмыстың екінші кезеңінде қорғаныс пен автоматика, жеке тұрған 
басқару панельдеріне реттеу жұмыстары жасалады, сонымен қатар электр 
монтаждық жұмыстармен біріктірілген реттеу жұмыстары атқарылады. Қосу-
реттеу жұмыстарының басталуы құрылыстық-монтаждық жұмыстардың 
дайындық дәрежесіне байланысты анықталады, жекелеп алатын болсақ, 
жарықтандыру, жылыту және желдеткіш жұмыс жасап тұруы қажет, электр 
қондырғыларын орналастыру жасалып бітуі керек және жерлендірілген болуы 
қажет. 


11 
Осы кезеңде бас мердігер жұмыс атқарылатын аумақта уақытша 
байланыс пен уақытша электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді, ал тапсырыс 
беруші: 
- жобалаушы кәсіпорын жағынан авторлық қадағалау жасайды; 
- ақауы барларын ауыстырады және жетпей тұрған электр қондырғыларын 
жеткізеді, қосу-реттеу жұмыстарын жасау кезінде анықталған монтаждың 
ақауларын жояды; 
- нысанның электр қондырғыларын кейінірек пайдалану кезінде 
қолданылатын, электр өлшеу аспаптарының жөндейді және тексереді. 
Қосу-реттеу жұмыстарының үшінші кезеңінің 
басталуы осы электр 
қондырғысында жұмыс режимін енгізу болып саналады, содан кейін іске қосу-
реттеу жұмыстары қолданыстағы электр қондырғыларындағы жұмыстарға 
қатысты болуы керек және жұмысқа рұқсатпен және ұйымдастырушылық және 
техникалық қауіпсіздік шараларына сәйкес орындалуы керек 
[2]. Осы кезеңде 
электр қондырғыларының жекелеген сынағы жасалады, жекелеп алғанда, 
қондырғыларды басқару мен автоматика, қорғаныс құрылғыларын, 
трансформаторлардың ККР (РПН) және салқындату жүйесін тексереді және 
сынақтан өткізеді. Сонымен қатар бос жүріс кезінде электр қондырғыларының 
жұмысы мен сигнал беру, қорғанысы, басқару сұлбасын тестілеуден өткізеді. 
Жекелеген сынақ біткен кезде электр қондырғысы пайдалануға 
қабылданды деп саналады. Сол кезде мердігер тапсырыс берушіге электр 
қондырғыны жоғары кернеумен сынақтың, жерлендіру мен нөлдендіру 
құрылғыларын тексерудің хаттамасын, сонымен бірге электр қондырғыларды 
пайдалануға қажетті орындаушы және бір желілік электрлік сұлбаларын береді. 
Үшінші кезеңдегі қосу-реттеу жұмыстарының аяқталуы кешендік 
тексеру үшін электр қондырғының дайындығы туралы акт жасалуымен бітеді. 
Төртінші кезеңдегі қосу-реттеу жұмыстарының белгіленген бағдарлама 
бойынша электр қондырғыларын кешенді тестілеуден өткізу жұмыстары 
жасалады. Бұл жерде электр қондырғылар жүйесінің өзара қызметін қосу 
әртүрлі режимде жасалады және құрамында: 
- берілген жұмыс режимін қамтамасыз ету мақсатында, электр 
құрылғыларының функционалды топтары мен жекелеген құрылғыларының 
шамалары мен сипаттамаларының жасалуы, реттелуі, өзара байланысын 
қамтамасыз ету; 
- технологиялық қондырғыны кешенді тестілеуге дайындау үшін электр 
құрылғыны толық сұлба бойынша бос жүрісте және жүктеме бар кезде барлық 
жұмыс режимінде тесітлейді. 
Төртінші кезеңде қосу-реттеу жұмыстары бітті деп саналады, егер электр 
қондырғысы жобада қарастырылған шамалар мен режимдер тұрақты 
технологиялық процесті қамтамасыз етсе. Күштік трансформаторлар үшін-


12 
жүктеме кезінде 72 сағат, әуелік және кабельдік желілер үшін- жүктеме кезінде 
24 сағат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет