Мыстан кемпір қай үйде тұратынын тексеріп көр



бет1/8
Дата14.10.2023
өлшемі9,41 Mb.
#114032
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ


.


Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Математикалық ұғымдар мен іс - әрекет тәсілдерін оқып үйрету және білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
- Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту;
- Ауызша және жазбаша кестелік қосу, азайтуды үйрету;
- Кестелер, тірек сызбалар арқылы жұмыс істеуді меңгерту;
- Шығармашылық тапсырмалар арқылы балалардың логикалық ойын дамыту;


Бағдарламаны оқудағы білім, білік дағдылары
Білу:
- Заттарды санай білу;
- Қайсысы артық немесе кем екенін айта білу;
- Заттар тобын көз мөлшермен санау арқылы және сәйкестендіру арқылы салыстырту;
- Геометриялық фигуралардың атауларын білу;
- Есепті шеше білу;
- Логикалық тапсырмалармен жұмыс жасай алу;
Қолдана алу:
- ауызша және жазбаша есептеуді талдау ;
- өз бетінше есептің қысқаша шартын жазу;
- математикалық терминдерді қолдана алу;
- геометриялық фигураларды ажырату
Күтілетін нәтиже:
- Бағдарламаны оқыту барысында заттарды санауды игеру;
- Қосу, азайтуды, жазуды, оқуды, салыстыра отырып талдау;
- Геометриыялық фигураларды бір – бірінен ажырату;
- Қосу мен азайтудың қасиеттерін дәлелдеу;
- Логикалық есептерді шешудің жолын табу;


Бағдарламаның мазмұны
Қарапайым түсініктер (6 сағат) Математика курсының негізгі обьектісі сан және олармен орындалатын арифметикалық амалдарды оқытып үйретуге арнайы және жүйелі дайындық жұмысы жүргізіледі.
1 – 10 көлеміндегі сандар (2 сағат) Оқытып үйретудің маңызды міндеті – сан және цифр жайында түсінік қалыптастыру, осыған орай сандардың атауларын және олардың сәйкес цифрлармен белгіленетіндігін игерту, цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру. Санның атауын оқушылар естиді және айтады, ал цифрды көреді және жазады. Жаңа санды бұрыннан белгілі сандармен салыстыру, ең кіші бір таңбалы және ең үлкен бір таңбалы санды анықтау;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет