басылады. Қол тас парақтардың бетін
ашқан кезде, тұрған жандардың барлығы
Құдайдың жалынды қаламымен жазылған
он заңын өз көздерімен көреді. Бұл
жазудың анықтығы соншалықты, оны
ешкімде түсінбей қалмайды. Енді оны
көріп тұрған жұрттардың сана сезімдері
о я н ы п ,
ы р ы м - ж ы р ы м
м е н
адасушылықтың бұлттары сейіліп, қысқа
да түсінікті Құдайдың қасиетті заңы
жердің
тұрғындарының
барлығының
көкейіне қонады.
Сол кезде Құдай заңын аяқ асты еткен
адамдардың қорқынышын ауызбен айтып
жеткізу мүмкін емес екенін көреміз. Құдай
Өз
заңын
адамзат
балаларының
барлығына бірдей етіп берді. Сол заңды
пайдаланып, оған сәйкес келетіндей етіп
мінездерін өзгертіп, тәубәларына түсіп,
Алланың сызып берген жолымен жүріп
отырғанның орнына, адамдар заңды
өздері де бұзды, басқаларына да бұрыс
үйретті. Әсіресе олар Құдайдың заңының
сенбі күні туралы бабын арамдады. Енді
ештеңемен де ақтала алмайтындарын
сезінген олар өте жаман күйде тұрды.
Өйткені кімге қызмет ететіндерін өздері
қалап алған болатын. «Сонда тақуалар мен
арамдардың айырмашылықтары көрінеді,
Құдайға сыйынатындар мен сыйынғысы
келмегендер
анықталады»
(Малаһия
пайғамбарының кітабынан 3:18).
Құдай заңының жаулары — шіркеу
қызметкерлерінен
бастап
қатардағы
қарапайымдар ға
дейі н
өздерінің
міндеттері мен ақиқат жайлы жаңа түсінік
алады. Құдай заңының төртінші бабы —
сенбі күні — Тірі Құдайдың мөрі екенін
олар кеш түсінеді. Жалған сенбінің, яғни
жексенбінің негізінің құмнан қаланғанын
сонда біледі. Өздерінің Құдайға қарсы
ш а й қ а с қ а н д а р ы н
ұ ғ а д ы .
Д і н
ұстаздарының «жұмаққа бара жатырмыз»
деп,
шын
мәнінде
оларды
өлімге
жетелегенін түсінеді. Үкім шығарылатын
күні ғана діни қызметте тұрғандардың
міндеттерінің
қаншалықты
жауапты
болғанын
және
олардың
қателерінің
неменеге әкеліп тірегенін көретін боламыз.
«Маңайыма жолама арам құл!» деген
Алланың сөзін еститіндер өте жаман
жағдайда тұрады.
Аспаннан Өзінің халқымен мәңгілік
өсиетке тұратын Иса Мәсіхтың қай күні,
Қай
сағатта
келетінін
хабарлайтын
Құдайдың дауысы шығады. Бұл дауыс
күннің күркірегеніндей болып, барлық
жердің бетіне естіледі. Құдайдың халқы
көкке қарап әрбір сөзді мұқият тыңдайды.
Кезінде
Мұса
пайғамбарының
жүзі
Алланың нұрымен қалай жарқыраса,
Оның меншікті халқының да түрі дәл
солай жарқырайды. Арсыздар олардың
жүздеріне қарай алмайды. Алланың заңын
орындап, Оны сыйлағандарға бата беріліп
жатқан кезде қатты жеңісті дауыс
шығады.
Сонан соң шығыс жақтан адамның
алақанының жартысындай күңгірт бұлт
пайда болады. Бұл бұлт Құтқарушыны
қоршап, алыстан қарағанда ол мұнарға
оранғандай
болып
көрінеді.
Бірақ
меншіктілер бұл Адамзат Ұлының белгісі
екенін жақсы біледі. Осы көріністі олар
салтанатты үнсіздікпен бақылап тұрады.
Жерге жақындаған сайын бұлт айқындала
түсіп, ақыры үлкен ақ бұлтқа айналады.
О н ы ң
н е г і з і
ж ұ т ы п
ә к е т е т і н
жалындағандай оттай атақпен қамтылған,
ал бұлттың үстінде өсиет кемпірқосағы
жарқырайды.
Енді
Ол
мазақ
пен
масқараның ащы тостағанынан ішкен
«қасірет тартқан азамат» ретінде емес, көк
пен жердің Билеушісі, өлілер мен тірілерге
үкім шығарушы Жеңімпаз ретінде келді.
«Ақ боз аттарға мініп, кіршіксіз таза ақ
бәтес жамылғы киген көктің әскерлері
Оның соңынан еріп жүрді» (Аян 19:11,14).
Исаның соңынан ерген періштелердің
көптігі соншалықты, саны да жоқ секілді.
Түгел
аспан
жарқылдаған
тіршілік
иелеріне толып кетті. Бұл көріністі айтып
жеткізуге адамның тілі де жетпейді,
пенделердің қаламы оны бейнелеп те бере
алмайды. Оның ұлылығы мен атағы
жердің бетін толтырды. «Оның жарығы
к ү нні ң
к ө з і не
ұ қ с ас »
( А б б ақ ұ қ
пайғамбарының кітабынан 3:3,4). Бұлт
төмендеген кезде барлық жандар өмір
Ханзадасын өз көздерімен көреді. Енді
Оның
басына
кигені
тікенек
емес,
даңқтың жарқыраған тәжі, ал жүзі тал
түстегі күннің көзіндей жарқырайды.
«Оның жамылғысы мен мықынында:
патшалардың Патшасы, иелердің Иесі»
деген жазуы бар (Аян 19:16).
О н ы ң
м е й і р і м і н
қ а б ы лд а м а ғ а н
жандардың бойын сұмдық қорқыныш
билеп алған. «Жүректері еріп, тізелері
дірілдеп, жүздері қарайып кеткен» (Ереуіл
30:6; Нақұм 2:10). Тақуалар шымырлаған
сезіммен: «Кім шыдай алар екен?» деп
абыржиды. Осы сөздерден кейін керемет
қорқынышты үнсіздік орнайды. Сонан соң
Исаның
«Менің
рақымым
сендерге
жетерліктей
берілді»
деген
дауысы
шығады.
Сол
кезде
тақуалардың
281
жүздеріне
қуаныш
еніп,
періштелер
әндерін әрі қарай жалғастырады.
Патшалардың
Патшасы
жалындаған
оттай бұлттың үстіне түседі. Жер сілкініп,
таулар
мен
аралдар
орындарынан
қозғалады.
«Біздің Құдайымыз келе жатыр және Ол
үнсіз емес: алдында жалын, маңайында
қатты дауыл. Ол көк пен жерді халықтарға
үкім шығаруға шақырады» (Забур жыры
49:3,4).
«Жердегі патшалар, ақ сүйектер мен
байлар, қолбасшылар мен күштілер және
күллі құл еріктілер үңгірлерге, таудағы
құздардың арасына тығылып қалады.
Олар таулар мен құздарға жалбарынып:
үстімізге құлап, бізді тақта Отырғанның
көзінен таса қылып, Тоқтының қаһарынан
жасыра көріңдер. Құдайдың қаһарын
төгетін күні жетті, енді кім соған төзе
алады!» деп қиналады. (Аян 6:15-17).
Мысқылдау мен ажуалау тоқталады.
Арсыздардың
ауыздары
жабылады.
Сатырлаған
қарулардың
дыбысы,
шапқ ы ншы лар д ы ң
айғ айы
ж ә не
шайқастың шуы естілмейді. Тек мінәжат
ету, жылап сықтау, зарлы үн ғана
шығады. Бір кездері ажуалаған, мазақ
сөздер
шыққан
ауыздардан
енді:
«Қаһарлы да ұлы күн келді, соған кім
шыдай алар екен!» деген үндер үзіліп-
үзіліп кеңістікке тарап жатады. Арсыздар
таулар мен құз шатқалдардың үстеріне
құлап,
тақта
отырғанның
жүзін
көрсетпеуін сұрайды. Өлілерді оятып
жатқан дауыс оларға өте таныс. «Өлімнің
сендерге қанша керегі бар? Жаман
жолдарыңнан қайтып, Менің ізіммен
жүріңдер, тәубәларыңа түсіңдер» деген бұл
мейірімге толы дауыс — ең жақын достың,
жанашыр
бауырдың,
Құтқарушының
дауысы болатын. Алланың қанша рет
шақырғанын
керек
қылмай,
оның
мейірімін қабылдамаған жандарды бұл
дауыс әбден кінәлай алады (Езекіл
пайғамбарының кітабынан 33:11). Бұл
дауыс оларға таныс болмаса бір жөн ғой!
Иса оларға: «Мен сендерді шақырдым,
бірақ сендер тыңдамадыңдар, қолымды
создым,
керек
қылмадыңдар,
Менің
ақылыма көңіл аудармадыңдар, Мені
қабылдамадыңдар» дейді (Нақыл сөздер
1 : 2 4 , 2 5 ) .
О с ы
д а у ы с
о л а р д ы ң
пайдаланылмай қалған мүмкіндіктері мен
зұлым істерінің барлығын естеріне салады.
Исаның жанын қинағандар да сол жерде
тұрады. Сонда «Менің Билеуші ретінде
Құдірет Иесінің оң жағында отырғанымды
әрі
аспандағы
бұлтт армен
келе
жатқанымды әлі көретін боласыңдар!»
деген Ғайсаның сөзі олардың естеріне
түседі (Матай жазған Ізгі хабар 26.64).
Енді олар шынымен де Мәсіхтың атағын
және Оның Жаратқан Иенің қасында
отырғанын көреді.
Бір кездері «Мен Құдайдың Ұлымын»
дегенде Оны мазақ қылғандар, енді үнсіз
тұр. Нөкерлеріне: «Басына патшаның
тәжін кигізіңдер» деп мысқылдаған Ирод
та осында. Исаның үстіне қоңыр қызыл
жамылғы жауып, басына тікенек тәж
кигізген
жексұрындар
да,
өмір
Ханзадасының бетіне түкірген сұмырайлар
да, аяқ қолын шегелеп, қанжармен бүйірін
тескен жауынгер де осы жерде. Олардың
енді
Исаның
өткір
жүзіне
қарауға
шамалары жоқ. Тақта Отырғанның түрін
көрмесе болды, қайда болса да қашуға
дайын.
Сол заманның басшылары мен дін
қызметкерлері Голгофа оқиғасын анық
естеріне
алады.
«Мынау
басқаларды
құтқарыпты, бірақ Өзін құтқара алмай
тұр! Егер Ол Ысрайылдың патшасы болса,
Өзінің
құдіретін
пайдаланып
дереу
айқыштан түссін, сонда біз Оған сенейік.
Ол Құдайға үмітін артыпты, ендеше Құдай
Оны ұнатса қазір босатып алсын! Өйткені
Ол Өзін Құдайдың рухани Ұлымын дейді
ғой» (Матай жазған Ізгі хабар 27:42,43)
деген сөздері естеріне түсіп, қатты қорқып
тұрады.
Олар жүзімнің өнімін иелеріне бермей,
оның
қызметшілерін
мазақ
қылып,
баласын өлтірген жүзімшілер туралы
Құтқарушының айтқан аңызын естеріне
алады. Сондай-ақ олардың естеріне істеген
қылықтары үшін қожайынның шығарған
үкімі де түседі. Сондықтан олар ендігі
жерде өздерін не тосып тұрғанын жақсы
біледі. Сол кезде олардың ауыздарынан
қамыққан сұмдық айғай шығады: «Бұл
Құдайдың Ұлы! Шынайы Елші!». Осы
айғай
бір
кездердегі
«Айқышқа
шегелеңдер!
Шегелеңдер
Оны!»
деп
Иерусалимнің
көшесін
даңғыратып
жіберген айғайдан да ащы болады. Сол-ақ
екен патшалардың Патшасының жүзіне
қараудан
қорыққан
олар
табиғат
ап ат ы н ан
па йд а
б о лғ а н
т е р е ң
шұңқырларға тығылмақ болады, бірақ
олай істей алмайды.
Ақиқ ат ты
қ абылдам айтынд ардың
өмірлерінде ұяттары оянып, жасаған
арсыз істерін естеріне алып, қиналатын
кездері болады. Бірақ олардың бұл
уайымдарын ақыр кезінде арсыздардың
282
бастарына
түсетін
уайымдарымен
салыстыруға да келмейді (Нақыл сөздер
1:27). Сонан соң олар: «Мінекей бұл —
біздің Құдайымыз. Біз Оған үміт арттық
және Ол бізді құтқарды» (Ишая 25:9) деп
салған
тақуалардың
әндерін
естіп,
жандары түршігеді.
Күркіреген
күн
мен
жарқылдаған
найзағайдың арасынан Құдайдың рухани
Ұлының дауысы шығады. Ол қолын көкке
көтеріп: «Ояныңдар, ояныңдар, ояныңдар,
көрде ұйықтап жатқандар түрегеліңдер!»
деп дауыстайды. Сонда жер бетіндегі
барлық қабырлар ашылып, өлгендер Оның
дауысын естіп тіріледі. Әрбір тілдердің,
буындардың,
халықтардың
іштерінен
оянып шыққан көп әскердің дүбірінен жер
сілкінеді. Сонда мәңгілік даңққа бөленген
олар: «Ажал! сенің уытың қайда? Дозақ!
сенің жеңісің қайда?» деп салтанатты
т ү р д е
ш а т т а н а
д а у ы с т а й д ы
(Қорынттықтарға арналған бірінші хат
15:55). Сонан соң тірілгендер өлімнің
дәмін
татып
көрмеген
тақуалармен
қосылады,
олардың
біріккен
әндері
жоғарыға шарықтап, әуені шайқалтып,
жан жаққа таралып жатады.
Қабырдан шыққандардың түрлері дәл
өлер
алдындағыдай
болады.
Қайра
тірілгендердің ішінде тек Адам — ата ғана
ұзын бойымен, сымбатты мүсінімен көзге
түсіп, Құдайдың Ұлынан сәл ғана төмен
тұрады.
Ол
өзінің
ұрпақтарынан
әлдеқайда өзгеше көрінеді, соның өзінен-
ақ күнәнің адамзат баласын қаншалықты
тоздырып жібергенін көруге болады.
Д е г е н м е н
м ә ң г і л і к
ө м і р
ү ш і н
оянғандардың өңінен мәңгілік жастықтың,
нәзіктіктің, сұлулықтың мөрі байқалады.
Адам жаратылған кезде тек мінезі ғана
емес, түрі де Жаратушысына қатты
ұқсаған. Бірақ күнә адамның бойынан
Құдайдың бейнесін өшіріп жіберді, ал
Мәсіх біздің планетамызға жоғалғанның
барлығын қайтару үшін келді. Ол біздің
сымбаттылығынан
айрылған
денемізді
қалпына келтіреді. Барлық мүкістеріміз,
ақауларымыз,
кесірлеріміз
молада
қалады.
Ақталғандар
Бейіш
бағына
кіргеннен
кейін,
өмір
ағашының
жемістерінің
дәмін
татып
(Малаһия
пайғамбарының кітабынан 4:2), өсіп өніп
өздерінің алғашқы қалыптарына келеді.
Қарғыс пен күнәнің ізі өшіп, олар
жанымен де, тәнімен де, ойымен де Аллаға
ұқсайтын болады. Тақуалар осы өмір
жайлы көп ойлаған, оған сенген,
үміттеніп күткен, оны аңсаған, бірақ
қалай болған күнде де оны жете түсіне
алмаған.
Ал тірі қалған тақуалар бір мезетте
өзгеріп шыға келеді. Олар сырнайдың
дауысы шыққан кезде сымбаттанады, енді
ешқашан өлмейтін денеге ие болады,
сөйтіп қайра тірілген тақуалармен бірге
әуеде қалықтап Құдайға қарай жоғарыға
көтеріледі. Періштелер барлық жердің
бетінен
тақуаларды
жинап,
нәресте
кезінде өліп қалған балаларды аналарына
қайтарады. Өлім ажырастырып жіберген
достар қайра қауышады. Барлық жандар
ауызбен
айтып
жеткісіз
қуанышқа
бөленіп, көктегі қалаға көтеріледі.
Бұлттан
құралған
қос
дөңгелекті
арбашалардың қанаттары болады. Оның
тірі дөңгелектері және қанаттары да
қозғалған сайын «Қасиетті» деп сөйлеп
тұрады. Барлық періштелер «Құдай Иеміз
қасиетті!» деп ән салады. Арбашалар жаңа
Иерусалимге тақаған кезде тақуалар да
Иелерін мадақтап ән салады.
Қасие тті
қалаға
кірмес
бұрын
Құтқарушы Өзінің ізбасарларына жеңіс
эмблемалары мен «Патшаның әулетіне
жатады» деген белгілерді таратады.
Ақталғандар,
бойы
періштелер
мен
киелілерден
әлдеқайда
жоғары,
жүзі
сүйіспеншілік
және
мейірімділікпен
жайнап тұрған Құтқарушыларын қоршап
жарқыраған шеп құрады. Иса оң қолымен
жеңгендердің бастарына даңқ тәжін
кигізеді. Ақталғандардың тәжінде «Аллаға
арналған қасиетті!» деген сөз бен олардың
жаңа аттары жазылып тұрады. Олардың
ә р
қ айс ы с ы ны ң
қ о лы на
қ ұ р м а
ағаштарының бұтағы мен жарқыраған
арфалар
беріледі.
Сонан
соң
әнге
қолбасшылық
жасайтын
періштенің
басқаруымен барлығы күй аспаптарын
қолдарына алып, ғажайып ән орындайды.
Тұрғандардың барлықтарының жүректері
қуанышқа
толып,
Құдайға
деген
ризашылықтарын әнмен білдіреді: «Мәсіх
бізді сүйіп, Өзін құрбан етіп, төгілген
қанымен
күнәларымыздан
тазартып,
арылтты, һәм бізді Өз Құдайы және
Әкесіне бағышталған қызметкерлердің
патшалығы қылды. Оның салтанатты
ұлылығы мен құдіреті мәңгілік бола
бермек. Амин» (Аян 1:5,6).
Ақталғандардың алдында киелі қала
тұрады. Иса оның меруерт
қақпаларын ашып, ақиқатқа адал болып
қалғандарды
осы
қалаға
кіргізеді.
Қаланың ішінен олар Бейіш бағын көреді.
Сонан соң олар адамның құлағы естіп
көрмеген,
керемет
әннен
де
нәзік
«Шайқастарың аяқталды» деген дауысты
естиді.
«Әкемнің
батасын
алғандар
283
келіңдер,
дүние жаратылғаннан
бері
сендерге
дайындалған
Патшалықты
еншілікке алыңдар»
«Маған бергендерің Мен қайда болсам,
Менімен бірге сонда болса екен» деген
Исаның тілегі орындалады (Яхуда.24).
Мәсіх Өзінің құтқарып алған халқын
Әкесіне көрсетеді: «Мінекей Мен және
Маған берген балаларың, Мен оларды
сақтадым». Қандай ғажап сүйіспеншілік
д е с е ң і з ш і !
Ш е к с і з
Қ ұ д а й
Ә к е
ақталғандарға қарап, олардан Өз бейнесін
көретін сәт қаншалықты ғажап болмақ!
Иса Өзіне сенімді болып қалғандарды
ш е к с і з
с ү й і с п е н ш і л і к п е н
О н ы ң
қуанышына ортақтас болуға шақырады.
Исаның қуанышы дегеніміз — Оның
бейнетке батып, азап шегіп, қанын төгіп
құтқарып алған қауымының Құдайдың
п а т ш а л ы ғ ы н а
к і р г е н і .
С о н д а
құтқарылғандар өздерінің араларынан бір
кездері тілектерін тілеп, уағыз айтып,
сүйіспеншілікпен
Мәсіхтың
маңайына
ж и н а ғ а н
ж а н д а р д ы
к ө р е д і .
Құтқарылғандардың барлығы Құдайдың
ақ тағының қасына жиналады. Жүректері
шексіз қуанышқа толған бұл пенделер,
бастарындағы тәждерін шешіп Исаның
аяғына қойып, Оның есімін мәңгі бақи
мадақтауға дайын тұрады. Құдайдың
қасиетті қаласында ақталғандарды қарсы
алып жатқан кезде әуе шарықтаған әнге
толады. Осы арада екі Адамның кездесетін
сәті де келеді. Бірі Құдайдың Рухани Ұлы
Мәсіх Иса, екіншісі адамзат баласының
бабасы Адам — ата. Адам — ата өзінің
бастап берген күнәсінің нәтижесінде
Құтқарушының денесінде қалған ащы
азап іздерін көргенде, Оның аяғына
жығылып: «Біздер үшін құрбан болған
Тоқты
жасасын!»
деп
дауыстайды.
Құтқарушы оны сүйіспеншілікпен жерден
тұрғызып алып, бір кездері ол қуылып
шыққан Бейіш бағын көрсетеді.
Бейіш бағынан қуылғаннан кейінгі Адам
атаның жердегі өмірі қасіретке толы
болды. Солып қалған әрбір жапырақ,
құрбандыққа шалынып отырған әрбір
жазықсыз мал, табиғатта болып жатқан
өзгерістер, адам баласының мінезіндегі
толып жатқан ақаулар — осының барлығы
бабамыздың есіне оның күнәсін түсіріп
о т ы р ғ а н .
З а ң с ы з д ы қ т а р ы
ү ш і н
ұрпақтарына ескерту жасаған кезде, «осы
зұлымдықты бастап берген өзіңсің» деген
сөздерді естіп, жаны қатты күйзелген. Осы
ауыр жүкті ол 1000 жылға тақау уақыт
бойы арқалап жүрді. Ол бар ниетімен,
шынайы
түрде
тәубасына
түсті.
Құтқарушының келетініне және өлгеннен
кейін қайра тірілетініне сенді. Құдайдың
Рухани Ұлы адамзат баласының күнәсін
Өзінің
қасиетті
қанымен
жуып,
адамдарды мәңгілік өлімнен арашалап
алып қалды, осы татуластыру қызметінің
арқасында Адам — атаға оның алғашқы
билігі қайтып оралды.
Шексіз қуанышқа бөленіп тұрған Адам —
ата өзінің ағаштарын, сол ағаштардан
бейкүнә кезінде жинаған жемістерін, күтіп
баққан гүлдерін көріп қатты қуанды.
Қайта қалпына келтірілген Бейіш бағы
бұрынғысынан
да
сұлу
көрінеді.
Қ ұ т қ ар у шы мы з
б аб ам ы зд ы
өм і р
ағашының жанына жетелеп әкеліп, оның
жемісінен үзіп алып, қолына ұстатады. Бір
мезгілде Адам — ата жан жағына көз
салып, оларды қоршап тұрған өзінің
ақталған көптеген ұрпақтарын көреді. Сол
сәтте басындағы тәжін шешіп алып,
Исаның
аяғына
қояды,
ал
өзі
қ о б а л ж ы ғ а н ы н
ж а с ы р а
а л м а й
Құтқарушыны құшақтайды. Сонан соң
алтын арфаны қолына алып әндетеді:
Құрбандыққа шалынып, қайра тірілген
Тоқты жасай берсін! Адам — атаның
ұрпақтары
бұл
әнді
әрі
қарай
жалғастырып әкетеді және бастарындағы
тәждерін шешіп алып Құтқарушының
аяғына тастайды.
Бір кездері Адам-атаның күнә жасап
құлағанын көріп қатты қайғырған және
Исаның өлімді жеңіп, қайра тірілгеніне
шексіз қуанған періштелер бұл сұлу
көріністі жай ғана бақылап тұра алмайды,
мадақтау әнұранына дауыстарын қосып,
әрі қарай жалғастырып әкетеді.
Шыны
теңізінің
үстінде,
Құдайдың
тағының
алдында,
теңіз
Құдайдың
атағымен отпен араласқан шыныдай
жарқырайды,
жиналғандарды
көрдім.
Бұлар айуанның мүсініне табынбаған,
оның
атының
санын
қабылдамаған,
осылайша айуанды жеңіп шыққандар еді
— дейді Жоһан пайғамбар (Аян 15:2).
Мұнан кейін Сионның төбесінде тұрған
144 000 адамды көрдім. Сонда мен
сырылдап аққан көп судың дыбысындай,
күннің қатты күркірегеніндей көктен
шыққан бір дауысты естідім. Ол жетігенде
ойнаған күйшілердің әсем сазындай еді.
Тақ алдында және төрт нөкер мен
ақсақалдардың
алдында
жаңа
ән
айтылды. Оны күнәларының құны өтеліп,
күнәкар дүниеден азат етілген 144 000
мың адам ғана үйрене алды. Олар Иемізге
деген адалдықтарын бұзбай, өздерін пәк
ұстағандар еді. Тоқты қайда бармасын,
олар Оған еріп жүреді. Бұлар — Тоқтыға
284
және Құдайға бағышталған алғашқы
сыйтарту (Аян 15:2,3; 14:1-5). Бұлар зор
қасіреттен келгендер. Олар адам баласы
ешқашан
көрмеген
қиын
заманды
бастарынан
кешкендер.
Жақыптың
басынан өткізген қасіретін көргендер.
Ақыр заманда жер бетіне Алланың қаһары
төгілген сұрапыл заманда, қасіретке қарсы
арашашысыз (қорғансыз) тұрғандар.
Бұлар зор қуғындау кезеңінен өткендер.
Олар шапандарын Тоқтының төгілген
қанымен «жуып» аппақ қылды, сондықтан
Құдай тағының алдында тұрып, Оған күні
түні киелі үйінде қызмет етеді. Тақта
Отырған олардың арасында бірге тұрып,
баспана болады. Олар аштық пен індеттен
босап қалған жерді көрді, жер бетін
күйдірген күннің аптабының да куәсі
Достарыңызбен бөлісу: |