«Электромагниттік құбылыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
|
8.4.3.1 - магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы графикалық бейнелеу
|
|
8.4.3.5 - магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін сипаттау
|
|
8.4.3.6 - электрқозғалтқыштың және электр өлшеуіш
құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіру
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы
|
|
Магнит өрісін графикалық түрде бейнелейді
|
|
Жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстырады
|
| |
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
25 минут
|
Тапсырма
1. 1-суретте жолақ магнитке жақын орналасқан төрт компас көрсетілген. Қай компастың бағдаршасы дұрыс?
[2]
2. 2-суретте соленоид және оған өте сезімтал вольтметр жалғанған.
Қандай жағдайда вольтметрдің көрсеткіші нөлге тең?
А) Магнитті соленоидақа жақын қозғалтпай ұстағанда
В) Магнитті соленоидтан алыстатқанда
С) Магнитті соленоидқа жақындатқанда
D) Соленоидты магнитке жақындатқанда
[2]
3. 3-суретте магнит полюстарының арасына ілінген иілгіш жұмсақ сым көрсетілген. Сым 12 В ток көзіне қосылған. Бастапқы кезде кілт ажыратулы тұрады.
а ) Кілтті қосқанда сым неліктен орнынан қозғалып кететінін түсіндіріңіз.
[2]
b) Сымның қай жаққа ауытқитынын анықтаңыз.
[2]
с) Сым қозғалғанда энергияның түрленуін жазыңыз.
[2]
d) 4-суретте катушкаға оралған сым орамдары қатты оське кигізіліп, магнит өрісінде орналастырылған.
Катушканы ток көзіне жалғап осы суретті толықтырыңыз.
[2]
Катушканы ток көзіне жалғағанда қандай құбылыс орын алады?
[2]
Жалпы балл: 14
Бағалау критерийлері
|
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Магнит өрісін күш
сызықтарын графикалық
түрде бейнелейді
|
1
|
Тұрақты магниттің магнит өрісінің күш
сызықтарын сызады;
|
2
|
Жолақ магнит пен
соленоидтың магнит
өрістерін салыстырады
|
2
|
Электромагнттік индукция құбылысын
сипаттайды;
|
2
|
Электрқозғалтқыштың
және электр өлшеуіш
құралдардың жұмыс істеу принципін сипаттайды
|
3
|
a) Кілтті қосқанда сым неліктен орнынан
қозғалып кететінін анықтайды;
|
2
|
b) Сымның қай жаққа ауытқитынын
анықтайды;
|
2
|
c) Сым қозғалғанда қай энергия қандай
энергияға түрленетінін анықтайды;
|
2
|
d) Токтың бағытын көрсетеді;
|
2
|
Орын алған құбылысты сипаттайды
|
2
|
Жалпы балл
|
14
|
Достарыңызбен бөлісу: |