Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»



Pdf көрінісі
бет8/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Нысанды пайдалануға қабылдауға: нысанның құрылысы кезінде 
құрылыс, монтаждау және реттеу жұмыстарының өндірісін техникалық 
бақылау жасалады. Бұл қадағалауды іске асыратындар мемлекеттік қадағалау 
органдары, жобалау ұйымы, болашақ пайдаланушы қызметкерлер. Олар 
қоршаған ортаны және қазбаларды қорғау мен пайдалану, өндірістік қауіпсіздік 
саласында рұқсат беру, басқару және қадағалау қызметтерін нормативті 
реттеумен айналысады. 
Осы кезеңде пайдаланушы қызметкерлердің мақсаты монтаждық 
кәсіпорынға ақауларды табуға, жобадан ауытқу мен ұмыт қалдыруды 
анықтауға көмектесу. 
Пайдалануға қабылдауға ұсынылған нысанның жобалық құжаттары
мердігер келісім шарты, құрылыстық, санитарлық, экологиялық және басқа 
нормалар бойынша ҚР заңдарының талаптарына сай болуы керек. Нысанның 
жобаға және нормативті құжаттарға сай екендігін бағалауды мемлекеттік 
қабылдау комиссиясы жүзеге асырады, оның құрамына тапсырыс берушінің , 
бас мердігердің, жоба жасаушылардың, аумақтық әкімгершіліктің, мемлекеттік 
қадағалау мен еңбекті қорғау инспекциясының өкілдері кіреді. 
Тапсырыс беруші комиссияға нысан бойынша барлық қажетті жобалық 
және техникалық құжаттарды ұсынады, оның ішіндегі негізгілері: 
- жобалық құжатттарды қабылдау актісі; 
- электр қондырғыларын монтаждауға қабылдау актісі; 
- орындаушы сызбалардың тізімі; 
- орнатылған электр қондырғыларының тізімі; 
- көрінбеійтін етіп жасалған жұмыстар актісі (кабельдік желілер, жерге 
қосу); 
-электр монтаждық жұмыстардың жекелеген түрлерінің өткізу-қабылдау 
актісі; 
- электр қондырғыларын сынақтан өткізудің хаттамасы; 
- қосалқы стансаның, әуелік және кабельдік желілердің, жерге қосу 
құрылғыларының, найзағайдан қорғаныс және т.б. паспорты; 
- электр қондырғыларын реттеуге беру актісі
- жұмыстық комиссияның, мемлекеттік комиссияға ұсыну үшін 
нысанның дайындығы туралы актісі; 
- Нысанды пайдалануға қабылдау туралы актісі; 
- қондырғыларды кептіру, тасымалдау, орнын ауыстыру және 
т.б.актілердің түрлері. 
Жұмыстық комиссияның барлық анықтаған және көрсеткен кемшіліктері 
мен жобаға сәйкес келмейтін жерлерді дұрыстаған соң бекітілген форма 


13 
бойынша нысанның құрылысының аяқталуын қабылдайтын акт жасалады 
(жұмыстық комиссияның актісі). Бұл актіге мемлекеттік қабылдау 
комиссиясының барлық мүшелері қол қояды, олардың әрқайсысы өзінің 
құзырындағы қабылданған комиссия шешімі үшін жауапкершілік алады. 
Осы кезден бастап комиссия өзінің билігін береді және нысан тапсырыс 
берушінің (пайдаланатын кәсіпорын) қарамағына өтеді, ол өз балансына 
нысанды қабылдайды және жергілікті атқарушы билікте жаңа нысанның 
меншік құқығын белгіленген тәртіп бойынша тіркейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет