Әлеуметтану пәні бойынша дәрістер кешені



бет10/20
Дата19.12.2023
өлшемі348,5 Kb.
#141102
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
леуметтану п ні бойынша д рістер кешені

Кеңейтілген отбасы ұйымшылдығы мәселесі қойылды, өйткені отбасының үлкендерінің (ата-аналарында) өз өмірінің соңына дейін балаларымен немерелерімен қалуға мүмкіншілігі шамалы: 57 проценті "жас отбасы ата-анасымен бірге өмір сүрмеуі керек" десе, 34 проценті тек объективті жағдайларда, яғни ''тұрғын үй жоқ болса" (20 процент), ата-анасының денсаулығына байланысты (14 процент) деп жауап берсе, қалғандары (аз бөлігі) "дәстүрді сақтау үшін", "ата-анаға қартайғанда көмектесу үшін" және "ата-анамен бірге тұру экономикалық жақтан пайдалы" деп жауап берді.
Бұл, ең алдымен, көптеген елдерде ұзақ уақыттан бері келе жатқан және кеңес дәуірінен кейінгі елдер тұрғындар санасына тек голливуд жұлдыздары мен мүхиттың арғы бетіңдегі миллиардерлерде болады деп қабылданған неке келісімшарты институты.Бұл елдерде азаматтардың келісімі сияқты некенің барлық маңызды мәселелері келісіледі, некенің бұзылу салдарларын, тараптардың мүліктік жағдайларын, кәмелетке толмаған балалардың ажырасқан жағдайда қай ата-анасымен тұратынын, ықылассыз жұбайға қандай айыппұл салынатынын түгел көрсету қабылданған.
Неке келісімшарты отбасылық қатынастардың бастамасын анықтайды, бірақ некелесуге міндетті шарт бола алмайды. Заң бойынша неке келісімшарты некелесуді тіркегенге дейін де некелік өмірдің кез келген
кезеңінде де жасалады. ҚР-ның "Неке мен отбасы туралы" (1999 жылдың 1 қаңтарындағы) жаңа заңында неке келісімшарты туралы айтылады. Онда неке келісімшарты дегеніміз некеге түсуші тұлғалардың немесе жұбайлардың келісімі екендігі некедегі не оның бұзылуы кезіндегі жұбайлардың мүліктік құқықтары мен міндеттерін анықтайтыны айтылған.
Неке келісімшартына отыру мүмкіндігі заң жүзінде 1993 жылдың қазан айынан бері белгілі. Бірақ 1996 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша республикада не бары 13 неке келісімшарты жасалып, нотариалдық куәландырылған (некеге отырғандар саны 10 мың есеге артық).
Бақылау сұрақтары:
Отбасының пайда болуы.
Отбасының құрылымы қандай?
Отбасылық жүріс – тұрыстың типтері қандай?
Отбасы белгілерін көрсет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет