14 сабақ. Айнымалы токтарды сипаттайтын негізгі шамалар.
Құзіреттілік: Ақпараттық: Айнымалы ток туралы түсінік беру. Айнымалы токты сипаттайтын шамалармен таныстыру.
Коммуникативтік:айнымалы токты ажырата білуге, техникалық терминдерді ұғыну
Мәселені шешу: айнымалы токтың қайдан өндірілетінін анықтап білу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Қолданылатын технология:Ақпараттық коммуникативтік технология.
Қолданылатын құрал жабдықтар: Электрлік өлшеуіш аспаптар мультимедиа проектор, слайдтар жинағы.
Қолданылған әдебиеттер:Ахметов А.К. «Электротехника» А.: Фолиант 2010 ж. Нәдіров Е.Е., Балабатыров С.Б., Ғали К.О. «Электротехника және электроника негіздері» Алматы 2012ж
Әдістемелік нұсқау. Электр тогын тасымалдау жолында ең қарапайым ток- айнымалы электр тогы. Осы бірнеше сағат бойында айнымалы токтың сипаттамасымен, ток өткендегі кедергілермен және олардың өзгеру жолын.Векторлық диаграммаларын салып, есептеу жолын анықтаймыз. Айнымалы ток шығыны ондағы қуатпен, осы токты тасымалдау жолында қуат шығынын азайту жолдары қарастырылады.
Дәріс. Айнымалы э.қ.к, айнымалы кернеу, сондай-ақ айнымалы ток период, жиілік, әсер етуші, максимал және лездік мәндермен сипатталады.
Период. Айнымалы э. қ. күштің (кернеу не ток) шамасымен бағыты бойынша толық бір өзгеріс жасауға (бір цикл жасауға) кететін уақыты период деп аталады.Пероиод T арқылы белгіленіп секундпен өлшенеді.
Егер айнымалы э. қ. күштің периоды 1/50 сек-ке тең болады.
Жиілік. Бір секундтың ішіндегі айнымалы э. қ. күштің толық өзгеріс саны жиілік деп аталады. Жиілік f арқылы белгіленеді де герцтер (гц) арқылы өлшенеді. Ірі жиіліктерді өлшеу үшін килогерц (кгц) және мегагерц Мгц) дейтін бірліктерді пайдаланады; 1кгц=1000 гц, 1Мгц=1000 000 гц=106 гц. Айнымалы токтын жиілігі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оны периоды қысқа болады. Сөйтіп, жиілің – периодқа кері шама: