Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет54/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60
секілді  болып  көрінеді.  Өлім  қаупі  төніп 
тұр. Алғашқы жігерлерінің ізі де қалмаған, 
бірақ  олар  кері  қайта  алмайды.  Тым 
әлсіреп  кеткен  бейшаралар  осы  сәтте 
Жаратқаннан көмек сұрайды. Содан кейін 
бұл  жандар  айтқан  сөздерінің  өздеріне 
тиесілі  емес,  Алланың  бұйрығы  бойынша 
сөйлегендерін  естеріне  алады.  Құдай 
олардың  жүректеріне  ақиқатты  салды, 
сондықтан олар сөйлемей тұра алмады. 
Өткен  замандарда  да  Құдайдың  сенімді 
азаматтары  осындай  сынақтан  өткен 
болатын.  Уиклиф,  Гус,  Лютер,  Тындаль, 
Бакстер,  Уэсли  барлық  ілімдердің  Құдай 
сөзімен тексерілуін талап еткен және Киелі 
Жазбаға қарама-қайшы келетін кез келген 
ілімнен  бас  тартқан.  Олар  ақиқат  үшін 
қуғындалып, 
өте 
қатыгез 
түрде 
жазаланған. 
Соған 
қарамастан 
бұл 
ержүрек 
азаматтар 
Құдайдың 
сөзін 
уағыздауын 
тоқтатпаған. 
Шіркеудің 
тарихының  әр  кезеңінде,  сол  кездегі 
Құдайдың  меншікті  халқының  мүддесіне 
жауап  беретін  ақиқат  уағыздалған.  Әрбір 
ақиқат  жеккөрушілік  толқынымен  неше 
түрлі кедергілерден өтіп отырып өзіне жол 
салған,  ал  сол  ақиқаттарды  таратушылар 
қатыгез  сынаққа  түскен.  Ең  керекті, 
қаймығып  тұрған  сәттерде  Алла  Өз 
халқына ерекше ақиқатты сыйға тартқан. 
Оны  уағыздамауға  кімнің  дәті  жетеді? 
Құдай 
Өзінің 
сенімді 
қызметкерлері 
арқылы  әлемге  соңғы  рет  ескерту  беріп 
тұр. Олар сөйлемей тұра алмайды, өйткені 
киелі  міндеттерін  орындаулары  керек, 
соңын Алладан күтеді.  
 Қарсыласу  ең жоғарғы нүктесіне жеткен 
кезде,  Құдайдың  құлдары 
«дағдарыс 
шынымен  біздің  қырсығымыздан  болды 
ма  екен?»  деп  сасқалақтайды.  Бірақ 
олардың  ар  —  ұжданы  мен  Құдай  Сөзі 
істеген істерінің дұрыс болғанына көздерін 
ж е т к і з е д і .  
С ы н а қ  
ә р і  
қ а р а й 
жалғасқанымен,  олар  енді    бұған  шыдап 
бағады. Шайқас күшейген сайын, олардың 
сенімдері  де  арта  түседі.  «Біздер  әлемге 
жағыну  үшін  Құдай  заңының  жартысы 
дұрыс, 
жартысы 
бұрыс 
деп 
айта 
алмаймыз»  деген  куәлік  береді.  «Алла  бізді 
құтқарады. 
Мәсіх 
жердің 
күштерін 
жеңген,  сондықтан  біз  ештеңеден  де 
қорықпаймыз» деп ашық жариялайды. 
Қуғын-сүргін  қандай  қалыпта  болса  да, 
бұл    ұстанымдардың  дамуы  және  де  ол 
жер  бетінде  албасты  барында,  сол  секілді 
мәсіхшылық  жанды  күшке  ие  болып 
тұрған  кезде  әрі  қарай  бола  береді, 
жалғаса  береді.  Бірде  бір  адам  қара 
күштің  иесін  қарсыластырмай  Құдайға 
қызмет  ете  алмайды.  Зұлым  періштелер 
ондай  адамға  зиянын  тигізбей  қоймайды. 
Ал 
зұлым 
адамдар 
болса, 
зұлым 
періштелерге  қосылып  бұл  адамдарды 
Құдайдан алыстатуға тырысып бағады, ал 

267 
 
айласы  жетпеген  жерлерге  міндетті  түрде 
күштерін салады.  
Иса адамдардың Ізденушісі, Арашашысы 
ретінде  көктегі  қасиетханадағы  қызметін 
атқарып  тұрғанда,  билеушілер  де,  халық 
та  Киелі  Рухтың  зұлымдықты  тоқтатып 
тұрған күшін сезінеді. Кейбір дәрежеде ол 
жердің  заңдарынан  да  байқалады.  Егер 
бұл заңдар болмағанда бар әлем жыларман 
күйде  болған  болар  еді.  Билеушілердің 
көпшілігі 
албастының 
серіктестері 
б о л ғ а н ы м е н ,  
ә р  
х а л ы қ т ы ң 
қолбасшыларының 
ішінде 
Алланың 
қызметкерлері  де  бар.  Жау  әзәзілдің 
итермелеуімен  Құдай  ісіне  кедергі  жасап 
баққанымен, 
Алланы 
құрметтейтін 
мемлекеттік  қызметкерлер  періштелердің 
көмегімен  жаудың  ісін  болдыртпайтын 
қатесіз  тәсілдерді  табады.  Осылайша 
ақиқатты  қорғаушы  аздаған  адамдар 
зұлымдықтың тасқынын тоқтатып тұр. Үш 
періштелік  хабар  өз  ісін  аяқтап  болғанша 
албастының 
серіктестерінің 
күші 
т о қ т а т ы л а  
т ұ р а д ы .  
А қ и қ а т т ы ң 
қарлығаштары  жариялап  жатқан  соңғы 
ескерту өзіне көптеген халық көсемдерінің 
көңілін 
аударады 
және 
солардың 
кейбіреулері  қасірет  кезеңі  туған  кезде 
Алланың 
жағына 
шығатын 
болады. 
Ү ш і н ш і  
п е р і ш т е н і ң  
х а б а р ы н ы ң 
уағыздалуына  қосылатын  періште  өзінің 
даңқымен  жер  бетін  нұрландыруға  тиісті. 
Бұл  аян  орасан  зор  күшпен  бар  әлемді 
қамтитын 
жұмыстың 
жүргізілетінін 
білдіреді. 
1840-1844-ші 
жылдардағы 
адвентистік  қозғалыс  Алланың  күшін 
әлемге 
байқатқан 
болатын. 
Бірінші 
періштенің 
хабары 
дүние 
жүзіне 
уағыздалды, 
сол 
кездерде 
кейбір 
мемлекеттерде, 
XVI 
— 
 
ғасырдағы 
Реформация  кезінен  басқа  еш  уақытта 
болып көрмеген, дінге деген қызығушылық 
пайда  болды.  Десе  де  үшінші  періштенің 
соңғы 
ескертуімен 
пайда 
болатын 
қозғалыс  реформациядан  бірнеше  есе 
асып түседі. 
Бұл  жұмыс  Елулік  күніндегі  жұмысқа 
ұқсас  келеді.  Ізгі  хабардың  таралуының 
бас кезінде егілген дәндердің шығуы үшін 
Киелі  Рух  берілген  кезде  төгілген  «ерте 
жаңбыр»  секілді,  соңғы  уақытта  егін  пісіп 
жетілген  кезде  «соңғы  жаңбыр»  төгілетін 
болады. 
Сонымен 
ағайын! 
Жаратушы 
Құдай 
Иемізді  танып  білуге  ұмтылайық.  Оның 
келуі  таң  шуағына  ұқсас  болмақ.  Қурап 
қалған  жер  бетін  сусындататын  соңғы 
нөсердей  болып,  біздің  жүдеп  қалған 
планетамызға  Ұлы  Құдай  келеді  (Ошия 
пайғамбарының  кітабынан  6:3).  «Соңғы 
күндері 
Рухымнан 
халқыма 
беретін 
боламын».  «Алланың  атын  атап  шақырған 
кез  келген  пенде  құтқарылады»  (Жоел 
пайғамбарының 
кіт абынан 
2 :23 ; 
Елшілердің 
істері 
2:17,21) 
дейді 
Құтқарушы.  
  Ізгі  хабардың  уағыздалуы  аяқталатын 
кезде,  ол  басталған  кезде  Құдайдың  күші 
халқына  қалай  берілсе,  соңында  да  солай 
беріледі. «Ерте жаңбырдың» төгілуі кезінде 
орындалған  аяндар,  «соңғы  жаңбырдың» 
төгілуі  кезінде  қайра  қайталанады.  Бұл 
қуаныш  мезгілі.  Петір  пайғамбарының 
күткен  сәті:  «Сонымен  теріс  жолдан 
қайтыңдар! Сонда Құдай Ие күнәларыңды 
кешіріп, Одан сендерге қуанышты күндер 
келеді  және  Ол  сендерге  алдын  ала 
тағайындалған  Билеуші  Исаны  жібереді» 
«Елшілердің істері 3:19,20). 
Құдайдың  қызметкерлері  көктен  түскен 
хабарды  жердің  түкпір  түкпіріне  тез 
жеткізуге 
тырысады. 
Бұл 
ескертуді 
мыңдаған  дауыстар  жариялайды.  Неше 
түрлі  керемет оқиғалар  болады,  ауыратын 
адамдар  сауығып  кетеді,  сенімдегілер 
к ө п т е г е н  
т а б и ғ и д а н  
ж о ғ а р ы 
жағдайлардың 
куәсі 
болады. 
Бірақ 
албасты  да  қарап  тұрмайды,  жалған 
кереметтер  көрсетеді,  адамдардың  көз 
алдында  аспаннан  жерге  от  түсіреді  (Аян 
13:13).  Осы  сәтте  жердің  тұрғындары 
шешім қабылдауға тиісті болады. 
Бұл  хабар  дәлелдеуден  гөрі,  Киелі  Рухтың 
с е н д і р у і м е н  
т а р а й т ы н  
б о л а д ы . 
Дәлелдемелер  берілген.  Дән  отырғызылды, 
енді оның өсіп жемісін беретін  кезі жетті. 
Таралған Ізгі хабар өз ісін істеді, дегенмен 
ақиқатты таныған көпшілік жандарға оны 
қабылдауға  бір  нәрсе  кедергі  болды.  Ал 
ендігі  жерде  ақиқаттың  сәулелері  барлық 
жерлерге  таралуда,  шындық  анықталып 
тұр.  Құдайдың  балалары  оларды  буып 
тастаған  шынжырларды  үзіп,  босанып 
шығады.  Жанұя  қатынастары,  шіркеу 
алдындағы  міндеттер,  тағы  да  басқадай 
кедергілер  —  ештеңе  де  оларды  енді 
тоқтата  алмайды.  Олар  үшін  ақиқат 
бәрінен  де  қымбат  болады.  Шындықтың 
қарсыластарының 
біріккен 
күшіне 
қ а р ам а с т а н ,  
Қ ұ д а йд ы ң  
ж а ғ ы н а 

268 
 
Сол  күндері  сенің  халқыңның  балаларын 
қолдап  тұрған  Ұлы  Ханзада  Мисайыл 
шығады, адам баласы жаратылғаннан бері 
болып  көрмеген  қиын  замандар  келеді, 
бірақ  өмір  кітабында  есімі  жазылып 
қойылғандардың  барлығы  құтқарылатын 
бо лады  
(Д ания л 
пайғамб ары ны ң 
кітабынан 12:1). 
Үшінші  періштенің  хабары  уағыздалып 
болғаннан 
кейін, 
Құдайдың  мейірімі 
жердің тұрғындарын өз еркіне қалдырады. 
Құдай  халқы  өз  ісін  аяқтап  «соңғы 
жаңбырды»,  «Алланың  берген  қуанышын» 
қабылдап,  алдағы  келе  жатқан  сынаққа 
дайын  тұр.  Періштелер  жан  жаққа 
асығуда.  Жер  бетінен  қайтып  оралған 
періште, өз ісінің аяқталғаны жайлы хабар 
береді 
және 
Құдайға 
адал 
болып 
қалғандардың  Жаратқанның  таңбасын 
алғанын айтып жеткізеді. Сол сәтте Ғайса 
Өзінің  көктегі  қасиетханадағы  арашашы 
қызметін  аяқтайды.  Ол  екі  қолын жоғары 
көтеріп, қатты дауыспен «Орындалды» деп 
хабарлайды.  Оның:  «Әділетсіздер  әділетсіз 
і с т е р і н  
ж а л ғ а с т ы р ы п ,  
а р а м д а р 
арамдықтарын  жасай  берсін,  ал  әділдер 
ә д і л е т т і л і к  
ж а с а п ,  
қ а с и е т т і л е р 
қасиеттілене  берсін»  деген  салтанатты 
арызынан 
кейін 
көктегі 
сарбаздар 
бастарындағы  тәждерін  шешеді  (Аян 
22:11).  Осы  кезде  әр  адамның  тағдыры 
шешілетін  болады.  Мәсіх  татуластыру  ісін 
аяқтап, 
Өзінің 
меншікті 
халқының 
күнәларын  тегістеп  тастайды.  Мәсіхтың 
азаматтарының  саны  көбейеді,  Ғайса 
олардың  патшасы  болып,  олар  Ғайсаның 
халқы болады.  
Мәсіх  қасиетханадан  шыққаннан  кейін, 
жер  беті  түнекке  шомады.  Осы  масқара 
заманда  тақуалар  қасиетті  Құдайдың 
алдында аратүсушісіз өмір сүрулеріне тура 
келеді.  Албасты  шексіз  билікке  ие  болып, 
зұлымдарды  ешкім  тоқтатпайтын  болады. 
Құдайдың шыдамы таусылады. Әлем оның 
заңын  аяқ  асты  етіп,  Өзін  жек  көріп, 
Оның  мейірімін  қабылдамаған  болатын. 
Сондықтан  әділетсіздер  үшін  мейірім 
мезгілі  өте  шығады.  Үнемі  қарсылық 
білдіргендіктен  Құдайдың  Рухы  оларды 
тастап 
кетеді. 
Алланың 
мейірімінен 
жұрдай  болған  бұл  бейшаралар  зұлым 
жаудың  қарамағында  қалады.  Сонда 
албасты  жердің  тұрғындарын  соңғы  рет 
зор  қасіретке  шалықтырады.  Періштелер 
адамзаттың 
құмарлығының 
тізгінін 
босатсымен, 
жауласушылық 
апаты 
қоздана  түседі.  Бар  әлем  сұмдық  жазаға 
тартылады.  
Мысырдың 
барлық 
тұңғыштарының 
көзін  жойған  бір  ғана  періште  жердің 
бетін 
зар 
илеткен 
болатын. 
Дәуіт 
пайғамбар халыққа санақ жүргізіп, Құдай 
алдында  күнәға  батқанда,  жазалаушы 
періште  келіп  барлығын  жайпап  кеткен 
еді.  Құдайдың  әмірімен  киелі  періштелер 
келіп  әділетсіздерді  қырып  салған.  Құдай 
Өзінің әлемді қорғап тұрған қолын тартып 
алғанда,  жындар  да  дәл  солай  істейтін 
болады.  Олар  сәті  түскенде  жерді  бос 
қалдырмақшы  болып,  өз  уақыттарын 
тосып отыр. 
      Құдай  заңын  орындаушыларға  әлем 
«жерге  қасірет  әкелушілер»  деп  қараған 
болатын.  Енді  ол  қайғы,  уайым,  апат, 
соғыс,  жанжал,  жауласушылық,  өш  алу, 
қантөгіс  сияқты  жаман  жағдайлардың 
барлығын 
солардың 
есебіне  жазады. 
Соңғы  ескертуді  жетелеп  тұрған  күш 
құдайсыздарды  қаһарына  енгізеді,  сөйтіп 
олар  осы  хабарды  қабылдағандардың 
барлығына  қарсы  шығады,  ал  албасты 
болса  өшпенділіктің  отын  одан  сайын 
қоздыра түседі. 
Кезінде  Құдайдың  болған  жерінің  босап 
қалғанын,  яғни  Оның  яхудейлерді  тастап 
кеткенін  білмеген  дін  қызметкерлері, 
күнәға  батпақтап  батып  отырғандарына 
қарамастан,  өздерін  Құдайдың  қалаулы 
халқымыз  деп  есептегендерін  қоймаған. 
Баяғысынша  Құдайға  қызмет 
етіліп, 
құрбан 
шалынып, 
Алланың 
Рухани 
Ұлының  қанын  төккен  халыққа  бата 
сұралып, 
сонымен 
қоса 
Ғайсаның 
оқушыларының  өміріне  шабуыл  жасалып 
отырған.  Дәл  сол  секілді  қасиетханада 
шешім  қабылданып,  әлемнің  тағдыры 
шешіліп 
қойылғанын 
жер 
бетіндегі 
39 
Қасірет мезгілі  

269 
 
жандар  білмейтін  болады.  Киелі  Рухсыз 
қалдырылған  халық  діни  салт-дәстүрлерін 
жалғастырып, 
Құдайға 
қызғанышпен 
қызмет еткен болып жатады.  
  Барлық  христиан  әлемінде  сенбі  күнінің 
төңірегінде  талас  пайда  болғандықтан, 
діни  билікпен  мемлекеттік  билік  бірігіп, 
барлығынан  жексенбі  күнінің  сақталуын 
талап  етіп,  жұртқа  оны  таңып  қояды. 
Ондай  бұйрықтан  бас  тартқан  аздаған 
топты  көпшілік  жек  көріп,  оларды 
қуғындайды.        Сонан           соң          барша   
халық        бүлік        пен        заңсыздыққа 
батқанша, 
аздаған 
тобырдың 
көзі 
ж о й ы л у ы  
к е р е к  
д е г е н  
ш е ш і м 
қабылданады. Он сегіз ғасыр бұрын Мәсіх 
Исаға  осыған  ұқсас  кінә  тағылып:  «Бір 
бүтін ұлт өлгенше, бір бүлікші өлсін» деген 
шешім  қабылданған  болатын  (Жоһан 
11:50).  Сонда:  «Бәрінен  де  дұрысы  осы 
болар»  деген  еді  Каиафа.  Енді  де 
шығарылған  шешім  олардың  көңілдеріне 
қонымды  көрінеді.  Сөйтіп  олар  сенбі  күні 
туралы  заңды  орындайтындарға  қарсы 
қаулы шығарады. Айтулы қаулы бойынша 
сенбіні 
сақтаушылар 
қатаң 
жазаға 
тартылуға 
тиісті 
болып, 
анықтаулы 
уақыттан  кейін  халық  оларды  өлім 
жазасына  ұсынуға  бостандық  алады.  Осы 
дамыған ғасырда сатқын — протестанттар 
имандыларға, кезінде католиктер Алланың 
парызын орындаушыларға не істесе, соны 
істейді. 
  Құдай  халқы  Жақып  пайғамбарының 
тартқан  азабын  тартады.  «Бейбітшілік 
емес,  торығу  мен  қорқыныштың  дауысын 
естіп 
тұрмыз. 
Барлығының 
түрлері 
бозарып  кеткен.  Қандай  қайғы  десеңізші! 
Бұған  ұқсас  күн  болып  көрмеген,  бұл  — 
Жақыптың  торығу  уақыты,  бірақ  ол  одан 
айығып  шығады»  (Ереуіл  пайғамбарының 
кітабынан 30:5-7) дейді Шексіз Алла.  
  Түнімен 
қасірет 
шегіп, 
бауырының 
гаһарынан  оны  қорғап  қалуға  Құдайдан 
тілек  тілеп  дұға  оқып  шыққан  Жақыптың 
кері Алланың халқының да басына келеді. 
Оның  тартқан  тақсіретін  Құдай  халқы  да 
көреді.  Әкесінен  Нысапқа  тиесілі  батаны 
опасыздық 
жолмен 
алған 
Жақып, 
ағасының  қаһарынан  қорқып,  алыста 
жүріп  өмір  еткен.  Кейін  Алладан  «еліңе 
қайт»  деген  бұйрықты  алып,  әйелдері  мен 
балаларын,  қызметшілерін  ерітіп,  мал 
мүлкімен  туған  жеріне  бет  алады.  Орта 
жолға  тақағанда,  қарулы  жасағын  ерітіп 
оған  қарсы  ағасы  келе  жатқаны  жайлы 
хабарды  естіп  Жақыптың  үрейі  ұшады. 
Оны тек қорқыныш қана емес, ар-ұжданы 
да қинаған еді. Оның бір кездері жасаған 
күнәсінің  қырсығынан  қаншама  халық 
қырылып  қалуы  мүмкін  ғой.  Жалғыз  ғана 
үміті  — Құдайдың мейіріміне деген  сенімі 
еді.  Дұға  оның  қорғаны  болуға  тиісті. 
Ағасының  алдында  күнәсін  жуып  шаю 
және  қауіптің  басын  қайтару  үшін  ол 
қолынан  келген  барлық  мүмкіншілікті 
жасады.  Дәл  солай  Ғайсаның  ізбасарлары 
да  қасірет  мезгілінің  алдында  өздерін 
жанындағыларға дұрыс жағынан көрсетіп, 
ар-ұжданның  бостандығына  төніп  тұрған 
қауіптің  бетін  қайтару  үшін  бар  күштерін 
салулары керек. 
   Жақып 
өзінің 
қамығып 
тұрғанын 
ешкімге  білдіртпес  үшін,  жақындарын 
өзінен  алыс  аттандырып  жіберіп,  салауат 
айтып  Құдайдан  шын  тілек  тілеу  үшін 
жалғыз  қалып  қояды.  Ол Алланың  алдына 
бар  күнәсін  жайып  салып,  Оның  мейірімі 
үшін  Жаратқанға  ризашылығын  білдіреді. 
Жапан  түзде  жалғыз  қалған  пайғамбар 
дұғасын 
жалғастырып, 
тілек 
тілеп, 
Алланың  алдында  мойынсұнады.  Бір 
мезетте  біреу  оның  иығына  қолын  қояды. 
Беймәлім біреуді өлтіруге келген жау екен 
деп, ол барынша қарсыласып бағады. Таң 
ата бейтаныс оған табиғидан жоғары күш 
көрсетеді.  Оңайлықпен  ешкімге  де  беріле 
қоймайтын  мықты  адам  сол  мезгілде  сал 
ауруына  ұшырағандай  әлсіреп  кетті. 
Жақып  өзінің  қарсыласының    кеудесіне 
басын  қойып, өксіп  — өксіп  жылай  берді. 
Пайғамбар  өзінің  періштемен  күрескенін 
сонда 
ғана 
білді. 
Қаншама 
уақыт 
абыржудан, жанын жегідей жеген ұяттан, 
күнәдан қасірет шеккен ол, өзінің кешірім 
алғанына  сенімді  болғысы  келді.  Құдайы 
қонақ  кетпекші  болып  дайындалып  еді, 
Жақып  Оның  етегіне  жабысты.  «Жібер 
Мені,  өйткені  таң  атып  келеді»  деген 
Періштенің  сөзіне  қарамастан,  бабамыз 
ұстаған  жерінен  айрылмай:  «Батаңды 
бермейінше  жібермеймін»  деп  жалынды. 
Қандай 
сенім 
десеңізші! 
Қандай 
қажырлық  пен  жігерлік!  Егер  Жақыптың 
сөзінен  өзімшіл  мақтаншақтық  байқалса, 
сол жерде өліп кете барған болар еді. Бірақ 
ол 
өзінің 
әлсіздігін 
байқататын 
күнәкардың  жігерлігін  көрсетті,  сонымен 
қоса 
өсиетін 
сақтайтын 
Алланың 
мейіріміне  деген  сенімін  білдіртті.  «Ол 
Періштемен  күресті  және  үстем  болды»,  
ш ы н а й ы  
с е н і м і м е н ,  
т а л м а с т а й 
жігерлігімен,  таза  ықыласымен  және 
Аллаға 
деген 
зор 
сүйіспеншілігімен 
Жаратқанға  жүрегін  иген  пайғамбар 
Көктің Ұлылығына ұнамды мінез танытты.  
(Ошия  пайғамбарының  кітабынан  12:4). 
Пайғамбар  мойынсұну,  тәубасына  түсу, 
жанқиярлық  мінезімен  көктің  көңілінен 
шықты. Ол бар ниетімен Құдайдың берген 
уәделеріне  сенді,  ал  шексіз  махаббат 

270 
 
Иесінің  жүрегі  бұл  зарлы  үнді  естімей 
қойған жоқ.   
Осы  жеңістің  белгісі  ретінде  күнәні  еске 
салып тұратын оның бұрынғы аты жеңіске 
меңзейтін  басқа  атпен  алмастырылды. 
Енді ол  ағасының қаһарынан қорықпады, 
Алла  оның  қорғаушысы  болды.  Ұзақ  түн 
бойғы  күресте  албасты  бабамызды  зор 
кінәлі  сезіндіріп,  өзін  тығырыққа  тіреп, 
көңілін  қалдырып,  оның  Құдайға  деген 
сенімін  тартып  алғысы  келді.  Жақып 
торығуға  дейін  жетті,  бірақ  Алланың 
көмегінсіз  өлетінін  тағы  да  жақсы  білді. 
Сондықтан  Құдайдан  қол  үзбей  Алланың 
оны  кешіруін  бар  ниетімен  жалбарына 
отыра  сұрай  берді.  Пайғамбар  өзінің 
м ақ с ат ы нан  
б ас  
т а р т қ а н 
ж о қ , 
ұстағанынан  айрылмай  табанды  түрде 
жалынып, Періштенің батасын алды.  
  Нысапты    Жақыпқа  айдап  салғандай 
әзәзіл 
қасірет 
кезінде 
зұлымдарды 
Құдайдың 
меншікті 
халқына 
айдап 
салады. 
Ол 
Жақыпты 
кінәлағандай 
имандыларды  да  кінәлайды.  Албасты 
ж е р д і ң  
т ұ р ғ ы н д а р ы н ,  
ө з і м н і ң 
азаматтарым деп есептейді, бірақ Алланың 
парызын  орындайтын  аздаған  топ  оған 
бағынбайды.  Ұлы  өтірікшіге  осылардың 
көзі  құрыса  жеңісі  толық  болатындай 
көрінеді. 
Киелі 
періштелер 
оларды 
қорғайды,  ендеше  олардың  күнәлары 
кешірілгені,  бірақ  көктегі  қасиетханада 
бұлардың 
тағдырларының 
шешіліп 
қойғанын  шайтан  әлі  білмейді.  Әзәзіл  бұл 
халықтың  күнәларын  есептеп  қойған, 
сондықтан Аллаға айтулы халықты жаман 
жағынан  көрсетіп,  олар  менімен  бірге 
өлуге  тиісті  деп  талап  етеді.  Егер  Құдай 
әділетті  болса,  албастының  көзін  жойып, 
ал 
к ү нә к ар  
п л ане т аны ң 
б ас қ а 
тұрғындарын  кешіруі  мүмкін  емес.  Бұл 
жандар 
менің 
табысым 
(жемтігім), 
сондықтан  олар  менің  қолымнан  өлулері 
керек деп арыз тастайды. 
  Албасты Құдайдың меншігіндегі халықты 
кінәлап тұрғандықтан, Киелі бұлардың зор 
сынақтан  өтуіне  албастыға  ерік  береді. 
Имандылардың  Құдайға  деген  сенімдері, 
үміттері, табандылықтары қатаң сынақтан 
өтеді.  Өткен  өмірлеріне  көз  жүгірткен  бұл 
жандар    жақсы  істерінің  жоқтың  қасы 
екенін байқайды. Олар өздерінің өте әлсіз, 
түкке 
тұрғысыз 
екендерін 
сезінеді. 
Албасты  оларды  неше  түрлі  жаман 
ойлармен  үрейлендіріп,  сенімдерін  үзгісі 
келеді, 
солайша 
Құдайға 
сатқындық 
жасатам 
деп 
үміттенеді. 
Жаудың 
қоршауында  қалған  Құдайдың  балаларын 
торығуға  дейін  әкеліп  тірейтін  қуғын-
сүргін  мен  қорқыныш  емес,  «кешірілмей 
қалған  күнәларымыз  бар  ма  екен?»  — 
деген  ой  болады.  Бұл  ой  олардың 
жандарын  жегідей  жейді.  Ондай  адамдар 
Құтқарушының:  «Сен  Менің  азаптарда 
төзімділік  таныту  туралы  бұйрығымды 
орындап  келгендіктен,  Мен  де  осы 
дүниенің  адамдарын  тексеруге  арналған, 
бүкіл  жер  бетінде  болатын  азапты  сынақ 
кезінде  сені  қорғаймын»  (Аян  3:10)  деген 
уәдесіне  сенімді  бола  алмайды.  Егер  олар 
күнәдан  тазарғандарына  сенімді  болса, 
ешқандай  азап  та,  өлім  де  оларды 
үрейлендіре  алмаған  болар  еді.  Егер  олар 
қасиетсіз,  яғни  ақталуға  тұрғысыз  болса, 
онда  кесірлері  өздерін  өлімге  қарай 
тартып, 
Құдайдың 
қасиетті 
Есімі 
масқараланғаны. 
Жан  жақтан  Құдайға  қарсы  астыртын 
әрекеттің  белгісі  байқалады,  олар  бұл 
азғындық  тезірек  аяқталса  екен  деп 
тілейді.  Бүлік  тамамдалсыншы  деп  Аллаға 
жалынғандарымен,  зұлымдыққа  қарсы 
шығуға 
және 
оны 
тоқтатуға 
әлсіз 
болғандарына 
өздерін 
кінәлі 
сезініп, 
қиналады.  Егер  де  олар  өмір  бойы,  үнемі, 
үздіксіз 
өздерінің 
күшін, 
жігерін, 
қабілеттерін 
Алланың 
жолындағы 
қызметке  жұмсағанда,  албасты  оларды 
мұнша қинай алмаған болар еді. 
  Олар  Құдай  алдында  мойынсұнып,  Алла 
бұрында 
көптеген 
күнәларымызды 
кешірген  болатын  деп,  Оның  берген 
уәделерін естеріне ала бастайды. 
 «Менімен одақ құрып, Менің қорғауымды 
сұрай 
ма? 
Онда 
Менімен 
келісімге 
тұрсын»  (Ишая  27:5).  Тілеген  тілектеріне 
дереу  жауап  келмегенімен,  Құдайға  нық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет