шашылып қалған халық. Бұл Құдайдың
қаһары толған тостағаннан тамған тамшы
ғана. Ал ақыр заманда, Құдайдың сотына
түскен әрбір жан, соңғы үкімнен кейін, бұл
тостағанды толық ішуіне тура келеді.
11
Көреген көзбен көріп тұрған Иса үшін, бұл
ауыр азап. Оның аузынан: «Елшілерді тас-
пен
ұрып,
пайғамбарларды
соққыға
жыққан
Иерусалим,
балапандарын
қанатының астына жинайтын құс секілді,
Мен сендерді қанша жинақтағаныммен,
сендер көнбедіңдер (Матай 23:37). Шіркін
күллі халықтардың ішінен даралап алған
Менің халқым оған ненің игілік әкелетінін
білсе ғой! Мен әлі де болса төреші-
періштенің қолын ұстап тұрмын. Сендерді
тәубашылыққа
шақырамын...,
бірақ
өкінішке орай бәрі зая. Оның аузынан:
«Сендер тек пайғамбарлар мен елшілерді
ғана емес, өздеріңнің Құтқарушыларыңды
да қабылдамадыңдар. Иерусалим, өлгеніңе
өзің кінәлісің» — деген сөздер шыққан бо-
латын. Сендер шынайы өмірге ие болу
үшін Маған келуден бас тартасыңдар
(Жохан 5:40).
Иерусалим бар әлемнің айнасы іспетті.
Бұл жерде бір ғана қаланың тағдыры жай-
лы емес, барлық халықтардың, бар
әлемнің тағдыры, күнәға белшесінен ба-
тып, оны мойындамай тас болып қатып
қалған, өз өліміне өзі асығып бара жатқан
адамзат тағдыры туралы айтылып тұрған
еді. Ғайса Өзінің бар болмысымен күнәкар
адамның қайғысын сезінді, сол себепті де
Оның жан дауысы шықты. Ол күнәнің
нәтижесі — бақытсыздықты, көздің жа-
сын және қанды көрді. Күллі қайғы мен
қасірет шеккендер үшін Оның жүрегі
ауырды
және
бәріне
де
жеңілдік
сыйлағысы келді. Көмектің жалғыз ғана
қайнар көзіне бой ұсынғандар өте аз
болғандықтан, Оның қолы адамзаттың
қайғысының ағынын тоқтата алмады.
Адамдарды мәңгілік ажалдан құтқарып
қалу үшін Ол жанын салды, бірақ өмірге
ие болу үшін Оған аздаған адамдар ғана
келді.
Мұны көріп күллі аспан күңіренді!!! Жа-
ны күйзелген Шексіз Алланың Ұлы
қасіреттің жүгін арқалаған екен! Бұл
көрініс
барлық
аспанды
қайран
қалдырды. Бұл бізге күнәнің зардабының
қаншалықты
ауыр
екенін
көрсетеді,
өйткені Құдай Заңының бұзылуының
нәтижесінде күнәкар болған пенделерді
құтқару Шексіз Қуаттың Өзіне қиынға
соқты. Болашаққа пайғамбарлық назарын
аударған Иса кезінде Иерусалимнің түбіне
жеткен болмас іс, соңғы замандарда да
билік құратынын көрді. Яхудейлердің
жасаған күнәларының ең үлкені Исаны
қабылдамауы, ал адамзат баласының
күнәсінің ең үлкені көкте де жерде де
Жаратқанның билігінің негізі болып табы-
латын Құдай заңын аяқ асты қылуы.
Адамдар Құдай заңын жек көретін болады
және одан бас тартады.
Шайтанның
тұтқынына
айналған
миллиондаған
халық.
Не
қылған
адасушылық десеңізші! Көзі емес, көкірегі
соқыр болған жандар!
Ашымаған нан мейрамына екі күн
қалғанда Мәсіх соңғы рет мәжілісханада
болып
яхудей
басшыларының
екі
жүзділіктерін
әшкерелеген
болатын.
М ә ж і л і с х а н а д а н
ш ы қ с ы м е н
О л
оқушыларын ертіп Зәйтүн тауына барды
және жасыл шөптің үстіне жайғасып, тағы
да
қалаға
қарады.
Ғибадатхананың
қ аб ы р ғ а лар ы н а,
м ұ н ар ал ар
м е н
сарайларға көз тастады. Ғибадатхана
қасиетті таудың басындағы тәжі секілді
көрінді.
Жыршы мыңдаған жыл бұрын Израильге
деген мейірімі үшін, осы ғибадатхананы
Өзінің тұрағы еткеніне Тәңір Иеге риза
болып, Оның есімін жырлаған болатын.
«Тұрағы Оның Иерусалимде, Киелі үйі Си-
он төбесінде». «Орнына таңдап алды Яхуда
руын, әрі Өзі қатты ұнатқан Сион тауын.
Киелі үйін зәулім аспандай орнатты, жер
іспетті оны мәңгілікке нығайтты» (Забур
жыры 75:3,77:68,69).
Т ар их
б о йы н ша ,
е ң
а лғ ашқ ы
ғибадатхана, ысрайыл халқының гүлденіп
тұрған шағында салынған болатын. Бұл
үшін Киелі Рухпен шабыттанған Дәуіт
пайғамбар оның негізін қалауға дайында-
лып, көп қазына жинаған (Шежірелер ту-
ралы бірініші жазба 28:12,19). Ал бұл аты
әйгілі ғибадатхананы салған, тарихта есімі
қалған ең данышпан патша, Сүлеймен
пайғамбар еді. Бұл ғибадатхана өте зәулім
де, сұлу болған, жер бетінде оған тең
келетіні
болмаған.
Дегенмен,
Әгей
пайғамбарының
айтуынша:
«Кейінгі
ғибадатхананың атағы, алғашқысынан да
жоғары болады». Бұл жөнінде Жаратқан
Иеміз былай дейді: «Көрген жанды таң
қалдырамын, келем деушілерге есігі ашық
б о л а д ы ,
а т а ғ ы н
к ө к к е
шарықтатамын» (Әгей 2:9,7).
Шынында да Навуходоносор патша
қиратып бұзған ғибадатхана, Иса Мәсіх
туылмастан 500 жыл бұрын қалпына
келтірілген
еді.
Сүлеймен
патшаның
салған ғибадатханасын көзі көрген жан-
д а р ,
к е йі н г і
с а л ы ны п
ж а т қ а н
ғибадатхананың алғашқыдай сұлу болаты-
нына
күмән
келтіріп,
іштей
өкініп
жылаған. Пайғамбар олардың көңіл күйін
былай деп сипаттайды: «Атағы көкке
шарықтаған бұл Үйді, бұрынғы көрген
12
көздерден кім қалды? Оның қазіргі күйі
айтуға тұрарлық па?» (Әгей 2:3, Езре 3:12).
Дәл осы мезетте бұл ғибадатхананың
атағы бұрынғыдан асып түседі,- деген
уәде берілген болатын. Дегенмен, екінші
ғибадатхана біріншіден сұлулығы жағынан
асып түсе алмады. Екінші ғибадатханаға
алғашқыдағыдай шапағат шұғыласы да
шашылған жоқ. Құрбан шалу кезінде ас-
паннан от та түскен жоқ. Алланың
атағының бұлты да көрінбеді. Оның ішінде
Құдірет Иесінің заңы сақталған сандығы
да болған жоқ. Құдаймен тілдескен кезде,
Ол бұрынғысындай жауап та қайырмады.
Бірнеше ғасырлар бойы яхудейлер Әгей
пайғамбарына берілген уәде орындалды
деп
дәлелдеумен
келді,
дегенмен
менменшілдік пен сенімсіздік олардың са-
на сезімдерін баурап алған болатын, сол
себепті олар өздеріне берілген аянның
шын мәнін түсіне алмаған еді. Екінші
ғибадатханаға Алланың атағының бұлты
қонбағанымен, ол, ішіне Назареттен келіп
кірген, аурудың тәнін, жаралының жанын
емдеген Әйгілі Дәрігер, Ұлы Оқытушы,
күнәкар пенденің табиғатын қабылдаған,
әлемнің Иесі — Мәсіх Исаның жарығымен
нұрланған болатын. Сол себепті де екінші
ғиб ад ат х ананы ң
ат ағы
алғашқ ы
ғибадатханадан жоғары болды. Бірақ Ыс-
р а й ы л
к ө к т е н
т ү с к е н
С ы й д ы
қабылдамады.
Сол
күні
қарапайым
Оқытушының өлімімен, ғибадатхананың
атағы да жойылды. «Үйлерің өздеріңе бос
қалды» — деген Құтқарушының сөзі орын-
далды (Матай 23:38).
Исаның
шәкірттері
ғибадатхананың
қирайтыны жайлы хабарды естігенде, әрі
таң
қ алып,
әрі
қоры қты .
Бұл
ғибадатхананы безендіруге халықтың 40
жыл бойғы еңбегі мен қазынасы кеткен
болатын. Ол үшін ұлы Ирод Яхудей және
Рим қазына сарайларынан қаражат бөліп
беріп отырған. Тіпті Рим императорының
өзі, оған ақшадай сыйлық беріп тұрды.
Осы үй үшін Римнен үлкен ақ мәрмәр тас-
тар жеткізілген. Олардың кейбіреулерінің
өлшемдері өте үлкен болды. Осы ақ
мәрмәрге Құтқарушының назарын аудара
отырып, шәкірттері Оған былай деп сұрақ
қойған: «Ұстаз! Қарашы, қандай сұлу тас-
тар, қандай керемет ғимараттар!» (Марқа
13:1). Бұл сөзге Иса былай деп жауап
берді: «Шын айтам, бұл тастардан түкте
қалмайды, барлығы қирайды» (Матай
24:2,3).
Исаның
шәкірттері
Иерусалимнің
қирауын, Оның екінші рет жер бетіне
келетін мезгілімен байланыстырған, яғни
олардың ойларынша Иса келіп, ғаламдық
империяның тағына отырып, тәубаға кел-
меген яхудейлерді жазалап, халықты
Римнің езгісінен азат етуге тиісті болды.
Құтқарушы соның алдында оларға «мен
екінші рет қайтып келемін» деп ескерткен
болатын. Сондықтан Иерусалимнің сотқа
тартылатыны туралы естігенде, олар
Исаның екінші рет келетіні жайлы ойлады
да, Зәйтүн тауының үстінде отырғанда,
Оған былай деп сұрақ қойды: «Ақыр
қашан келеді? Сенің жер бетіне қайра
келуіңнің қандай белгілері бар?» (Матай
24:2,3).
Бірақ мейірімге толы Жасаған Иеміз
оларға болашақты болжамады. Егер Иса
оларға болатын оқиғаны ашып айтса,
шәкірттерінің аза бойы қаза болып,
қайғыға ұшырайтын еді. Исаның сөзі
оларға толық түсінікті болмағанымен,
уақыт өткен сайын, олар айтылған
сөздердің мәнін біртіндеп ұғуға тиісті бол-
ды. Исаның айтқан сөздері екі мәнді еді.
Біріншісі Иерусалимнің басына түсетін
азапты, екіншісі ақыр заманда адамзат
баласының
басына
түсетін
азапты
білдіреді.
Иса
оқушыларына
Құдайдан
теріс
бұрылып,
Құтқарушыларын
айқыш
ағашқа керетіндері үшін яхудейлерді күтіп
тұрған сот туралы айтып берді. Сол
масқара оқиғаның алдында белгіленген
аяндар орындалуға тиісті болды және де
айтулы уақыт білінбей, байқаусызда кел-
мек. Құтқарушы оқушыларына Даниял
пайғамбарына берілген аянды айтты:
«Сонымен, киелі жердің құлдырап, бос
қалғанын көргенде, яхудей жерінде қалған
адам тауға қашып тығылсын» (Матай
24:15-16, Лұқа 21:20). Киелі жерге
құдайсыздардың (Римнің) туы тігілгенде,
мәсіхшілер қашып құтылуға тиісті. Алдын
ала айтылып қойылған белгілер пайда бол-
сымен, олар қашуы керек. Барлық яхудей
жеріндегілер
және
Иерусалимнің
тұрғындары бұл белгіге бағынуға тиісті.
Үйдің төбесінде отырған жандар бағалы
заттарын алу үшін, үйдің ішіне кіруіне
болмайды, бау-бақшада жұмыс істеп
жүрген адамдар, киімдерін алмаққа, олар-
ды тастаған жерлеріне қайтып оралулары-
на болмайды. Бұл қасіреттен қашып
құтылам деушілер бір минут бөгелмеуі ке-
рек.
Иродтың патшалық еткен кезеңінде Ие-
русалим өзінің сұлулығымен ғана емес,
қ ала ны ң
қ аб ы р ға лар ы н ы ң
ж ә не
б е к і н і с т е р і н і ң
м ы қ т ы л ы ғ ы м е н ,
г е о г р а ф и я л ы қ
о р н а л а с у ы н ы ң
ыңғайлылығымен әйгілі болған еді. Оны
қиратып
бұзам
деушілерге,
Нұх
13
пайғамбарын атағандай, есалаң деген ат
қойылған болар еді. Бірақ Мәсіх Иса былай
деді: «Жер мен көк өтер, бірақ Менің сөзім
мәңгі болмақ» (Матай 24:35). Яхудейлердің
жасаған
күнәсі
үшін,
Иерусалимге
Құдайдың қаһары түсті, сөйтіп оның
тағдыры шешілді.
Миһая пайғамбары арқылы шексіз
Құдай былай дейді: «Алла бізді сақтайды
деп, Құдай атымен ант беріп, дұрысты
бұрыс қылып, өтірікті шын қылып, ақша
үшін оқытып, сыйлық үшін үкім шығарған
Иерусалимнің әміршілері, Жақып үйінің
басшылары сендер тыңдаңдар». (Миһая
3:9-11).
Б ұ л
с ө з д е р
И е р у с а л и м н і ң
тұрғындарының жалған тазалықтарын
ашық суреттейді. Құдай заңын орындап
жүрміз деп мақтанып, шын мәнінде заңды
олар барынша аяқ асты қылған. Олар Иса
Мәсіхті жек көрген, өйткені Исаның
тазалығы
олардың
шынымен
кім
екендерін әшкереледі. Оның таза және
күнәсіз екенін біле тұра, олар Исаның өлімі
ғана барлық ұлтты қауіпсіздендіреді деп
шешкен. «Егер Оны тірі қалдырсақ,
барлық халық Оның соңынан еріп кетіп,
Римдіктер келіп біздің жерімізді басып
алады» (Жохан 11:48). Егер Оны өлтірсек,
онда яхудейлер қайрадан күш алып,
біріккен ұлт болып қала береді деп есепте-
ген. Сөйтіп олар дін мұғалімдерінің
шешімдерімен келісіп, бүтін бір ұлт
құрығанша, бір адам құрысын деп
ойлаған.
Осылайша
яхудей
басшылары
өз
қолдарын ғана емес, барлық Иерусалимді
қанға бояды. Күнәнің үстіне күнә қосып,
ж аз ықс ыз
ж анды
ө лт ір ге ндері не
қарамастан, яхудейлер өздерін Құдайдың
қалаулы
халқымыз
деп
есептеулерін
қоймаған. Пайғамбар өз сөзін жалғастыра
келе былай дейді: «Сион жыртылып
тасталған аңыз далаға айналады, Иеруса-
лим қирап, тау болып үйіліп қалады, оның
орны орманды жотаға айналады» (Миһая
3:12).
Иса Мәсіхтың Иерусалимнің тағдыры
туралы айтып кеткеніне шамамен 40 жыл
толса да, Құдай өз шешімін шегіндіріп,
шыдамдылықпен күтті. Шынымен де
Құдайдың мейірімінің шегі жоқ. Оның Ізгі
хабарын қабыл алмай, жіберген Елшісін
айқыш ағашқа керіп өлтірген тоң мойын,
тәртіпсіз халықтың айуандық әрекетіне
шыдаған Шексіз Алланы, таусылмас ма-
хаббат Иесі деп анық айта аламыз.
Жемісін бермейтін Інжір ағашы туралы
мысал Құдай мен яхудей халқының қарым
-қатынасын рәміздейді. «Орын алғызбай
мына ағашты кесіп таста» — деген бұйрық
берілді (Лұқа 13:7), бірақ Құдай бұл
қаланың тағдырын шешуді біраз уақытқа
шегіндірді. Мәсіх және Оның келуінің
мақсаты жайлы білмейтін көптеген яху-
дейлер бар болатын. Ата-аналары бас
тартқан ақиқат болашақ ұрпаққа жетуге
тиісті еді. Құдай оларға өз жарығын
пайғамбарлар және олардың ізбасарлары
арқылы жеткізбек болды. Айтылған сөздің
орындалғанын, олар тек Исаның туылуы-
мен, өмірінен ғана емес, Оның өлуімен
қайра тірілгенінен де көруге тиісті еді. Ба-
лалар
ат а-б аб алары ның
ж ас аған
күнәларына жазықты болмайды, деген-
мен, егер олар өздеріне түскен жарықты
қабыл алмаса, онда сөзсіз бабаларының
сыбайластары болып шығады және жазаға
бірдей тартылады.
Құдайдың рақымы түсіп, мейірім мезгілі
созыла түскен сайын, яхудейлер тәубаға
келгеннің орнына, қасарыса түсті. Исаның
шәкірттеріне
қастық
жасап,
өз
тағдырларын өздері шешті. Құдай оларды
бұрынғыша
қорғамады,
сөйтіп
олар
өздерінің қалап алған басшыларының,
яғни Ібіліс пен оның қараңғы күштерінің
қоршауында қалды. Ібіліс олардың бойла-
рында
зұлымдықты
қоздыра
берді.
Олардың бойларын ашу-ыза кернеп, өз
басшылары
етіп
олар
зұлымдықты
тағайындады. Қатыгездіктерімен бұлар
Дажалға өте ұқсас болды. От басында да,
қоғамда да іштарлық, жеккөрушілік,
ашушаңдық, кісі өлтіру берік орын алды.
Қауіпсіз жер, тыныштық көрінбей кетті.
Д о с - ж ар анд а р ,
т у ғ ан - т у ы с қ а нд ар
сатқындыққа ұшырады. Ата-аналары ба-
лаларын өлтіріп, балалары ата-аналарын
өлтіруге дейін жетті. Халық көсемдері
билік жүргізуден қалды. Жүгенсіздік олар-
ды қатігез жауыздыққа ұшыратты. Яху-
дейлер
Құдайдың
адамзат
баласын
құтқаруға жіберген Елшісіне жала жауып,
Оған үкім шығарып, өлім жазасына
бұйырды. Енді міне, сол жала оларды
тыныштықтан айырды. Бұрын олар «Киелі
Ысрайылды көзімізге көрсетпеңдер» (Ишая
30:11)-
деп,
соған
байланысты
іс-
әрекеттер жасаса, енді міне олардың тілегі
орындалды. Олар тіпті Құдайдан қорқуды
қойды. Сөйтіп діни билік те, қоғам билігі
де Ібілістің қарамағына толық тиді. Ара-
тұра соғысушы жақтардың көсемдері
бірігіп өз құрбандарын талан-таражға сал-
са, кейін қайра бір-біріне қарсы қантөгіс
шайқастарын жалғастырған. Құдайдан
қорқып, адамнан ұялу деген оларда болған
емес. Тіпті ғибадатханаға келіп Құдайға
сыйынушыларды
өлтіріп,
топ-тобымен
14
қалдырып
кетіп
жатты.
Бойларын
жауыздық билеп алғаны соншалық, олар,
біз Иерусалимді қиратудан қорықпаймыз,
өйткені ол Құдайдың иелігіндегі қала деп
ашық жариялады. Өздерінің сөздеріне
д ә л е л
р е т і н д е ,
о л а р
ж а л ғ а н
пайғамбарларды жалдады, сөйтіп жалған
«шындықтарын»
уағыздады.
Көпшілік
халық, көктен жерге Құдай түсті, Ол бізді
құтқарады деп сенді. Бірақ Ысрайыл
Құдайдың панасынан құр қалған болатын.
Бір бірінің қанын судай ағызған ысрайыл
халқы туралы, Иерусалимнің қирауы тура-
лы, Иса Мәсіхтің айтып кеткен сөздері
мүлтіксіз орындалды. «Біреуге қандай
өлшеммен өлшесең,
өзіңе
де
солай
өлшенеді» (Матай 7:2). Осы соққының
дәлелі ретінде, неше түрлі белгілер мен
таңғажайып құбылыстар болып жатты.
Түнде ғибадатхананың үстінен бір түрлі
жарық көрінетін, ал күн батарда, бұлттың
үстінен, шабуылға дайын тұрған атты
әскерлер
көрінді.
Түн
мезгілдерінде
ғибадатханада тағзым етуші діни адамдар
ғажайып дыбыстардан қорқатын болды,
жер сілкініп «Осы жерден тез кетейік» де-
ген үн шықты. Жиырма шақты адам жа-
былып, әрең ашатын қаланың шығыс жақ
қақпалары,
салынып
тұрған
темір
құлыптарға қарамастан, түнде өздігінен
ашылып қалатын болды. Жеті жыл бойы
бір көреген Иерусалимнің көшесінде
жүріп, қаланы күтіп тұрған ауыр азап пен
соққы барын хабарлаумен болды. Күні-түні
жалықпай: «Шығыс жақтан шыққан үн!
Батыс жақтан шыққан үн! Дүниенің төрт
бұрышын ұстап тұрған желдің үні!
Ғибадатхана мен Иерусалимге қарсы
шыққан үн! Күйеу жігіт пен қалыңдыққа
қарсы үн! Халыққа қарсы шыққан үн!» —
деп айтуын тоқтатқан жоқ. Бұл ғажайып
адамды нөкерлер ұстап әкетіп, ұрып
соққанымен, Ол ешқандай қарсылық
білдірмеді, тіпті Оның үні де шықпады.
Бар қайталай бергені: «Иерусалим мен
оның тұрғындарының басына қайғы бұлты
төніп тұр» — деген сөздер еді. Көрегеннің
дауысы қаланың қайғысын бөліскеннен
кейін ғана өшті. Иерусалимнің қирауы
кезінде, Құдайға шын ниетпен берілген
адамдардың бірде бірі қаза болған жоқ.
Өйткені Иса Мәсіхтің оқушылары, болатын
қасірет жайлы алдын ала хабардар болған.
«Иерусалимді қоршап алған әскерлерді
көргенде, Яхудей аймағындағылар тауға
қарай
қашыңдар,
қаладағылар
тез
қаладан
шығыңдар»
(Лұқа
21:20,21)
делінген.
Цестияның
басшылығымен
қаланы қоршап алған римдіктер, неге
екені
белгісіз,
кенеттен
Рим
бас
қолбасшысының
әмірімен,
ешқандай
себепсіз кейін шегіне бастады. Қаладан
шыққан яхудейлер шегінген әскерлерге
қарсы шабуылға кеткенде, қаладағы
мәсіхшілер мүмкіндікті пайдаланып, бір
мезетті зая кетірмей, Иорданның арғы
бетіндегі, Перее деген жердегі Пеллу
қаласына қашып құтылды. Бұл мүмкіндік
Құдайдың мәсіхшілерге берген белгісі еді.
Яхудей әскерлері Цестияның әскерін қуып
тығып, оларды құртып жіберуге дейін бар-
ды.
Цестиялықтар
зордың
күшімен
жинақталып, әскерлерін әрең жинады.
Яхудейлер болса, ешбір шығынсыз Иеруса-
лимге қайтып келіп, жеңістерін тойлады.
Бірақ бұл жеңіс көздің елесі тәрізді,
жалған жеңіс еді. Яхудейлер римдіктердің
алдында бас имейтіндіктерін көрсетті.
Сөйтіп олар өздеріне деген римдіктердің
өшпенділіктерін қоздыра түсті. Тит келіп
астананы қайрадан қоршауға алған кезде,
Иерусалимнің
үстінен
қайғы
бұлты
қаптады. Бұл ашымаған нан мейрамының
кезі
еді.
Жан
жақтан
Иерусалимге
миллиондаған яхудейлер жиналған бола-
тын. Ас жақтарының қоры дұрыс бөліп
беріп отырғанда, бір шама уақытқа
жететін еді, дегенмен соғысушы партия-
лар барлық қорды талан-таражға салып,
қалада аштық басталды. Бидай өте
қымбат бағамен мөлшерлеп қана сатылды.
Аштықтың тақсіретін тартқандар былғары
белбеу, аяқ киім және басқада былғары
заттарды
кеміре
бастады.
Түнгілікте
кейбіреулер қаланың сыртына шығып, жа-
байы өсімдіктердің жемісін жинады.
Ұсталып қалғандары айуандықпен жазала-
н ы п ,
қ аз а ғ а
ұ ш ы р а с а ,
қ а ш ы п
құтылғандарын өз адамдары соққыға
жықты.
Қолдарында
билік
тұрған
күштілер әлсіздерді тонап, соңғы үзім на-
нын алып жатты. Әрине ол аштықтың сал-
дарынан
істелген
әрекет
емес,
өз
қорларын толықтырудың әрекеті болатын.
Мыңдаған адам індет пен аштықтан
қырылды. Соның салдарынан халықтың
бойынан сүйіспеншілік пен аяушылық
сезімдері де көрінбей кетті. Күйеулері
әйелдерін тонаса, керісінше әйелдері
күйеулерін тонады. Балалары қартайған
ата-анасының аузындағысын жұлып жеді.
«Анасы емшектегі нәрестесін ұмыта ма?»
—
деген
пайғамбардың
сұрағына,
қоршаудағы қаланың ішінен жауап табуға
болатын еді (Ишая 49:15). Әйелдер балала-
рын пісіріп, өздеріне қорек қылды
(Ереуілдің зары 4:10). Осы оқиғадан он
төрт ғасыр бұрын берілген аян, енді міне
орындалып жатты. Ол Аянда: «Байлық пен
баршылықтың
ортасында
қалықтаған,
қазынаға шомылған әйел, жау қыспағына
түскенде, күйеуін жек көріп, өз тапқан ба-
лаларын жасырып жейтін болады» —
делінген (Қайталанба заң 28:56-57).
15
Рим басшылары яхудейлерді қорқытып,
қыспаққа алып, берілуге мәжбүр етпекші
болды. Қолға түскендерін қала бекінісінің
алдында айқыш ағашқа керіп өлтірді. Ио-
сафат және Голгофа жазығы осындай
айқыш ағаштарға толып кетті, тіпті
олардың арасынан өту мүмкін болмай
Достарыңызбен бөлісу: |