Құзіреттілік: Ақпараттық: Айнымалы ток тізбегіндегі сыйымдылық кедергі, айнымалы ток индуктивті кедергінің қажеттілігін меңгеру
Коммуникативтік: Айнымалы ток генераторының жұмысы қандай құбылысқа негізделгенін білу.
Мәселені шешу: Оң қол ережесін қолдана отырып магнит өрісінде шеңбер бойымен орам бір қалыптан екінші қалыпқа ауысқан кезде орамның электр қозғаушы күшінің бағытын анықтау.
Сабақтың түрі:Жаңа тақырыпты хабарлау.
Қолданылатын технология: Ақпараттық коммуникативтік технология.
Қолданылатын құрал жабдықтар: Электрлік өлшеуіш аспаптар мультимедиа проектор, слайдтар жинағы.
Қолданылған әдебиеттер:Ахметов А.К. «Электротехника» А.: Фолиант 2010 ж. Нәдіров Е.Е., Балабатыров С.Б., Ғали К.О. «Электротехника және электроника негіздері» Алматы 2012 ж
Әдістемелік нұсқау. Электр тогын тасымалдау жолында ең қарапайым ток- айнымалы электр тогы. Электрмагниттік индукция құбылысына негізделіп шығарылған электрмашиналық генераторлар айнымалы токтарды алуға мүмкіндік береді. Осы бірнеше сағат бойында айнымалы токтың сипаттамасымен, ток өткендегі кедергілермен және олардың өзгеру жолын.Векторлық диаграммаларын салып, есептеу жолын анықтаймыз. Айнымалы ток шығыны ондағы қуатпен, осы токты тасымалдау жолында қуат шығынын азайту жолдары қарастырылады.
Дәріс Айнымалы ток деп, шамасы мен бағыты бойынша периодты өзгеріп тұратын тоқты айтады.
Айнымалы токтарды электромашиналық генераторлар арқылы шығарып алады. Айнымалы ток генераторының жұмысы электромагниттік индукция құбылысына негізделген.
Генератор жұмыс принципін қарастырайық та, қарапайым схема көмегімен электр тізбегінде айнымалы тоқтың әсерімен айнымалы э. қ. күшінің қалай пайда болатынын анықтайык.
Генератордың магнит өрісін, обмоткасымен сыртқы электр энергиясы көзінен алынған туракты ток өтетін электромагнит 1 қоздырады. Магнит өрісінде 2 оське бекітілген және сол осьтің маңайында қандай болмасын бір двигатель айналдырып тұратын мыс сымнан жасалған орам 3 орнатылған. Орамның ұштары 4 және 7 осьтен изоляцияланған контактілік мыс сақиналарға 6 қосылған. Сақиналарға электр энергиясын қабылдайтын кұралдар жалғанған жылжымайтын щеткалар 5 қосылып тұрады.
Өткізгішті магнит ағыны киып өткен кезде, онда пайда болатын индукцияланған э. қ. күші е шамасы магнит индукциясына B, өткізгіштің жұмысшы ұзындығына I, оның магнит өрісінде қозғалыс жылдамдығына v өткізгіштік қозғалыс бағыты мен магнит ағынының бағытының арасындағы бұрыштың синусына байланысты екені белгілі: