Электрондық кітап пен қағаз кітап. Артықшылықтары, перспективалары, кемшіліктері Тексерген: Мекебаева Л. Орындағандар: Есіркепова Т


Электрондық кітап пен қағаз кітап. Артықшылықтары, перспективалары, кемшіліктері



бет5/7
Дата24.05.2023
өлшемі109,33 Kb.
#96777
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Электрондық кітап пен қағаз кітап. Артықшылықтары, перспективалары, кемшіліктері

Электрондық кітап пен қағаз кітап. Артықшылықтары, перспективалары, кемшіліктері

Аудио және электронды кітаптар шығарудағы біршама қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, Қазақстанда бұл сала нарығы әлі де болса кенжелеп қалып отыр. Өйткені, аудио және электронды кітап нарығы да, алғашқы кезеңге тән өз қиындықтарын бастан кешіруде. Негізгі көрсеткіштері бірқалыпты болмағандықтан, бұл сала ішінде тұрақты әрі сенімді байланыстар жоқ.


Аудиокітаптар немесе Audiobooks — осы жанр мамандарының даусымен дыбыстанған әртүрлі жанрдағы әдеби шығармалар, аудиокітаптарды тыңдауға дербес компьютер, ноутбуктер, МР3-плеер, КПК/Смартфон, қалта телефоны, автомагнитола, тұрмыстық аудиотехника сияқты қажетті құрал жабдықтар керек. Қазіргі ақпараттық технология заманында аудиокітаптар қарқынды түрде қолданысқа еніп, кеңінен танылып келеді.
Электронды кітап (E-book device) – мәтін түріндегі ақпаратты электронды форматта көрсетуге арналған, арнайы мамандандырылған, ықшамды құрал-жабдықтар тобының атауы.
Алғашқы кезде жаппай қолданыста болған электронды кітаптар, 1998 жылы NuvoMedia и Softbook Press компаниясы шығарған монохромды LCD-экран түріндегі қондырғылар болды. Кейіннен оларды жетілдіріп, түрлі түсті экранда көрсететін, және мүмкіндігі кеңейтілген электронды кітаптар пайда болды. Алғашқы модельдердің жақсы техникалық жетістіктеріне қарамастан (оларды шығару 2006 жылға дейін жалғасты), олар кең көлемдегі қолданысқа ие бола алмады.
Кейінірек холестерикалық сұйық кристалды (ChLCD) экрандық негізде пайда болған электронды кітаптар шешімі айтарлықтай дәрежеге көтерілгеніне және автономды жұмыс істеу уақыты ұзартылғанына қарамастан, оларға деген сұраныстар аз болды. Оның басты себебі экранда бейненің кешігіп шығуы, жарық түсіретін қондырғысы болмағандықтан.
2007 жылдан бастап, электронды кітап нарығында электронды қағаз технологиясының пайда болуына байланысты өрлеу қиындығын бастан өткізуде. Мұны құрал жабдық өндірушілер саны мен қондырғы модельдері тізімінің өсуінен байқауға болады.
Аудиопішімдегі кітаптардың әрине бірнеше артықшылықтары бар: олар — ақпаратты қабылдау жылдамдығы, өзімен бірге үлкен пішімдегі кітаптарды алып жүруден құтылу. Әйтсе де, сонымен бірге олардың кемшіліктері де жоқ емес. Ең бастысы, кітаптағы ақпаратты, өз ерекшелігі бар бір адамнан ғана алынған деп қабылданады. Нәтижесінде оқырман, яғни аудиокітап тыңдаушысы ақпаратты өзінің ішкі дүниесімен өңдеп қабылдай алмайды.
Кәзіргі кезде кәдімгі кітапты, кез келген адамның сатып алуға мүмкіндігі жоқ, құнды дүниеге айналып отыр. Ал, электронды кітаптар кәзіргі заманғы қоғамда әлдеқашан өз орынын алған, олар әрі жылдам, әрі ыңғайлы, әрі арзан. Мұндай электронды кітап, тіпті оның ішіне мыңдаған кітап енгізілсе де қоржында онша көп орын алмайды. Электронды кітап оның баспа түріндегі баламасына қарағанда анағұрлым арзан. Электронды кітапты пайдалануға жаппай көшу, қағазды үнемдеп, орманды жаппай қырқуды тоқтатар еді.
Қазақстандағы электронды кітаптардың қаншалықты танымал болғандығын төменгі 17 диаграммадан көруге болады. Қазақстандықтардың 31,76%-ы кзіргі кезде электронды кітаптарды пайдаланады, 28,80%-ы ноутбук (КПК, телефон) арқылы пайдаланады, ал 4,54%-ы электронды кітап дегенді білмейді (bb.ct.kz сайты конференциясының материалдары бойынша).


1 7 Диаграмма. Сіз электрондық кітаптарды оқуға дайынсыз ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет