Әлеуметтану пәні бойынша дәрістер кешені


"Отбасы" ұғымы "неке" ұғымымен тығыз байланысты. Социологияда



бет9/20
Дата19.12.2023
өлшемі348,5 Kb.
#141102
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
леуметтану п ні бойынша д рістер кешені

"Отбасы" ұғымы "неке" ұғымымен тығыз байланысты. Социологияда неке дегеніміз — отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің, арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.
Некенің төмендегідей формалары бар: моногамия (бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке, бұл бүгінгі күнде ТМД, АҚШ Еуропа елдеріндегі бірден-бір форма) және полигамия (бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке).
ҚР Парламентінде неке мен отбасы туралы жаңа Заңды талқылау кезінде көп әйел алу (полигиния) пікірталас болды, бірақ БАҚ-тың хабарлағанындай, әйелдер де көп еркекке шығу (полиандрия) туралы мәселе көтергеннен кейін, көп әйел алу мәселесі күн тәртібінен алынып тасталды.
Некелік серік таңдаудың екі түрі бар: эндогомия (серіктер бір топтың ішінде) және экзогомия ( неке мен белгілі бір топтан тыс, мысалы, рулар арасында болады).
Нормативті актілерде некеге анықтама берілмейді және оның құқықтық
табиғаты жөніндегі мәселе осы күнге дейін заңдылықтарда да, құқықтық доктринада да шешілген жоқ. Неке туралы үш түрлі көзқарас айтылып жүр: неке - келісім шарт, неке - мәртебе, неке - сыбайластық.
Соңғы уақыттарға дейін алыс шетелдерде неғұрлым кең тараған тұжырымдама келісімшарт негізінде болды, ол некеге отыру тәртібін, оның әрекет шарттарын, некені бұзу кезінде жұбайында болатын шығындарды заңда отыратын шарттарға, яғни келісімшартты заңдылықтармен қарастыруға негізделеді. Неке келісімшартында жұбайлар мүлкінің келісімшарт режимін белгілеу мүмкіндігі жазылады.
Келісімшарт тұжырымдамасына қарсылар неке келісімшарт болуы мүмкін емес, өйткені жұбайларда заңда қарастырылған құқықтар мен міндеттер болуы мүмкін және тараптар оны өз еркімен өзгерте алмайды дейді. Жұбайлардың мүлік режимін белгілейтін неке келісімшартына отыру жағдайы келісімшарт тұжырымдамасының пайдасы үшін жеткілікті дәлел бола алмайды, өйткені некенің мақсаты – отбасын құру, бала туу және тәрбиелеу. Сондықтан неке субъектінің заңда қарастырылған әрекеттері орындауы нәтижесінде мәртебеге ие болады. Бұл мәртебе ие болу субъектіні үйленген адамдар санатына жатқызады.
Соңғы жылдары неке сыбайластыққа негізделеді деген идея кеңінен тарауда. Сыбайластық неке тұжырымдамасы әлеуметтік зерттеулерде көрініс тапты. Бұл тұжырымдамада әйелдердің неғұрлым тәуелсіздігі, некедегі жұбайлардың тең құқықтығы насихатталады.
Маңызды мәселе дәстүрлі отбасы, некенің дәстүрлі формасы болып саналады. Батыс Еуропаның кейбір елдерінде ажырасу саны көбейіп, некеге тұрушылар саны азаюда, "сынама неке" деген түрі кеңінен тарауда немесе оны зерттеушілер "екі қадамдық неке" деп атайды, яғни адамдар қай кезде бала жасағысы келсе, сонда барып некелеседі. Мәселені зерттеушілер сондай-ақ "алмаспа неке", "ашық неке" үрдісінің бар екенін көрсетіп жүр, яғни әр жұбай кез келген қатынасты, соның ішінде жыныстық қатынасты да, үшінші адаммен ашық жасай береді. Бірақ жалпы қорытынды мынадай: қоғамда отбасы мен отбасылық қатынастарға жоғары құндылық ретінде қарау сақталған және қоғамның көпшілігі некенің жаңа түрлерін қолдамайды.
Қоғамдық пікірге талдау жасау әлеуметтік – экономикалық, саяси, нақты-тарихи жағдайлар - неке отбасылық қатынастардағы қоғамдық санаға қалай әсер ететінін анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінде қоғам әмірінің барлық салаларында дәстүрлі құндылықтарға қайта баға берілуде. Осыған байланысты әлеуметтік зерттеулерде мынадай негізгі сұрақ қойылды: неке отбасылық қатынастардағы отбасы қызметі неке
сапасы, билік құрылымына байланысты пікірлер қай бағытқа өзгерді? Социологтарды сондай-ақ біздің елімізде болып жатқан оқиғалардың бүтіндей отбасылық идеологияны қандай дәрежеде өзгертетіні қызықтырады.
Лонгитюдті зерттеулер неке – отбасылық қатынастарға айрықша мен берілетінін көрсетіп отыр. Біздің респонденттеріміздің жауабы отбасы мен неке құндылығының халықтың барлық тұрғындары үшін өз маңызын жоймағанын; әйелдер санының арту үрдісін көрсетеді. Әйелдер үшін отбасы - бірінші кезектегі құндылық, әйтсе де біздің қоғамымызда жұмысқа да, отбасына да бірдей қарайтын әйелдер саны көбірек (80 процентке дейін). Отбасын құру, некелесу себептері прагматизмінің өсуіне қарамастан, респонденттердің көп бөлігінің ойынша, бұл "ең жарқын және жоғары сезімдер көзі" және "бүкіл қоғамдық өмірдің негізі".
Отбасының маңызды қызметі репродуктивті және тәрбие беру болып саналады. "Бүгінде қанша бала болған жақсы?" деген сұраққа: сұралғандардың жартысы екеу десе, 41 проценті — біреу, 7 проценті - үшеу, 2 проценті - төрт жөне одан да көп бала болғаны жақсы десе, 0,3 проценті "біреуі де болмағаны жақсы!" деп сеніммен айтады. Басқа бір социологиялық зерттеудің қорытындысы бойынша, отбасындағы баланың тууын жоспарлауға мүмкіндік бермейтін негізгі себептер айқындалды (процентпен көрсетілген):
- материалдық жағдай мүмкіндік бермейді-26,4;
- некеде тұрмаймын-15,6;
- денсаулығым көтермейді-15,4;
- тұрғын үй жоқ - қалғандары.
Отбасы мүшелерінің санының аз болуын қалайтындар тек "бюджеттегілер" (мұғалімдер, дәрігерлер, әскерилер және т.б) ғана емес, кәсіпкерлер мен бизнесмендер де бар.
Неміс ғалымдары қызықты формула шығарды: ананың жасы әкесінің жасының жартысына 7 жас қосқанға тең болуы керек. Зерттеушілердің байқауынша, ата-аналары неғұрлым үлкен және даналау болған сайын, тәрбиелеу факторы соғұрлым салмақты, баланың таланты байқалып, дами алу мүмкіншілігі көп болады. Ф.М.Достоевскийдің "Алдымен – университет, сосын бала ту",- деген сөзінің жаны болса керек.
Балалар үшін отбасындағы психологиялық климат, әсіресе, маңызды. Зерттеушілердің байқауынша, әкесінің не шешесінің болмауы немесе олардың адамгершілікке жат қылығы жеке тұлғаның девианттық (ауытқу) мінез-құлықпен қалыптасуына ықпал ете бермейді. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде отбасы құрамы аса маңызды фактордың бірі десек те, бұл да әсер етпейді, ең маңыздысы - балаға эмоционалдық қарым-қатынас, қоғамның қандай тұлға алатыны оның қабылдауы мен қабылдамауына байланысты. Бала жасында қандай психологиялық қасиеттеріне ықпал еткеніне байланысты ортаның әсері қабылданады. Қолайсыз адамгершілік әсер кезіңцегі психологиялық, эмоционалдық жайсыздық, өмірлік міндеттерді шешуде индивидтің қоғамға қарсы тәсілдерді игеруі қылмысқа ұрындыруы мүмкін. Бала отбасында неғұрлым жайсыз тұрған сайын, соғұрлым қоғамның өзінде мәселелер күрделене түседі. Социологтар өз зерттеулерін жүргізе отырып, қоғамға қылмыс жасауға бейім балалардың саны артып келе жатқанын ескертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет