II тарау. ЭЛЕКТРОДИНАМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕҢДЕУЛЕРІ
§16. Электродинамиканың негізгі ұғымдары
Электродинамика дегеніміз – электромагниттік өріс жайындағы ғылым. Ол өрістің электр зарядтарымен байланысын, өрістің зарядтарға әсерін ашып береді. Классикалық механикада денелердің қозғалысын қарастырғанда, денелерге әсер етуші күштердің табиғаты ашып айтылмайтынын еске алайық. Олардың жылдамдыққа, уақытқа тәуелділігі алдын ала беріледі немесе басқа физикалық теориялардан алынады. Электродинамика электромагниттік әсер күштерінің электр зарядталған денелердің әсерінен болатындығын және олар зарядталған денелерге әсер ететіндігін айтып сипаттайды.
Электродинамикада негізгі ұғым – заряд. Бірақ оны таситын бөлшектердің, денелердің қандай екендігін қарастырмайды. Заряд мөлшерін анықтау үшін 2 зарядтың әсерлесу күшін табады. Олардың бірі- эталондық заряд етіп қабылданады.
Бірақ электродинамика зерттейтін негізгі объект- заряд емес, электромагниттік өріс. Өріс- нақты физикалық объект, затпен қатар өмір сүретін материяның бір түрі. Өрісті электр зарядтары туғызса да, ол зарядтан бөлек те өмір сүре алады. Мысалы: жарықтың, электромагниттік сәулелердің тууына себепші – электр зарядтарының қозғалысы. Пайда болғаннан кейін бұл сәулелер зарядтан бөлек өздігінен өмір сүреді. Электромагниттік өріс кеңістіктің макроскопиялық аумақтарына таралады, бұл аумақтардың анық шекаралары болмайды. Өріс зарядталған денелерге күштік әсері арқылы білінеді.
Электродинамикада және механикада өріс ұғымдары қолданылғанмен оларға әртүрлі мағына беріледі. Механикада қарастырылған өріс– көмекші математикалық ұғым; Бұл өріс денелерге әсер ету үшін материалдық ортаның қажет қылмайды. Ол қандай қашықтық болса да лезде әсер етеді деп есептеледі. Механикада қарастырылатын әсер теориясын – алыстан әсер ету ілімі дейді. Бірақ та, іс жүзінде, табиғатта денелер үлкен қашықтықтарда бір-бірімен лезде әсерлесуі мүмкін емес. Айталық, зарядтар, өздері орналасқан нүктелерінде, сырттан келген өрістермен әсерлеседі. Электродинамикада қарастырылатын әсер теориясы–
Достарыңызбен бөлісу: |