Электрондық кітап пен қағаз кітап. Артықшылықтары, перспективалары, кемшіліктері Тексерген: Мекебаева Л. Орындағандар: Есіркепова Т


Электронды кітаптарды қағазға басылған кітаптармен салыстыру



бет6/7
Дата24.05.2023
өлшемі109,33 Kb.
#96777
1   2   3   4   5   6   7
Электронды кітаптарды қағазға басылған кітаптармен салыстыру
Артықшылығы:

  • электронды кітапта мәтін бойынша таратылу мүмкіндігі қарастырылған, гиперсілтеме бойынша ауысулар уақытша ерекшеленген мәтіндер мен ескертулерді көрсету мүмкіндігі;

  • бір қондырғы ішінде жүздеген, тіпті мыңдаған кітаптар сақталады. Электронды кітаптардың баспа кітаптарымен салыстырғанда салмағы мен көлемі аз, оларды тасымалдауда ыңғайлы;

  • қаріптің жазылуы мен өлшемін өз қалауымызша өзгертуге болады;

  • электронды кітап ішіне анимациялық бейнелер, мультимедиялық клиптер орналастырып, аудио-кітаптарды тыңдауға мүмкіндік береді;

  • электронды кітапты оқуға арналған қондырғының құны бір кітаптың құнынан қымбат болғанымен, электронды мәтіндерді алу, олардың қағаздағы варианттарына қарағанда әлдеқайда арзан;

  • қондырғы ішіндегі мәтінді дыбыстау синтезаторы кітапты тыңдауға мүмкіндік береді;

  • электронды кітаптарды тарату мен іздеу үрдісі, қағазға басылған кітаптарды тарату мен іздеуге қарағанда арзан әрі жеңіл;

  • электронды кітаптарды пайдалануға көшу экологияға келтіретін зиянды азайтады, себебі көп мөлшерде қағаз үнемделеді.

Кемшіліктері:

  • электронды кітаптарды оқуға арналған қондырғылар, кәдімгі кітаптарға қарағанда нәзік, және тез бұзылуы мүмкін;

  • қондырғының бүгінгі күндегі бағасы жоғары, шамамен 50 –100 кітаптың құнына бара-бар;

  • кейбір баспагерлер қағазға басылған кітаптармен бірге электронды кітаптарды бір мезгілде шығармайды, өйткені олай ету кітаптың электронды түрлерінің шығуына едәуір кешіктіреді, кедергі келтіреді;

  • электронды кітаптарда DRM алыстан басқару жүйесі қолданылады, қолданушы, сондай-ақ, өнім шығарушы қашықта отырып қондырғы арқылы ақпараттарды жойып жіберуге мүмкіндік береді;

  • электронды кітаптарды оқуға арналған қондырғылар ұзақ уақыт қосымша қуатсыз жұмыс істей алмайды, дегенмен бүгінгі таңда энергияны өте аз пайдаланатын болғандықтан ондай қондырғылар, бір айға дейін тоқтаусыз жеке жұмыс істей алады;

  • бейненің анықтығы қағаздағыға қарағанда төмен.

Электронды кітаптарды оқуға арналған Sony prs-505 ықшамды қондырғы Алматыда сатуға шығарылды. Ол қондырғы планшетті компьютермен, ноутбуктермен салыстырғанда оқу сапасын қамтамасыз етеді. Бір данасының, бағасы – 64 000 теңге. Бұл қондырғыны Қазақстан аумағына украиндық «МУК-Сервис» (www.lbook.com.ua) компаниясының «ITEXPERT» ЖШС компаниясы тасымалдайды.
Электронды кітаптарды әртүрлі интернет-дүкендерден сатып алуға және сондай-ақ, электронды кітапханалар қызметін пайдалануға болады. Қазақстанның кейбір ірі кітапханалары мұндай қызмет түрін ұсына алады.
Электронды кітаптар – ақпараттар мен әдебиеттерді берудің кәзіргі заманғы жетілдірілген түрі болып табылады, сондықтан оларды білім беру жүйесінде жиі қолдану қажеттігін ескерсек, қоғам өмірінің барлық саласын реформалау кезеңінде қазақстандық білім жүйесінің әлемдік білім кеңестігіне енуі ақпараттық және телекоммуникациялық негізде ғана табысты нәтиже берері анық. Ақпараттандыру кезеңінде дүниеге келіп жатқан өте мол ақпарат пен хабардарлықты пайдалана отырып, нақты мәселелер мен әртүрлі қиын жағдайларды тиімді де шапшаң жеңіп шығу үшін республикадағы білім беру мекемелерін компьютерлік оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етуге жауапты, білім беруді ақпараттандырудың Республикалық орталығы құрылған.
Жаңа ұрпақ оқу материалын жаңа түрде талап етеді. Білім беру жүйесінде электрондық оқулық оқудың жаңа түрі болып саналады Жаңа ұрпақ оқулығының балама тәсілдерінің бірі – мультимедиалық оқу болмақ. Мультимедиалық мүмкіндіктерді қолдануына байланысты соңғы кездері «электрондық оқулық» ұғымының синонимі ретінде «мультимедиалық оқулық» ұғымы да қолданылып жүр. Сондықтан да болар, соңғы жылдардағы технологияның интегралдық мультимедиясының дамуы — электрондық шеберлік жылдам тарап отырған жаңа бағыттардың аспаптық негізі болуда. Сондықтан бұрын музей, сарай, сурет галереясы, көркемөнер немесе жеке коллекциялар көрмесін тікелей барып танысу арқылы мүмкін болатын әлемдік мәдениет маржандарын танытатын CD-ROM типтес он мыңдаған оптикалық компьютерлік дискілерді бүгінде осы аталған орталықтарда, өндірістерде көптеп шығарылып жатқан компьютерлік кітаптар, тракторларды қалай жинақтап, қалай бөлшектеуін, шөп шабатын машиналарды қалай жөндеу керектігін, мұнай кенішін қалай табуды, Ом заңы қалай жұмыс істейтінін т. с. с. мәселелер туралы айтып қана қоймай, көрсетіп те береді. Оқыту бағдарламаларының компьютерге енгізілген интерактивті түрлері қызықты, заман талабына сай, түрлі түсті және зиялы. Оқулықтарда бейне-фильм, дыбыс, музыка және нұсқаулар бар. Физика оқулығын қызықты кино сияқты көруге болады, химия оқулықтарында химикаттармен жасалатын тәжірибелерге қатысуға болады және бұл тәжірибелерді реал жағдайда қайталау үшін қажетті қымбат материалдарды сатып алу үшін шығынданудың қажеті жоқ. Экранда көрсетілген тәжірибелер реал жағдайдағыдай қозғалып, қайнап, қажет болған жағдайда қауыпсыз жарылыстар жасалып жатады, сонымен бірге оларға түсініктемелер беріледі. Осының бәрі өмірде болып жатқандай әсер қалдырады және ойлануға оқушыларды, оқуға ынталандырады. Сол үшін де қазіргі заман талабы бойынша болашақ мұғалімдерді даярлауда электрондық оқулықтар тиімді болып отыр. Болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологиялармен қаруландыру – жоғары оқу орындарындағы педагогикалық үрдістің бірі. Сондықтан қазіргі кезде жоғары оқу орындарының педагогикалық үрдісіне электрондық оқулықтардың енуі оқытушыларды электрондық оқулықтарды кеңінен және жан-жақты пайдалануына міндеттейді.
Бұл жағынан ұлттық мемлекеттік кітап палатасы тиісті көмек көрсете алады деп айта аламыз. Өйткені, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы қорына мынадай электронды кітаптар келіп түсті: «Бико», «Центральный Дом Бухгалтера», «Арман ПВ», Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті баспалары береді. «Бико» баспасынан электронды басылымдар, мерзімді және бұрыннан шығарылып келе жатқан, «Правовед Проф», «Бухгалтер Проф», «Специалист ВЭД», «Бюхгалтер плюс компьютер», «Специалист отдела кадров» басылымдарына қосымша ретінде берілді. «Арман ПВ» баспасынан, қазақ тілін тереңдетіп үйренушілерге арналған «Бейнежазба», «Сұхбат» электронды кітаптары түсті. Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті баспасынан «Молекулярная физика и термодинамика», «История государства и права», «Методические указания и контрольные задания по английскому языку», «Экономическая политика», «Психопатологические особенности детского, подросткового и юношеского возраста», «Историческая география», «Редкие и исчезающие млекопитающие казахского мелкосапочника», «Философское учение Аль-Фараби», «Биотехнология» электронды оқулықтары келіп түсті. Кітап палатасы 2005 жылы 52, 2008 жылы 38 электронды басылым алды.
Кез келген баспа өнімдері сияқты, электронды оқулықтарды безендіру кезінде белгіленген стандарттарды сақтау талап етіледі. ГОСТ 7.83—2001 – «Электронные издания. Основные виды и выходные сведения», ГОСТ 7.82—2001 – «Библиографическое описание электронных ресурсов» сияқты мемлекетаралық стандарттар бар.
ГОСТ 7.82—2001 сәйкес стандарт нақты электронды басылымдардың негізгі түрлерін және электронды басылымдардың құрамы мен олардың орналасуын анықтайды.
ГОСТ 7.83—2001 стандарт электронды ресурстардың библиографиялық сипаттауға қойылатын жалпы талаптар мен ережелерін тағайындайды. Библиографиялық сипаттамалар элементтерін орналастыратын облыстарды, оларды орналастыру ретін, элементтерді толтыру және беру тәсілдерін, шартты ажырату белгілерін қолдану ережелерін анықтайды.
Бұл стандарт талаптарын орындау, электрондарды ресурстар үшін библиографиялық сипаттамаларды құрастыратын кітапханаларға, ғылыми-техникалық ақпараттар органдарына, мемлекеттік библиогрфия орталығына, басқа да библиография мекемелеріне міндетті.
Кәзіргі кезде, Қазақстанда электронды басылымдар аз шығарылатындықтан, Кітап палатасында оларға сипаттама берілмейді, сонымен бірге, Кітап палатасына электронды басылымдардың байқау данасын тапсыруды міндеттейтін нормалық-құқылық база жоқ.
Қорытынды
Электрондық оқулық ХХІ ғасырдың бәсекеге қабілетті мамандарын даярлауда ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды ертерек қолдануға дағдыландырады. Бұл ерекшелік білімді практикада пайдалану тиімділігін арттырады және жетілдіреді. Электрондық оқыту технологиясы білім алушының өмірінде білім алудың жаңа стилі және ақпараттық қоғамда лайықты өмір сүру технологиясы, үздіксіз білімді жетілдіру және іскерліктер мен дағдыларды дамытудың технологиясы болып саналады.
Электрондық оқулықпен оқыту еңбек нарығындағы едәуір өзгерістерге, қажетті маманға қойылатын талаптардың өсуіне, мамандықтардың қарекетіне ақпараттық технологияларды ендіруіне, т. б. жағдайларға байланысты жетілдіруде.
Әлемде қоғамның интеллектуалды ресурстарына жаңа көзқарас қалыптасуда. Білім әлеуметтік және экономикалық прогрестің басты, бағыттаушы факторы ретінде қаралады.
Қазақстан электронды басылымдар шығару жолына енді ғана бет алды. Электрондық оқулықты пайдалану нәтижесінде қоғамда рухани бай, дені сау балалар өсіліп жетіледі. Электрондық оқулықтардың болашағы зор, тиімді, пайдалы және орны бөлек. Олай деуімізге толық негіз бар. Біз үшінші мыңжылдықтың басында көптеген елдерде орын алып отырған ғаламдық өзгерістер — мемлекеттердің жаңа дәуірде, қоғамдық өмірлік негізін ақпараттық ресурстар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құрайтын ақпараттық кезеңге нық қадам бастық. Білім саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланбай, мемлекеттердің ғаламдастыру және тұрақты өркениеттік даму жолымен алға басуы мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет