Әлеуметтану пәні бойынша дәрістер кешені


Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бес негізгі заңы тұжырымдалған



бет3/20
Дата19.12.2023
өлшемі348,5 Kb.
#141102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бес негізгі заңы тұжырымдалған:
1 Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер «А» құбылысы болса, ол әруақытта «Б» құбылысын қажет етеді.
2 Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын анықтайтын заң. Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың өзгеруін талап етеді.
3 Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды, қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс – қимыл, атқаратын қызмет деп те аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы байланыс, қатынасын бейнелейді.
4 Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды бейнелейтін заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты – ол қоғамдық және жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады.
5 Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың болу мүмкіндігін білдіретін ықтималдық заңы.
Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы байланыстарды, қатынастарды біліп – тануда әлеуметтану жалпы теориялық ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді.
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардан ең басты айырмашылығы – оның өзіне ғана тән әлеуметтік – экономикалық, саяси, рухани, құбылыс, процестерді зерттейтін арнаулы әдістерінің болуында.


Дәріс №2 Әлеуметтану теорияларына кіріспе
Мақсаты: Студенттерді әлеуметтану тарихының негізгі бағыттарымен таныстыру. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы мен қалыптасуының басты себептерін түсіндіру. Студенттерді әлеуметтанудың қалыптасуының негізгі кезеңдерімен таныстыру, әлемдік әлеуметтанудың институционализациялануын түсіндіру.
Дәріс жоспары:

  1. Әлеуметтанудың қалыптасуының негізгі кезеңдері.

  2. О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы.

  3. Г.Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы.

  4. Э.Дюркгеймнің әлеуметтануы.

  1. М.Вебердің әлеуметтануы.

  2. Т. Парсонстың әлеуметтануы .

  3. П. Сорокиннің әлеуметтануы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет