электрондық ОҚУ ҚҰралына қойылатын талаптар 1 Жалпы мағлұмат 5


ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 3.1 Электрондық оқулықты өңдеуде html белгілеу тілі



бет10/16
Дата02.06.2023
өлшемі1,56 Mb.
#98090
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

3. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

3.1 Электрондық оқулықты өңдеуде html белгілеу тілі


HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі.
Интернеттің қазіргі дамуы 90 – жылдар басында компьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (Hyper Text Trapster Protocol – гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар HTTP серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын, Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wide Web қызмет бабы (WWW немесе тек Web ) пайда болды.
Бұл файлдардың басым көпшілігі Web – парақтар түрінде HTML (Hyper Text Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі ) тіліндегі жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды HTTP серверлерінде (Web - тораптарында) орналастыру жолымен Web – парақтар қалың көпшілік пайдаланатын түрде Интернетте жарияланады. Web – парақтар мазмұны әртүрлі бола береді және олар әртүрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі HTM немесе HTML болуы тиіс.
HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web – парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырып отырады. Ол World Wide Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең таралуына себепші болады. World Wide Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік болып аударылады. HTML тілінің мағынвсы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.
Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттардың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген соз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілген құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтнді белгілеу үшін броузер деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (Enter пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
Сонымен мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.
HTML тілінің атқаратын қызметі.
Web - парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенімен HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесімен жұмыс істей алатын броузері бар болса бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесімен жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсетіу мүмкіндіктеріәртүрлі болғандықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып корсетіледі.
Құжаттардың әрбір тұтынушының әртүрлі құрылғыларда және әртүрлі броузер программаларымен көрсететіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде бейнелейтін тіл болып табылады. Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың бейнелеу коды алынған соң, оны броузер программа өз мүмкіндігін пайдалана отырып, ірі әріптермен жазуы ықтималнемесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезеторы арқылы берілетін болса, онда тақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін.
HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілдері де бар екенін айта кету керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, HTML тілінің соңғы нұсқасында мәтінді пішімдеу командалары ұсынылмаған.
HTML командалары және құжаттың құрылымы.
HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары тэг деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Барлық тэг “кіші” (<) символынан басталады да, “үлкен” (>) символымен аяқталады.
HTML тіліндегі әрбір тэг бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуында әріптер регістрі ешбір роль атқармайды, бас әріпті де кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген.
HTML тілінің бір тэгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана, әсер етеді. Осыған орай екі тэг қатар қолданылады: бірі – ашады, екіншісі – жабады. Ашатын тэг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тэг – сол әсерді аяқтайды. Жабу тэгтері қиғаш сызық символымен (/) басталуы тиіс.
Кейбір тэгтер өз жазылу орнына қарай тек бір ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тэгі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды. Егер тэг ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөздер жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды.
Броузер арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тэгтердің өздері бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.
Түсініктемелер.
Программалау тілдерінде түсінік беретін сөздер – комментарийлер жазылатыны сияқты мұнда да программаның орындалуына еш әсер етпей, оны түсіндіруді жеңілдететін түсіндірме мәтіндер жазып отыруға болады.
HTML тілінің комментарийлері арнайы символдардан символдары жазылуы тиіс. Түсінік мәтін “үлкен” таңбасынан (>) өзге кез – келген символдардан құрастырыла береді.
HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera.
HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз.
Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы,
тегтiң жұмысын ашады да келесi тегi оны жабады. ашылуы, жабылуы.
Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, т.с.с.
Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз.
HTML құжаттың негізгі структурасы төмендегідей:




<br />… <br />



тегімен басталынатын негізгі бөлімнен.
Тақырып бөлімі міндетті емес, бірақ ол жерде браузерге қажетті көп ақпарат болуы мүмкін.
, тегтерінің арасында құжаттың аты жазылады, сол сөз терезенің тақырып жолына шығады.
Мысалы:
Моя первая страница
бөліміне тағы тегтерді қолдануға болады, олар сайтты интернет желісінде тез табылу үшін пайдалынады.
- сайт тілі
- сайт авторы


- іздеу қызметіне арналған сөздер
- қай программада жасалынды
тегімен Web-беттің негізгі бөлімі басталады. Бұл бөлімге мәтін, графика, кесте, аудио және видео ақпараттар енгізіледі.
Құжатта тақырыптар , тегтерімен жасалынады, бұл жерде і=1 болғанда ең үлкен тақырып жазылады, і=6 болғанда – ең кіші.
Мысалы,
Көрінетін мәтін
HTML де жазылуы
Заголовок1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет