Әлеуметтану пәні бойынша дәрістер кешені


Американдық әлеуметтік білім



бет15/20
Дата19.12.2023
өлшемі348,5 Kb.
#141102
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
леуметтану п ні бойынша д рістер кешені

Американдық әлеуметтік білім.
Әлеуметтік білімдегі Д.Дьюидің прагматизмі және инструментализмі. М.Янгтің мериоткратиялық концепциясы. Э.Тондрайктің элитарлық концепциясы. М.Троудың диверсификациялық концепциясы. А. Маслоудың, Э.Гинсбергтің, Дж.Хермның, С.Роджерстың профессионалдық даму концепциясы. Конвитивтік бағыт. Трехардық интеллект теориясы(Р.Стернберг). Көпжақты интеллект теориясы (Г.Гарднер). Оқытудың эксперименталды зерттеу үлгісі (Р.Раков). Әлеуметтік капитал теориясы (Дж.Коулмен).
Жаңа әлеуметтік білімнің орнауы.
В.Н.Шубкин зерттеулеріндегі білімнің әлеуметтік мәселелері. Білімнің әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық мәселелері (А.Г.Здравомыслов, В.А. Ядов, С.Н.Иконникова). Жасөспірімдердің білімі және әлеуметтік орналасуы (М.Х.Титма). ЖОО-ң әлеуметтік мәселелері (Л.Н.Лесохина, В.В.Водзинская, Л.Я.Рубина, В.Т.Лисовский). Білімдегі әлеуметтік болжамдар (И.В.Бестужев-Лада). Ортақ білімдегі дифференциация (Г.А.Чередниченко). Жоғары мектепті зерттеу (А.А.Овсянников). Білім және өмірлік траекториялар (Л.А.Коклягина). әлеуметтік білім мәселелерінің мониторингі (Ф.Э.Шереги). білімдегі меншік болжамдар (В.Давыдов, В.Ильин, М.Кларин ). Халықаралық жобалар (В.Н.Шубкин). Білім жүйесін реформалаудың әлеуметтік мәселелері (Ф.Г.Зиятдинова, А.А.Овсянников).
«Әлеуметтік білім» түсінігінің пайда болуы Э.Дюркгейм есімімен байланысты.
Білім жүйесінің өзіндік қасиеті бар. Ол өндіріс дамуында және өндірістік қатынастарда басы рөл атқаруы тиіс, сонымен қатар қоғамның бүгінгі ғана емес, ертеңгі қажеттіліктеріне жауапты. Көптеген зерттеулер нәтижесінде білім жүйесіндегі сандық және сапалық көрсеткіштерінің қарама – қайшылықтары анықталған:

    • жалпы білім жүйесі мен мамандандырылған білім жүйесі арасында;

    • интелектуалды потенциалдың дамуы мен төмен дәрежелі қалыптарда жүргізілмеуі арасында;

    • қоғамның қажеттіліктері мен жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары арасында.

Бұл мәселелерді шешу барысында білім жүйесін қайта құру концепциясы жасалынған.
Білім функциялары:

    • біліми;

    • әлеуметтік;

    • экономикалық;

    • тарихи-мәдени;

    • кадрлар даярлаушы.

Біліми функциялар:

    • кадрларды даярлауға қажетті біліктілік пен іскерлікті жүйелеу;

    • ұрпақтан ұрпаққа білімді және мәдени тәжірибені жалғастыру;

    • қоғам өмірінің материалды және рухани дамуы;

    • қоғам мүшелерін әлеуметтіндіру.

Білімнің әлеуметтік функциялары:

    • білімнің, мәдениеттің, ғылымның ортақ сапаларын анықтау;

    • тұлғаның жан-жақты, гармониялық, шығармашылық дамуы;

    • білімдегі қажеттіліктерді қанағаттандыру;

    • рухани тәрбиелеу;

    • қазақ тілінің, мәдениетінің дамуын сақтау;

    • ұлттар мен халықтар мәдениетінің және ұлттық тілдердің дамуын сақтау;

Экономикалық функция:

    • кадрларды дайындау және қайта дайындау;

Тарихи мәдени функция:

    • мәдениет құндылықтарын жалғастыру;

    • мәдени және әлеуметтік құндылықтарды анықтау;

Кадрлар даярлаушы функция:
өмірлік және мамандандырылған қызметті құрудағы білім орны; Қазақстандағы білім принциптері:

    • білімнің қол жетімділігі;

    • білім мемлекеттілігі – мемлекет жауапкершілігі;

    • білім сапасының алдағы дамуы;

    • білімнің ғылымилығы;

    • автономдық және акдемиялық бостандық;

    • білім міндеттілігі.

Білім жүйесі қоғам өмірінің рухани және материалдық дамуының механизмдерінің маңызды элементі болып табылады. Білім мазмұны және түрлері, білім мекемелерін жүйелеу - әлеуметтік тапсырыс болып келеді. Ғылыми – техникалық потенциалдың сақталуы, қоғам потенциалының интеллектуалдық қолданылуы, оқытудың сапасын жоғарылату – қазіргі өзекті мәселелер қатарында. Білім – бұл жаңа дәуірдің маңызды дамушы факторы болып табылады.
Отбасы – білім мен тәрбие институтының қайнар көзі. Отбасыдан тыс білім жүйелері қатарына балалар үйі, жетімдер үйі жатады. Жалпы білім толық және негізгі білім болып екіге бөлінеді. Мамандандырылған білім – бастауыш, орта, жоғары болып үшке бөлінеді. Білім түрлері: қосымша білім, мемлекеттік және коммерциялық білім, дифференциялдық білім, өзіндік білім. өзіндік білім технологиясы – тарихи-әлеуметтік аспект болып табылады.
Білім әлеуметтік үрдіс болып табылады. Білім үдерісінде оқыту мен тәрбиелеу интеграциясы жүреді. Оқыту үдерісінің құрылымы – сипаттамасы, мазмұны, әдістері. Қазіргі кезде оқу үрдісінде жаңа технологиялар қолданылуда.
Әлеуметтік мәселелер:

    • глобальды, регионльды, этникалық мәселелер;

    • білім және демографиялық үрдістер;

    • білім және девианттық тәртіп;

    • білім және кәсіпкерлік.

Білімдегі әлеуметтік саясат:

Әлеуметтік білімнің жаңа мәселелері:

    • білімдегі қоғам қызығушылықтарының өзгеруі;

    • жасөспірімдерді әлеуметтендіру үлгілерінің өзгеруі;

    • білім жүйелерінің дамуын алдын ала болжау;

    • ғылыми мониторинг жасау;

    • білім жүйесінің басқа қоғам институттарымен байланысы.

Өкінішке қарай, қоғамның осындай жіңішке жігі қиыншылыққа , апатқа жиі ұшырып отырғанын тарихтан білеміз.1917-ші жылы Қазан революциясынан кейін көп зиялы адамдар, оның ішінде оқымыстылар,инженерлер, әдебиетшілер, т.б өз елін, отанын тастап кетуге мәжбүр болды.Елде қалған көптеген зиялы адамдар Сталиндік репрессияның нақақ құрбандарына айналды. Қазір де зиялы қауымның кейбір өкілдері қиын жағдайларда жүр.
Қазір оқу, білім жүйесі дағдарыста. Бұл дағдарыстың болу себебі, біздегі жүйенің басқа сапалы жүйеге ауысудағы қиындықтарға тікелей байланысты. Ал, жаңа жүйе барлық салалардағы іс-қызметтің жаңа өндіріске, технологияға сәйкес жаңа түрін,әдісін, тәсілін(стилін), тәртібін, оқу-білімін, ғылымын қажет етеді. Ол қоғамның ілгерілеп дамуының қажетті алғышарты және адам өмірінің, әсіресе, оның белсенді жұмысының маңызды түрі болып саналады.
Сондықтан жаңа XXI ғасырда үздіксіз оқу, білім алу басқа өркениетті, дамыған елдердегідей біздің саясатымыздың басты қағидасы болу керек. Бұл туралы біздің өкіметіміздің білім туралы заңында жақсы айтылған.Үздіксіз білім алуды білім мерзімін ұзарту және оқушылар санын ересек адамдардың санымен деп жансақ түсінуге болмайды әрбір мектептің алдындағы міндет – ол әрбір адамды әр түрлі жұмыс пен іс-қызметті өз бетімен істей алуға және өздігінен білім алуға үйрету.
Болашақ білім жүйесінде университеттердің атқаратын қызметі ерекше болады. Қандай да бір университет болмасын ол адамға жан-жақты мәдениет беру құралы болуы керек. Университеттердің мұндай болуына толық мүмкіншіліктері бар.Университет жұмысшы күшін өндірмейді. Оның басты міндеті – адамның адамгершілік қасиеттерін дамытып қалыптастыру.
Оқу білім – қоғамдағы оқшау тұрған сала емес. Ол қоғамдағы әр түрлі құбылыс, процестерді бейнелей алатын сала. Ал, жоғары мамандандырылған, саналы, өз бетімен істелінетін еңбек, іс-қызмет, жұмыс беделінің төмендеуі қоғамға оқу, білім саласының заңды беделін түсіріп, маңызын кемітеді. Әрине, айта берсе, кемшілік, олқылықтар өте көп.
Қорыта айтқанда, оқу, білім ерекше әлеуметтік институт, ол – өз бетімен біршама дербес әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізімен жан-жақты, терең қаруландыруын, әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуалды және рухани мүмкіндігін қалыптастырады,т.б.
Қоғамның оқу, білім құбылыстарын, процестерді жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы – білім әлеуметтануы зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет